400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата- аналар жиналысының тақырыбы: “Балаға жүрек жылуы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата- аналар жиналысының тақырыбы: “Балаға жүрек жылуы” Мақсаты: «Мейірімділік», «Қайырымдылық», «Жақсылық» адамгершілік құндылықтары туралы ой бөлісу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ата- аналар жиналысының тақырыбы: “Балаға жүрек жылуы”

Доненбаева Алма Ергалиевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мекемесі

Ақмола облысы Бурабай ауданы

donenbaeva76@mail.ru

donenbaevaalma@gmail.com

020000

8778933750

Мақсаты: «Мейірімділік», «Қайырымдылық», «Жақсылық» адамгершілік құндылықтары туралы ой бөлісу.
Көрнекі құралдар: слайд


Сабақтың барысы:
Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік

Мен саған, сен маған

Жақсылық біздер тілейік!


- Бүгін біз Сіздермен «Жүрек жылуы» жайлы әңгіме қозғаймыз.

-Жүрек жылуы дегенді қалай түсінесіздер?

(Ата-аналармен ой бөлісу)
-Енді мына бейнежазбаға назар аударайық Ф. Оңғарсынова «Жетімнің монологы» https://youtu.be/MU0cOQEZG9I

-Жетім бала адамдардың қандай адамгершілік қасиетіне зәру екен?

-Басқаларға жақсылық жасаған кездеріңіз болды ма?

-«Мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады» - демекші, өзімізді ғана ойламай, күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды болу керекпіз. Сенің шашқан шуағың адамдардың жанын жылытсын!

-Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не кедергі жасайды?

/Қатігездік,өзімшілдік,ашу-ыза, көре алмаушылық,шыдамсыздық, мақтаншақтық,сараңдық/

-Өзімшілдік, көре алмаушылық дегенді қалай түсінесіздер?

-Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не ықпал етеді?

/ Адалдық,қайырымдылық,мейірімділік,қамқорлық,жақсылық жасау,сүйіспеншілік/

-Қайырымдылық деген не?

Қайырымдылықты жанашырлық деп түсінуге болады. Яғни көмекке мұқтаж адамдарға көмек беру, жақсылық жасау. Рақымды, мейірімді адам-қайырымды адам. Қайырымды болуға талпыну керек.

«Жалғасын тап» ойыны . Мақал- мәтелдің жалғасын табады

  • Жақсылықтың ерте ... жоқ /кеші/

  • Жақсылық қылсаң, ... қыл /бүтін/

  • Жақсылық еккен ... орады /алғыс/

  • Жақсылық - жан ... /азығы/

-Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Он төртінші» қара сөзіне назар аударайық.

- Сонымен, рақымдылық, мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.

«Жақсы болу өзіңнен» (мұғалім оқиды)

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен!

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла!

Мұғалім: «Табиғаттағы барлық жылу – күннен, Өмірдегі барлық жылу — адамнан» - демекші өмірдегі барлық жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық адамдарға байланысты екен. Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену, жақсылық жасау, жақсылыққа бөлену бәрі өз қолымызда екенін ұмытпайық!

Қорытындылау

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

«Кім және не мейірімді?» Ата-аналармен шаттық шеңберін құру

• Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
• Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
• Менің жылы жүрегіме рахмет!
• Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
• Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
• Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
• Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
• Менің жан - жануарларды жақсы көретін жүрегіме рахмет!
• Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!
• Мен әрқашан қайырымды боламын!
• Мейірімділігім менің - асыл қасиетім!
• Менің жүрегім әрқашан мейірімге толы!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
3 қазан
1055
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі