Адамның
бақыты
-Балада
«Қазіргі
заман
талабына
сай,
жан-жақты
жетілген,
бойында
ұлттық
сана
мен
ұлттық
психология
қалыптасқан,
имандылық
әдебі
парасаты
бар
ұрпақ
тәрбиелеу,өсіру,білім
беру
бүгінгі
таңда
отбасының,
бала-бақшаның,
барша
елдің
халықтың
міндеті»
Н.Ә.Назарбаев
Бала-әр
жанұяның
бақыты.
Кез
келген
адам
өзі
өмір
бойы
қуып
жете
алмайтын
бақыт
деген
құдыретті
сөздің
өлшемі,өмірінің
жалғасы
ұрпағымен
келетініне
мән
бермеуі
де
мүмкін.Адамға
нағыз
бақытты-тәрбиелі
ұрпағы
ғана
сыйлай
алады.
Олай
болса,
адам
өмірінің
мәні
– өз
ұрпағы.
Сәби
дүниеге
шыр
етіп
келген
сәттен
бастап,ата-ана
үшін
қиын
да
қызықты,
бірақ
жауапкершілікті
талап
ететін,
үлкен
қоғамдық
міндет
тұрады.Ол-бала
тәрбиесі.Әрине,
ең
алдымен,бала
тәрбиесінде
алғашқы
ұстаз
– ата-ана.
Жанұяда
тәрбие
балаға
сөзбен,
теориямен
дамымайды,үлкендердің
үлгісімен,
өнегесімен
сіңеді.
Адамгершілік,
мейірімділік,
әдептілік,
инабаттылық,
жанашырлық
сияқты
қасиеттер-ұрпақ
тәрбиесінде
ең
маңызды
рөл
атқарады.
Бала
тәрбиесі
– ана
сүтінен
басталып,білім
беру
мекемелерінің
кәсіби
тұрғыдағы
жан-жақты
тәрбиесі
және
мектепке
дейінгі
мекеме
тәрбиешілерінің
еңбегі
арқылы
өмір
бойы
қалыптасып
отыратын
күрделі
құбылыс.Отбасында
басталған
тәрбиенің
жалғасы
мектепке
дейінгі
мекеме
тәрбиесіндегі
білім
мен
тәрбие
негізінде
ұштастырылады.
Сондықтан,
баланың
бұл
жердегі
ұстазы
тәлім-тәрбие
ісінен
жалықпайтын,шығармашылығы
мол,
еңбекшіл,парасатты
азамат
болуы
керек.
Өйткені
баланы
өзіне
тарта
алатындай,
сәби
көңілінен
шыға
алатындай
тәлімгерлігі
бар
адам
ғана
ұстаз-тәрбиеші
деген
атаққа
ие
бола
алады.
«Тәрбие
басы
– тал
бесік»
демекші,
мектепке
дейінгі
тәрбие
– ұлтымыздың
ұлттық
сана
– сезімінен
нәр
алып,
адами
құнды
қасиеттерімен
қалыптасып
келе
жатқан
заңдылық.
Балаңды
өз
тәрбиеңмен
тәрбиелеме,
өз
ұлтыңның
тәрбиесімен
тәрбиеле.Дана
халқымыздың
атадан
балаға
жалғасып
келе
жатқан
ұлттық
тәрбиесі
өзге
ұлттардан
ерекшеленіп
тұрады.
«Балаңа
басқұр
қалдырғанша,тозбас
дәстүр
қалдыр»
дегендей,болашақ
ұрпақ
қамын
терең
ойлап,дұрыс
бағыт
берген
жөн.ҚР
Ата
Заңында
балаға
қамқорлық
жасау
мен
оларды
тәрбиелеу
жөнінде
ұрпақ
тәрбиесіндегі
ата-ана
мен
тәрбиеші
– ұстаздардың
міндеттері
жайлы
жазылған.Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың
халыққа
Жолдауында
«Кішкентай
бүлдіршіндердің
дамуына
ықпал
ететін
үздіксіз
білім
берудің
алғашқы
сатысы
ретіндегі
мектепке
дейінгі
білім
беруге
баса
назар
аударған
жөн.
Және
бұл
сатыны
олардың
шығармашылық
және
интеллектуалдық
қабілеттерін
дамытуға
арналған
тиімді
бағдарламалар
мен
қамтамасыз
ету
қажет.
Әрбір
бала
білім
алуға,
еңбекке
және
қоршаған
ортаға
бейімі,
қарым-қатынасы
нақ
осы
кезеңде
қаланатынын
естен
шығармауымыз
керек»
деп
айтылған.
Бала
- ұлттың
болашағы.
Бала
тәрбиесінде
ата-ана,балабақша,тәрбиеші
болып,
үш
одақ
бірігіп,
белсене
атсалысуы
қажет.Себебі
ынтымақ
бар
жерде
тәрбие
болады,
береке,бірлік
те
табылады.Бірігіп
берілген
тәрбие
рухани
байлықпен
қалыптасады.
«Адамның
адамшылығы
– ақыл
,ғылым,жақсы
ата,
жақсы
ана,
жақсы
құрбы,
жақсы
ұстаздан
болады»
деген
Абай
атамыз,ендеше
ұрпақ
тәрбиесінде
аянбай
еңбек
етіп,білгеніңді
үйретіп,жауапкершілік
таныту
арқылы
біз
өнегелі,
білімді,
саналы
ұл-қыздарымызды
тәрбиелейміз.
Бұл
қиында
қызықты
еңбектің
жемісі
– келешектің
қайнар
көзі
болып
табылары
сөзсіз.
Ендеше,
бала
тәрбиесінде
барымызды
аяп
қалмауымыз
керек
құрметті
ұстаздар,
ата
– аналар.