Материалдар / Ата -аналар жиналысының хаттамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата -аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Хаттама № 2 Соркөл орта мектебінде 20 жылдың қазанда мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті Қатысуға тиіс. Қатысқаны – Күн тәртібінде: 1.Оқушылардың І тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу. 2. «Балаға рухани адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі» тренинг Қауіпсіздік ережелері 3.Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау Тыңдалды: 1 мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Г.Қожекенова І оқу тоқсанындағы оқушылардың көрсеткен білім сапасының көрсеткіштері туралы ата-аналаға ақпарат беріліп өтті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2024
524
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ата - аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама № 1
Қ.Байболов атындағы жалпы білім беретін мектебі мемлекеттік мекемесінде ата – аналар арасында жиналыс болып өтті.
Күні:01.09.2023 ж


Жалпы оқушы саны – 14
Қатысқаны – ата – ана 10
Күн тәртібінде:
1. Оқушылардың ІІ тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
2. Балалардың жетістіктері туралы ата - аналарға хабарлау.
3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.
4. Мектеп психологы баяндамасы
5. Әр түрлі сұрақтар
Тыңдалды:
1 сұрақ бойынша сөз сөйледі. Оқушылардың 2 - тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата - аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері оқушылар туралы айтты.


2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты. «Ақ Бота» олимпиадасына қатысқаны туралы, 1 КВН ойынында келесі турға жолдама алғаны туралы айтылды. Қазақ тілі және әдебиет, математика, физика, информатика пәндері апталығында белсенді қатысқан оқушылар туралы айтылды.


3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.


4 сұрақ бойынша мектеп психологы суицид туралы баяндама оқыды.
Жиналыс қаулы етеді:
1. ІІІ тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.
2. Қауіпсіздік ережелерін ата - аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.

Ата - аналар комитетінің төрайымы:
Хатшы:














































Хаттама № 2

Соркөл орта мектебінде 20 жылдың қазанда мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті

Қатысуға тиіс.

Қатысқаны –

Күн тәртібінде:

1.Оқушылардың І тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.

2. «Балаға рухани адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі» тренинг

Қауіпсіздік ережелері

3.Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау

Тыңдалды:

       1 мәселе бойынша  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Г.Қожекенова І оқу тоқсанындағы оқушылардың көрсеткен білім сапасының көрсеткіштері туралы ата-аналаға ақпарат беріліп өтті.

2 мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А.Теміржанова «Балаға рухани адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі» тренинг өткізу арқылы ата-аналға түрлі сұрақтар беріп ой бөлісті.

3 мәселе бойынша мектеп директоры С.Қойайдаров ата-аналар комитетінің құрамымен таныстырып,ата-аналар комитеттінің төрайымын тағайындады.

Сөйлеушілер:

Байқуатова Г.(ата-ана): Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлназдың хабарламасы бойынша,өткен оқу тоқсанында жеткен жетістіктері аз емес екен.Менің Алтынгүл қызым оқиды.Сабақ үлгерімі жақсы.Сыныптан тыс шараларға белсене қатысуына жағдай жасаймын.Үнемі сынып жетекшісімен байланыста боламын.Оқушыларымыз бен мұғалімдеріміздің жеткен жетістіктері көп болсын деймін.

Қойлыбаева А. (ата-ана) Гүлназдың хабарламасы бойынша балаларымыздың білім сапасы жақсы екен.Алдағы уақыттада үйден ата-аналар,мектептен мұғалімдер бәріміз бірігіп жұмыс жасасақ сапамыз бұданда жақсы болар еді.Мектепте балдарым оқиды.Мектепте өтіп жатқан шараларға белсене қатысады.Сынып жетекшілермен үнемі байланысып отырамын.

Жиналыс қаулы етеді:

1. 2 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша баяндамасы есепке алынсын.

2.Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.

3.Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жасау.

4.ата-аналар комитетінің төмендегідей болып тағайындалсын.

Абдрахманова Лариса-төрайымы

Түгелова Жанна-мүшесі

Байқуатова Гүлзия-мүшесі

Сиялина Бақтыгүл-мүшесі




Мектеп директоры:

Хатшы:  


                           






































Хаттама №



Қатысуға тиіс.

Қатысқаны –

Күн тәртібінде:

1.Құқық бұзушылықтың алдын алу

2. Қауіпсіздік ережелері

3.Баланың қауіпсіздігін сақтау біздің міндетіміз

Тыңдалды:

       1,2,3 мәселе бойынша  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы айтып өтті.     «Бала құқықтары  туралы»  Қ.Р-ның Заңының  16 бабында  балалар  14 жастан бастап , ата-аналарының  рұқсатымен оқудан  бос кезінде  денсаулығына және осіп жетілуіне  оңтайлы,  баланың дене бітіміне, имандылығы  мен психикалық  жай күйіне  зиян келтірмейтін  қоғамдық пайдалы  еңбекке қатысуға, сондай ақ мамандық алуға  құқығы бар деп белгіленген.  Аталған баптың 4- ші тармақшасында  баланы ауыр қара жұмысқа , зиянды және  еңбек жағдай қауіпті  жұмыстарға қабылдауға  немесе тартуға тыйым салынады.  Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс.  Ауыр жұмыстарға енбек жағдайлары зиянды   (ерекше зиянды) және  өте қауіпті жұмыстарға  18 жасқа толмаған азамттардың  еңбегін пайдалануға болмайтын  өндірістер мен жұмыстар істеуге болмайды.Родниковка трассасында жол апатына ұшырауына байланысты видео көрсетіліп пікір алмасты.

Сөйлеушілер:

Қайырзаманова С.(ата-ана): Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары хабарламасы бойынша,өткен қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде толық мағұлмат алдық.Үнемі сынып жетекшісімен байланыс жасай отырып балаларымның қауіпсіздігін сақтаймыз.

Байманова А. (ата-ана) хабарламасы бойынша балаларымыздың қауіпсіздігі маңызды іс.Әр ата-ана балдарының қай уақытта,қай жерде жүрген білуі керек.Сынып жетекшілерімен тығыз байланыс жасай отырып,балдарымызды бос уақытында мектептегі сыныптан тыс шараларға қатысуына жағдай жасап отырамын.

Жиналыс қаулы етеді:

  1. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.

  2. Оқушылардың тәртібіне және қауіпсіздігіне сақтау мақсатында ата-аналармен тығыс байланыс жасап отыру.


Мектеп директоры:

Хатшы:  









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!