Материалдар / Ата -аналарға арналған кеңес
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата -аналарға арналған кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Баланың сабағын жеңілдететін жағдай жасауға тырысыңыз, тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын; эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
1252
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәтті күн болсын, құрметті ата - аналар!

 

Кеңестер Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"

 1.Баланың сабағын жеңілдететін  жағдай жасауға тырысыңыз,    тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты  режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын; эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз; мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.
    2.
Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.
     3.Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып,
білімдеріңізбен бөлісіңіз.
    4.Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін
есте ұстаңыз. Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін  қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз,
   5.Баланың
бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.
      6.Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай,
жақсы көретініңізді сездіріңіз.
   7.Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының,
сабақ кестесімен танысыңыз.

 

Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?

(Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)

•          Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.

•          Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.

•          Бала  тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына  сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

•          Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

•          Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 

•          Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны  барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

•          Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің  маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.

•          Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

•          Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.

•          Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.

•          Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.































Ата-аналарға арналған ұсыныстар мен кеңестер

МЕКТЕП - БАЛА ҮШІН ЖАҢА ӨМІР

Қазіргі білім беру үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі -баланың мектепте оқуға дайындығы болып табылады.

Баланы мектепке дайындау маңызды, мектеп өміріне бейімделуден өтпеу мүмкін емес, бірақ оны едәуір немесе жартылай болсын  жеңілдету- орындауға болатын міндет.

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

•         Дене,

•         Адамгершілік,

•         Психологиялық,

•         Ақыл-ой.

ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

СанПин 2.42.1178-02 келісілген  санитарлық-эпидемиологиялық «Білім беру мекемесінде оқу шарттарының  гигиеналық талаптары» ережесіне сай бірінші сыныпқа балалар өмірінің жеті немесе сегіз жасынан ата-анасының шешімімен, баланың мектепте оқуға дайындығы жөніндегі психолого-медико-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

Мектепке қабылдаудың міндетті талабы- 1 қыркүйекке дейін баланың жасының 6,5 жастан кем болмауы  болып  табылады. 6,5 жасқа толмаған баланы оқыту мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүзеге асырылады.

АДАМГЕРШІЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ:

1)    мұғалімдермен қатынасын құра білу;

2)     сыныптастарымен тіл табыса білу;

3)     сыпайылық, ұстамдылық, тіл алушылық;

4)     өзін-өзі бағалауы

5)     өз іс-әрекетін, мінез-құлқын дұрыс ұстау және оқу тапсырмасын қабылдай білу, мұқият, үлкендердің сөзін бөлмей тыңдау.

6)    басқаның көзқарасын қабылдау,  өз-өзіне басқа қырынан қарау, сыныптастарын тыңдай білу, басқалардың сәтсіздіктерін адекватты түрде бақылау;

7)     ата-аналар тарапынан берілген көмек бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде болу керек.

Өз балаңыздың жетістіктерін басқа балаларға  қарап салыстырмаңыз. Баланы «баға» үшін оқытуға болмайды. Одан да тіпті кішкене жетістігі болса да, үнемі мақтап отыру керек.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ:

1)    Бұл баланың оқудың маңыздылығын, қажеттілігін нақты түсінуі; Жаңа білім алуға қызығушылық танытуы;

2)    Бұл мұғалімді тыңдай білуі және оның берген тапсырмаларын  орындай білуі;

3)    Үлкендермен, сыныптастарымен тіл табыса білуі (үлкендердің беделін сезінеді, қарым-қатынасқа жеңіл түседі,  кез келген  қиындықтан шыға білуге тырысады);

4)     бұл ойлаудың,зейіннің, естің дамуының  анықталған деңгейі.

МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ  ДАМУЫ:

•         Қолдың ұсақ қимыл-қозғалысының дамуы (қол жақсы дамыған, бала қарындашты , қайшыны сенімді ұстайды);

•         Кеңістіктегі  қозғалысты сезіну ( жоғары-төменді, алға-артқа, оңға-солды дұрыс анықтау);

•         Көз бен қолдың жүйесінің координациясы -  (бала көзбен алдындағы (мысалы,кітаптағы); графикалық бейнені, фигураларды, өрнектерді дәптерге дұрыс түсіру.

МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ:

•         Логикалық ойлауының дамуы (әртүрлі нәрселерді салыстыруда арасындағы айырмашылықты, ұқсастықтарды табу, белгілеріне қарап жалпылай алу);

•         Ырықты зейінінің дамуы (орындап отырған тапсырамаға 15-20 минут зейінін тұрақтандыру);

•         Ырықты есте сақтауының дамуы (есте сақтай білу:  есте сақталған материалды нақты символмен, сөзбен, немесе ситуациямен, суреттермен байланыстыру).

АҚЫЛ-ОЙ ДАЙЫНДЫҒЫ

•         Ең маңызды көрсеткіш — бұл сөйлеу мен ойлаудың дамуы.

•         Балаға «сондықтан да», «егер де», «себебі»  деген сөздерді пайдаланып, талдаулар, қорытындылар жасауға үйрету өте пайдалы.

•         Сұрақты дұрыс қоя білуге, жауабын тыңдай білуге үйретіңіз. Бұл өте пайдалы. Ойлау әрқашанда сұрақ қоюдан басталады. Ойлан деп жай айтқаннан баланың ойы іске аспайды.

•         Сөйлеу – оқу үрдісінің негізі болып табылады.   Ең маңыздысы монологиялық сөйлеудің дамуы. Бала үшін бұл әңгімелеп беру. Оқып болған соң балаға сұрақтар қойып талдатыңыз.

•         Негізгі назарды кеңістікті бағдарлай алуға аудару керек. Бала сөзінде ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, пайдалана ала ма: жоғары, төмен, артқа, төмен, жоғары, аралық, алдында., артында, алдынан,  от…, сзади артынан, жанында , алысырақ т.б.

БАЛА ОҚУЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕМЕС, АЛҒАН БІЛІМІНІҢ САПАСЫ МАҢЫЗДЫ

•         Жай оқып шығу ғана  емес, сөйлеуді қоса дамыту керек. Жазу жазғанда қол қимылдарының дамуына назар аудару керек.

•          Баланың толыққанды дамуы үшін ересектермен дамыту ойындарын ойнау, кітап оқуды тыңдату, сурет салғызу т.б пайдалы

ОҚУҒА ДАЙЫН ЕМЕС : СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ «ПОРТРЕТІ»

•         ШЕКТЕН ТЫС ОЙЫНШЫЛДЫҚ;

•         ӨЗ БЕТІНШЕ ҚИМЫЛДАМАУ;

•         ҮЛКЕНДЕРГЕ БАҒЫНБАУ , ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК;

•         СЫНЫПТАСТАРЫМЕН СӨЙЛЕСЕ АЛМАУ;

•         ҮЛКЕНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ;

•         ТАПСЫРМАЛАРҒА ЗЕЙІНДІ ШОҒЫРЛАНДЫРА АЛМАУ;

•         АЙНАЛАСЫ ТУРАЛЫ АЗ БІЛУ,ЖАЛПЫЛАЙ АЛМАУ, ЖІКТЕЙ АЛМАУ, АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРДЫ ТАБА АЛМАУ;

•         ҚОЛ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛСІЗ ДАМУЫ;

•         ЫРЫҚТЫ ЕСТЕ САҚТАУЫНЫҢ ДАМЫМАУЫ;

•         СӨЗДІК ҚОРДЫҢ АЗ БОЛУЫ.

 

ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ:

Сіздің сүйіспеншілігіңіз бен шыдамдылығыңыз баланың оқуда алға ілгерілеуінің кепілі.

Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі

 

Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі»
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ - жауап, сауалнама, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Танысу» жаттығуы.
2. Топқа бөлу.
3. Ой жинақтау.
4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
5. Ситуациялық сұрақтар.
6. Тест «Бала тәрбиесі».
7. «Ашық айтсам..» анкетасы.
8. Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата - ана ролі» атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!
1. Танысу жаттығуы.
Ата - аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
2. Топқа бөлу.
Ата - аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
3. Ой жинақтау.
Екі топқа тақырып беріледі. Ата – аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
1 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
2 топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата - ана арасында қандай байланыс болуы керек?
4. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
9. Балаңыздың ең жақын досы кім?
Ата - аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

5. Ситуациялық сұрақтар.
Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңыз қандайда бір теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?
6. Сауалнама: "Сіз қандай ата - анасыз?"

1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым - қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез - құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекілігі еркелік екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл
2. Кейде ғана келісемін – 2 балл
3. Келіспеймін - 1 балл
Сауалнаманы бағалау өлшемдері:
0 - 16. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16 - 30. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30 - 39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
7. «Ашығын айтсам».
Ата - аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.
Менің тренинг барысында түйгенім ----------
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады -------------
Жүргізушіге ұсыныс ---------
Маған ең пайдалы, құнды болған ----------
Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім, егер ----------------
Маған ұнамағаны --------------
Ең жақсы ұнағаны --------------
Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді -------------------
Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?--------------
Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам -------------
Тренингті қорытындылау --------------------------
Қолы ------------------------------------
8. Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!