15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата -аналарға арналған тренинг
С.Датұлы атындағы жалпы орта
мектептің педагог психологы Чуренова Молдир
Сауытбаевна
ТАҚЫРЫБЫ: Бала тәрбиесіндегі ата-ана.
АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ-САБАҚ
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:
-
«Танысу» жаттығуы;
-
Ситуациялық сұрақтар;
-
“Сен менің жадымдасың әркез” кім көп біледі? Ойын
-
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру жаттығуы.
-
«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;
-
Қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
-
«Танысу» жаттығуы:
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.
2.Ситуациялық сұрақтар:
Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
-
Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
-
Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
-
Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
-
Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
-
Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
-
Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
-
Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
-
Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
-
Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
-
Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?
-
Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?
3. “Сен менің жадымдасың әркез” кім көп біледі? ойын
Мақсаты: ата-ананың бала
жайында қаншалықты көп біледі,соны анықтау.
1.Балаңыздың туған күні?
2.Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киімді киеді?
4.Балаңыздың парталас көршісі кім?
5.Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9.Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
10.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға
түседі?
12.Балаңыздың сүйікті ісі?
13.Кімнің баласы математиканы жақсы көреді?
14.Көп ұйықтағанды кімнің баласы жақсы көреді?
15.Кім бірде –бір сұраққа жауап берген жоқ?
4. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру жаттығуы.
1.Газет беттеріндегі мақалдардан,теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап жүресіздер ме?
«Иә» десеңіздер –қолдарыңызды шапалақтаңыздар.
«Жоқ» десеңіздер –аяқтарыңызды тарсылдатасыздар.
2.Соңғы кездегі мектеп бағдарламалары өте қиын.
«Иә» десеңіздер оң қолды көтересіздер.
«Жоқ»десеңіздер сол қолды көтересіздер.
3.Егер ата мен ананың пікірі бір арнаға тоғыспай жатса, ананың пікірін жоғары қою керек, себебі, үйдегі негізгі тәрбиешілер – аналар.
«Иә»десеңіздер бир рет шапалақтаймыз
«Жоқ»десеңіздер екі рет шапалақтаймыз.
4.Дастархандағы астың ең дәмдісін балаларға беру керек
«Иә» десеңіздер оң қолды көтересіздер.
«Жоқ»десеңіздер сол қолды көтересіздер
5.Жанұяны негізі кім басқарады?
Әке десе сақал сипаймыз
Ана десеңіздер жайлық байлаймыз.
6.Балалардың сабақ оқуына әкесі қарайды.
«Иә» десеңіздер оң қолды көтересіздер.
«Жоқ»десеңіздер сол қолды көтересіздер
7.Бала сабақты нашар оқыса оған мектеп кінәлі.
«Иә» десеңіздер оң қолды көтересіздер.
«Жоқ»десеңіздер сол қолды көтересіздер
5.«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
-
Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
-
Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
-
Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
-
Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
Қорытынды:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.
-
Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
-
Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.
-
Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру
1.Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2.Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
3.Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5.Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
6.Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
7.Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
8.Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
9.Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
10.Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?
11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген