«№42 Н.Балғымбаев атындағы
жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің 2«И» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен
жиналысының
№1
Хаттамасы
Өткізілген күні:
19.09.2024ж
Қатысқандар:19
Қатыспағандар:6
Күн
тәртібінде:
Қаралған
мәселелер:
1.2024-2025 оқу жылындағы
ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарымен таныстыру,мектеп
ережесі мен санитарлық талаптардың
сақталуы;
2. Оқушылардың ішкі тәртіп
ережесі ,мектеп формасы-басты талап туралы (мектеп формасы
классикалық үлгіде);
3. Оқушылардың оқулықтары мен
оқу құралдарымен қамтылуы.
4. Жолда жүру ережесі,
оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы
«Құндылықтар аралы»тренинг
өткізу
Тыңдалды:
Сынып жетекшісі- Зүльфия
Аманбайқызы
Бірінші мәселе бойынша 2024-
2025 оқу жылында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар туралы,
мұғалім ,ата-ана ,оқушы арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ
санитарлық ережелер мен ішкі талаптар туралы түсінік беріп өтті. Ең
бастысы ата-ана баланың сабаққа уақытында қатысып ,білім алуына
жағдай жасап, қамқор болу керектігі жайлы айтып
өтті.
Екінші мәселе бойынша: сынып
жетекшісі- З.А.Жұмаш ұл және қыз балалар формасына тоқталды.Ұл
балалар шалбар, ақ жейде. Қыз балалар:қою көк пиджак, жилет юбка,
ақ блузка мен ақ бантта келулері туралы түсіндірілді.Мектептің ішкі
ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Үшінші мәселе бойынша:
оқушылардың барлығы 2- сынып кітаптарымен қамтамасыз етілгендігі
туралы айтты. Барлық кітаптардың жағдайы орташа
деңгейде.Оқушылардың осы оқулықтарды таза ұқыпты ұстауы және
ата-аналардың оқулықтардың дұрыс ұсталуын қадағалау керектігін
айтып өтті.
Төртінші мәселе бойынша: Жол
жүру ережесі , оқушылардың өмір, жол қауіпсіздігі туралы айтып
өтті. Оқушылар жол жүру ережелерін сақтай отырып,өмір қауіпсіздігін
үйренеді.Ол туралы әр апта сайын сынып сағаттарда, дүниетану,
көркем еңбек сабақтарында кең түрде түсінік берілетінін және әр
ата-ана күнделікті өз отбасында осы ережелерді еске салып,
тұруларын сұрады.
Сөйлеушілер:
Ата-ана-Сапанова Гульшат сөз
алды.
- Бала тәрбиесі ата-ана үшін
басты міндет.Барлығына түсіністікпен қарап баланың білім алуына
жағдай жасау ата-ананың басты міндеті деп ойлаймын. Жаңа оқу жылы
құтты болсын. Балалардың қадамдарына сәттілік тілеймін. Біз ата
-ана тарапынан баламыздың мектепке келуін, сабаққа дайындықтарын
қадағалап отырамыз.
Ата-ана -Аубакирова Молдир сөз
алды:
-Жаңа оқу жылында балалардың
қадамдарына сәттілік тілеймін. Биыл да 2-сыныпты жақсы аяқтауларына
тілекшімін. Баланы сабақтан қалдырмау керек, мектеп ережесіндегі
қойылған талаптарды қолдаймын, мектеп формасын сақтап мұғаліммен,
бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста болайық деген пікірімді
білдіремін.
Жиналыс соңында «Құндылықтар
аралы»тақырыбында қызықты тренинг
өткізілді.
Шешім:
1.Бірінші мәселе бойынша сынып
жетекшісінің хабары назарға алынып,әр оқушы мен ата-ана
жауапкершілігі арттырылсын.
2.Оқушының сабаққа толық
қатысуымен сабақ барысындағы тәртібі назарға алынып,жауапкершілік
ата-анаға жүктелсін.
3Оқушылардың жолда жүру
ережесін білуі, мектептегі қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды
үнемі айтып ескертіп отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға
жүктелсін;
4. Сынып ата-аналар
комитетінің тізімі жасақталынып, жоспарлы жұмыстарға,сабақтан тыс
ұйымдастырылған тәрбиелік шараларға тарту жұмыстары қолға алынсын.
Жауапты:сынып жетекші З.А. Жұмаш.
Ата-аналар жиынының
төрайымы: Рысбаева Флара
Хатшысы: Шарипбаева
Назым