Материалдар / Ата -аналар жиналысы: ««Отбасы тәрбиенің ұясы»

Ата -аналар жиналысы: ««Отбасы тәрбиенің ұясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен жүргізілген жұмысы жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
4773
22 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі:

Уақыты:

Қатыспағандар

Қатысқандар

Мұғалімі: Ержан Т

Ата –аналар жиналысының тақырыбы: «Отбасы тәрбиенің ұясы»

Жиналыстың мақсаты:

  • Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктерін білу арқылы бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін білу.

Күтілетін нәтижесі:

  • Ата - ананың өз баласын тәрбиелеудегі қарым - қатынасы туралы түсініктерін біледі. өз отбасындағы тәрбиесі өнегесі, баласының басты ұстазы екенін біледі.

Көрнекілігі: слайд, сергіту сәті, анкеталар, бейнеролик қанатты сөздер(«Отбасы –тәрбиенің басты ұясы», «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман болса бала –солардан»,

Әдіс-тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ-жауап,

Күн тәртібі:

1.«Отбасы тәрбиенің ұясы» атты коучинг

2. I-тоқсанның қорытындысы, әртүрлі мәселелер. (оқу үлгерімі жайлы, оқу қарқыны жайлы,күнделік тазалығы, қол қоюы, сабаққа кешігіп келмеуі, себепсіз сабақтан қалмауы. Кружоктарға міндетті түрде қалмай қатысуы. Мектеп бойынша сыныптың рейтингісі, мектеп формасы,МАБ (мемлекеттік аралық бақылау), әкімшілік бақылау қорытындысы.Қауіпсіздік ережелер.қысқы температуарлық режім,ұялы телефон.

3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Барысы.

Кезеңдері

Мұғалімнің іс -әрекеті

Ата- ананың іс әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:




Ынтымақтастық атмосферасын құру



Топқа бөлу.





Сәлеметсіздерме құрметті ата- аналар мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Біздің кезекті жиналысымызға қош келдіңіздер! Сіздерге денсаулық, отбастарыңызға табыс тілеймін.

Барысы:

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрып үлкен шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Құрметті ата-аналар мен сіздерге көкеністер беремін, сол көкеністерден қандай салатты жақсы жасайсыз соның атын атайсыз. Мысалы: Мен сәбіз қосылған қырыққабат салатын ұнатамын, десем кімнің қолында сәбіз бен қырыққабат бар сол аналар орындарын ауыстырады, ортадағы тұрған ойын жүргізуші де, өзіне орын таба қояды.

Жақсы рахмет енді орнымызға жайғаспас бұрын өздеріңізге ұнаған түстерді таңдап орындарыңызға отыруларыңызға болады. Енді осы парақшалармен ұшақ жасап, әр қанатына тілектер жазып бір бірлеріңізге ұшырасыздар.

Түрлі түсті ұшақтар бойынша топқа бөлінеді.

Алдымен таңдаған ұшақтар бойынша мінездемелерін оқиын:

Көк ұшақ тобы – өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді. Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді.

Сары ұшақ тобы – адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл. Ол басқалармен қарым-қатынас жасап, сөйлесе жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма берсе, ол басқа біреумен ақылдасады.



Амандасады







Шеңберге тұрып тренинг жасайды.












Топқа бөлініп, мінездемелерін тыңдайды.








Тілектерін қолдарындағы жасаған ұшаққа жазып бір біріне ұсынады.

Кіріспе сөз:

Баяндама: Ардақты ата-аналар! Қай елде , қай кезде болмасын , бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушыда – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады) Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.

  Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен.

 Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәулігіне 8 сағат мектепте, 16 сағат өз отбасында тәрбие алады. Менің ойымша отбасы – бұл махаббат үйі , ал бала – бақыт. Сондықтан ата-ана сіздің махаббатыңыз  балаңыздың өмірге деген құштарлығына жол ашады.слайдта


Тыңдайды.

.

 

 

 

Видеоролик

Оқушылардың мектеп өміріндегі көріністері.


Топтық жұмыс Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету.

Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

I-топ Балаңыз сабақты 4 пен 5-ке оқиды. Бір күні сабақтан «үштік»баға   алған бала мен ата ананың  диалогі

II-топ Балаңыз біртүрлі көңіл күйде мектептен келді. Түскі асқа да зауқы жоқ, алаңдаулы. Сіз әдеттегідей сумкасын ашып күнделігін қарамақ болдыңыз,




Қорытынды:


Үздік оқыған оқушылардың ата аналарын марапаттау.

I-тоқсан бойынша оқушылардың мониторингі.





Рефлексия







А шық күн, (ұнады) Бұлттан шыққанкүн,(жартылай ұнады) Бұлтты күн( ұнамады)


Стикерлерін жазып кері байланыс жасайды. .





























«Свободный орта мектебі «КММ













(Ата -аналар жиналысы)





Өткізген: Т .Ержан

















2017оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ