Бала тәрбиесіне байыппен
қарайық

Құрметті ата- аналар! Бүгінгі
ата- аналар жиналысына қош келдіңіздер.
Жиналысымызды бастамас
бұрын барлықтарыңызды «жүрек жылуы» шеңберіне шақырамын.Қазір әр
қайсысымыз өз есіміздің бас әріпінен басталатын сөздер айтып,
атымызды айтайық. Мысалы: Мен нұрлы
Нұргулмін.
(қатысушылар түгелдей аттарын
атап болған соң екі, үш ата – анаға ретімен
айтқызу)

-
Өз есімдеріңізді түрлендіре
естігенде қандай сезімде болдыңыз?
-
Біздің есіміміз өзіміз үшін
дүниедегі ең керемет әуен секілді. Сондықтан бұдан былай бір
–біріміз бен сөйлескенде есімімізді ереклете айтып жағымды атаудан
бастайық.
Күн
тәртібінде
1.Бала тәрбиесіне байыппен
қарайық........
2. Ата-аналар мен қамқор
коммитетін құру
3. Әр түрлі
мәселелер.

1.Бала тәрбиесіне байыппен
қарайық........
Адамның өмірдегі ең
қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала- дербес тұлға. Бала тәрбиесі
өте күрделі үрдіс. Ол ана сүтінен басталып өмір бойы қалыптасатын
құбылыс.Бала дегенде ет жүрегі елжіремейтін адам жоқ шығар. Өйткені
ол ата – ананың ақ тілегі, қуанышы. Бала тәрбиесінде ата- ананың
рөлі өте жоғары.Өйткені бала дүниеге келгеннен бастап ата- ана
ықпалында болады, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр
алады.
Ал отбасы баланың өсіп- өнер
алатын ұясы.
Отбасының негізгі міндеті-
баланы еңбек етуге, жарқын сезімдерімен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу
және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бала тәрбиелеу оңай
жұмыс емес, ол үлкен шеберлікпен шыдамдылықты талап етеді. Бала
ата- анасын, ата- ана баласын танымайынша, сенімді тірек болса
тәрбиеші де соңдай болу керек.Екі жақтағы байланыс нығайғанда ғана
, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. Тәрбие білім өзегі
болғандықтан, тәрбиеші мен отбасы байланысы тығыз болған дұрыс.
Баланы дамыту, ой өрісін жетілдіру үшін тәрбиеші де, ата- ана да
баланың жан дүниесін білу керек, оны жеке тұлға ретінде тануы
қажет.

Бала
тәрбиесі
(бейнеролик)
Ата- анаға
арналған ситуациялық
сұрақтар
1.Сіз жұмыстан шаршап
келдіңіз, балаңыз сізге сұрақтар қойып мазаңызды алды сіздің
әрекетіңіз?
2. Отбасындағы бос уақытты
қалай пайдаланасыздар?
3. Кез-келген ісіңізді тастай
салып, баламен айналыса аласыз ба?
4. Балаңыз басқа баланың
ойыншығын тартып алып бергісі келмеген жағдайда қандай іс-әрекет
жасайсыз?
5.Балаңыз белгісіз себеппен
жылап, жұбанбай жатса қандай амал
жасайсыз?
6. Бала берілген тапсырманы
орындағысы келмегенде жағдайда қандай шара
қолданасыз?
7. Сіз балаңызды таңертеңгі
ұйқыдан қалай оятасыз?
8. Баланың тәтті
қылықтары
Ата- ананың баланы
тәрбиелеудегі іс- әрекеті:
-
өзара және баланың өзінің
жетістіктері үшін қуаныш сезімін тудыру, демеп
отыру
-
баланы түсінуге
тырысу
-
сеніміне қолдау
жасау
-
бәрінің өткінші екендігін
түсіндіру және тыныштандыру
-
жиі мақтап жаман ойлардан
арылту
-
жазаламау
-
өмірін жақсартып, оны жақсы
көру
Ата – ананың баланы
тәрбиелеудегі болмайтын жайттары:
-
ашулануға,
ренжуге
-
үнемі бақылап
қорқытуға
-
жазалауға, қол
көтеруге
-
арына, намысына тиетін
сөздерді айтуға
-
үнемі өзінің жек көретінін
білдіруге
-
ерлі- зайыбы арасындағы
проблеманы баланың көзінше айтуға
-
тәрбиелеу барысында баланы екі
жаққа тартыуға
-
әр баланы ерекше
бөлуге
Қорытынды:
Біз XXI ғасырда бала тәрбиесін
аспаннан алмаймыз, өткен ата- бабаларымыздың қалдырып кеткен салт-
дәстүр, әдет- ғұрып, мақал- мәтелдерімен байланыстырып
тәрбиелеуіміз керек. «Балалар- біздің болашағымыз» дей отырып,
құрметті ата – аналар, балалар тәрбиесіне селқос қарамай, оларды
тек қана киіндіріп, тамақтандырып қоймай, жақсы әрі өзімізді ұятқа
қалдырмайтындай тәрбие берейік.

2. Ата-аналар мен қамқор
коммитетін құру
3. Әр түрлі
мәселелер.
Бала тәрбиесіне байыппен
қарайық...
(ата-аналар
жиналысы)

2018-2019 оқу
жылы