400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата -аналар жиналысы Баяндама : Балаға ата-ананның қамқорлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: “Қылмыс қайдан шығады?”

Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.

Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі жиынға келген адамдарды – бала тәрбиесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі ата-аналар жиналысын
да бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады .

Жалпы тәрбие қалай қалыптасады ? қандай факторлар әсер етеді?

Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналысының тақырыбын тектен-тек «“Қылмыс қайдан шығады? .” Тақырыбында өткізгелі тұрған жоқпыз. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бір і – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек

Баланың ақ адал көңілі қылмыс атаулыдан жырақ болуы тиіс еді ғой, әлде қоғам, ата-ана, мектеп баланың тәрбиесіне жіті мән бермей отыр ма? Бір қарағанда, әр баланың өмірі әртүрлі жағдайда өтеді. Әлеуметтік қиындығы бар отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін, өмірге деген көзқарасын салыстыруға мүлде келмейді. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген сөз бекер айтылмаған болар. Отбасылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді. Бала айналаға қарап өседі. Өзінің құрбы- құрдастарына қарап еліктейді. Біреу бай болып, өзі кедей болса жан дүниесі қалай құлазымасын? Баланың не себеп­ті тура жолдан тайып, қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі? «Ақша», «байлық» дейтін түсініктердің дәуірі жүріп тұрған заманда, жақсы тұрмыс, қалың қалта баланың да ойына кіріп-шықпай ма? Оның үстіне, жұмысбасты болып кеткен ата-ананың да баласының өмірін қадағалайтын мүмкіндіктері жоқ. Балалардың ермегі болатын дұрыс нәрселер азайып кетті. Бала бүгінде ермекті өзі тауып алатын болды. Көшеге шығады, өзі сияқты бос жүргендермен жолығысады. Ақшасы болса, ойын залдарына барып уақыт өткізеді. Ақшалары болмаса, бірігіп не істейтіндерін ойластыра бастайды. Дос-жарандар бір жерге шақырады. Олардан қалмауға тырысып, сол қатарда абыройлы, беделді болуы үшін не істемейді?! Топтың айтқанымен, солардың меңзеуімен жүріп-тұруына тура келеді. Көше заңы басқа заңдарға, түсінік-пайымдарға қарағанда қаталдау ма дерсің… Ол әлсіздерді кешірмейді. Барлығын бір ортақ ұғымға, түсініктер­ге ұйыстырады. «Баланы көше тәр­биелейді» деген сөзді жиі естиміз. Бұл дұрыс. Өйткені бүгінгі бала, шын мәнінде, өз өмірімен жеке қалып отыр. Түске дейін мектепте болса, түстен кейін өз еркі – өзінде. Үйінде қарайтын біреу болса жақсы, болмаса, ол жағы да қиындау. Балалық кезеңде адам баласы қашанда бір нәрсені көргісі келіп, бір нәрсені білгісі келіп тұрмаушы ма еді?! Мұндай шақ кез келген бала үшін сын сағатына айналады. Аяғын шалыс басса, қылмыс жасап қойып, заң алдында жауап беруі де ғажап емес. Жастайынан қылмыскер атанып, темір тордың ар жағында отырғандар аз ба? Олардың тағдыры мен өмірі не себепті солай болды? Ойланатын мәселе. Солардың арасында айналаға қатыгездік көзбен қарайтындары да жоқ емес. Қылмысын жасады, жазасын алды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың туындау себебін қоғамдық жағдайлардан, әлеуметтік себеп-салдардан, тәрбиелік жұмыстардың әлсіздігінен көруге болатын шығар. Дегенмен бұл бағытта көп жұмыстар атқарылады. Тәрбие беріледі, қылмыстың алдын алу шаралары, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Оның бәрі қылмыстың аз болуына ықпал жасайтыны рас. Бірақ қылмыстың болуын түбегейлі жойып жібере алмайды. Неге? Өйткені жасы кәмелетке толмаған баланың өмірге деген көзқарасы қалыптаспаған. Ол әлі ненің жақсы, ненің жаман екенін де ажыратып үлгермеген. Турасын айтқанда, олардың кейбіреуіне айтылған ақыл бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді. Себебі ол сондай кезеңді басынан өткеруде. Сол сияқты баланың өмірі қоғамның назарынан тыс қалған уақытта, баланың басына не кіріп-шықпайды? Ғаламтор бола ма, әлде басқа да нәрселер бола ма, баланың табиғатына көп әсерін тигізуде. Кәмелетке толмағандардың өмірі мектеп өмірімен тығыз байланыста. Мектеп – әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бүгінде мектептерде не болмай жатыр? Оқушылар арасындағы төбелес те, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы дүрдараздық та мектептегі жағдайлардан хабар береді. Оқушылардың бірін-бірі пышақтап кетуі, тапа-талтүсте оқ жаудыруы – ойлантарлық мәселе. «Олардың қолына суық қару қалай түсіп жүр, мұны бақылауда ұстауы тиіс органдар қайда» деген сауалдар туындайды. Қазіргі таңда мектептерге бір-бір инспектордан бөлініп жатады. Құптарлық жайт. Бірақ та инспектордың назарынан тыс қаншама дүниелер жасалуы мүмкін. Бір инспектор бір мектепке жете ме? Мың сан оқушыны ол күндіз-түні жұмыс істесе де, бақылауында ұстай алмасы анық. Әйтеуір инспектордың мектеп өміріне атсалысып жүргенінің өзі біраз қылмыстың болдырмауына сеп болары ақиқат. Баланың тағдыры, баланың психологиясы бір қалыпты емес. Ол азғыруға көп ұшырайды. Бір өзі шешім қабылдап қылмысқа барған баланы аз жолықтырасың. Олар қылмысқа көбінде топ болып барады екен. Кім топтан бөлінгісі келер дейсің?! Бірен-сараны болмаса, балалардың біраз бөлігі үшін өз араларындағы абырой беделі бәрінен жоғары болмақ. Сол жолда ол неге болса да баруға да­йын тұруы мүмкін. Қылмыстың шеті осы жерден басталады. Бұл күнде көп кездесетін қылмыстардың ішінде мүліктік қылмыс, қарақшылық тәрізді қылмыстар аталады. Күнделікті көріп жүргеніміз – оқушылардың қолындағы ұялы телефондардың әртүрлі болып келетіндігі. Жағдайы жақсы бай баласы қымбат ұялы телефон ұстайды. Ал материалдық жағдайы одан төмен отбасының баласы ұялы телефонның арзанын ұстайды. Осындай теңсіздіктер қылмыстық себептерді туындатады.
Кейбір деректерге назар ау­дар­сақ, Қазақстанда жасалатын қыл­мыстардың 57 пайызын 14-29 жас аралығындағы­лар жасайды екен.. Қылмыстың басым көпшілігі ұрлық жасау, қарақшылық шабуыл, мүліктік қылмыспен байланысты. Қылмысқа баратын жасөспірімдер – отбасының жағдайы нашар, тәрбие көрмеген, жүгенсіз кеткен балалар, – дейді.
Айтылған деректерге қарағанда, бала тағдырына жауапты ата-ана салғырттығы да балалар қылмысына себеп болып отырғандығын аңғаруға болады. Егер әр балаға өзінің ата-ана­сы та­рапынан тиісті дәрежеде көңіл бө­лін­се, балалар тарапынан орын алатын қылмыстық істердің алдын алуға болар еді. Балаға көбіне-көп отбасындағы келеңсіз жағдайлар өз әсерін тигізбей қоймайды. Маскүнемдікке салынып кеткен әке-шешенің баласы қандай өмірге тап болады? Елестетудің өзі қиын. Әрбір ата-ана өз баласының өмірі, тағдыры үшін жауапты. Осы жағынан алғанда, кемшін тұстар жетерлік. Бала қараусыз қалса, оны қылмысқа итермелейтін себептер де аяқ астынан табыла кетпей ме? Бала қылмысқа қалай барды? Қылмысқа барудағы ниеті қандай? Әлдебіреулердің ықпалына түсіп қалған жоқ па? Біреудің айтқанымен барды ма, әлде өзі шешім қабылдады ма? Баланың отбасылық жағдайы қандай? Қылмыстың 93 пайызы – меншікке қарсы қылмыстар, яғни бөтен мүлікті ұрлау, тонау, қарақшылық жасау. Қоғам не жасау керек? Мемлекет қандай шара қолдануы қажет? Иә, қылмыс әлемі жасарып келеді. Үлкендер жасайтын қылмысты кіші де жасай беретін болды. Бала кезден осындайға қылықтарға үйір болған адам, өскеннен кейін түзеліп кетеріне кім кепіл болады?! Есейгенде қылмысқа баруын қояды деп кім айта алады? Істі болып, сотталған баланың ертеңгі тағдыры да қай жағынан алып қарасақ та, өзіне жеңіл болмасы анық. Түрмеден босап шыққанда, күні ертең оның бетіне басып айтатындар да табылады. Әр баланың психикасы әртүрлі. Оған біреу шыдайды, біреу шыдамайды. Әлеуметтік ахуалы, ішкі жан дүниесі дағдарысқа ұшырап, өз-өзіне қол жұмсауы да мүмкін. Қарап тұрсаңыз, сан мың тағдыр, есепсіз көп мәселелер. Қазіргі кезде жас жеткіншектің әлі қалыптасып үлгермеген психикасына зорлық-зомбылық көрініске толы фильмдер, түрлі ақпараттар әсер етіп отырғанын мамандар айтып жүр.
Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруын қалай тежейміз? Көше түсініктері, жастардың арасындағы қылмыстың тыйылмай отырғаны – бірігіп ойласатын жағдай. Бәлкім, біз тәрбиені уыстан шығарып алған шығармыз? Мүмкін балаларға қатысты тәрбие технологияларын өзгерту керек шығар? Қылмысқа барудың себеп-салдары тиісті дәрежеде сараланбай отырған болар? Бала қылмысқа барды. «Неге барды, не түрткі болды» деген мәселеге мән берілмей отыр. Мектеп, ата-ана, қоғамдық институттар осы мәселемен мықтап айналысуы керек. Әлеуметтік қиындықтар, баланың басына түсетін психологиялық дағдарыстар, түрлі себептер баланы қылмыс жасауға итермелейді. Әрбір баланы оған әсер ететін топтың ықпалынан қалай құтқарамыз? Кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізудің оңтайлы шаралары ойлас­тырылып, мемлекеттік деңгейден көңіл бөлінуі тиіс. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі отбасына байланысты.  Сондықтан да бүгінгі жиналысымызды А.Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата-аналармен біріге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

Еліміздің әр баласы – мемлекетіміздің болашағы. Олардың тәрбиесіне, өміріне мән беріп, немен айналысатындығына, кімдермен байланыс­та екендігіне, бос уақытын қалай өткізетіндігіне назар аударуы керек. Балалардың өміріне қатысты барлық жағдай елеусіз қалмауы керек. Өйткені баланың өмірі мен тағдыры бәрінен қымбат. Оның қалыптасуына, өмірде дұрыс адам болып өсуіне қоғам болып, мемлекет болып көмектесуіміз қажет. Осыдан келіп барлық жұмыстарға мазмұндық һәм сапалық өзгерістер ауа­дай қажет. Ең бастысы, кез келген баланы қылмыс әлемінен алшақтатудың, соның құрығынан құтқарудың жолдарын табуымыз керек.











В.В. Маяковскии атындағы орта мектеп.





Ата-аналар жиналысы

Баяндама:

«Қылмыс қайдан шығады?»















Тарих пәні мұғалімі:

Нілдібаева Ж.К.













В.В. Маяковскии атындағы орта мектеп.





Ата-аналар жиналысы

Баяндама:

« Отбасылық қарым -қатынас»















Тарих пәні мұғалімі:

Нілдібаева Ж.К.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
2308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі