Ата- аналарға арналған тренинг сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата- аналарға арналған тренинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен жүргізілетін педаго - психологтың жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы













«Жүрек жылуымен өзіңді таны»

(ата-аналарға арналған тренинг)















Б. Момышұлы ауылы 2025

«Жүрек жылуымен өзіңді таны"ата-аналарға арналған тренинг)

 Тақырыбы: "Жүрек жылуымен өзіңді таны" (ата-аналарға арналған тренинг) 

  Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. 
 Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, 
 өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. 
 ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі 
 жайлы түсіндіру. 

 Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін және өзінің жан дүниесін түсінуге шақыру

 Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. 

Бала қанша білім алып, Біздің мекемеге келгенімен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, жадырап жайнап жүре беріңіздер демекпіз!  Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік. 

  1. «Танысу» жаттығуы

 Енді келесі кезекте сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын

Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Ортадағы өзіңізге ұнаған түрлі түсті жүрек таңдап алыңыз.

Қызыл түс  - қол алып амандасады, 

Сары түс  -дауыс арқылы, 

Көк түс -мимика арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.

Атымызды айтайық және баламыздың атын айтып есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен айтып, сол есімнің бірінші әрпінен басталатын жақсы тілек айтуларыңыз керек.

Әр тілектен соң  3 рет қол соғып қошеметтеп отырамыз.

Тренингімізді бастамас бұрын баяндамамызды оқып берсек.

Баяндама: Ата-ана махаббаты      

         Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде  ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында  мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

 Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  - баланың ата-анасын     ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

 Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

 Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

 Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық  білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

 Сондықтан да мекеме өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.

«Шеңбер бойынша фраза»

 «Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр». Енді, оң жағындағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз.

 Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларыңды сұраймын, ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз».

Ал келесі тапсырмамыз алдымыздағы сұраққа шынайы жауап беріңіз.

2. «Бірақ» жаттығу

1. Мен шаршадым бірақ...

2. Мен әдемі емеспін бірақ...

3. Мен ұстамсызбын бірақ...

4. Мен жалқаумын бірақ

5. Мен ашушанмын бірақ

6. Мен сөзге жоқпын бірақ

7. Мен ренжігішпін бірақ...

8. Мен көнгішпін бірақ...

9. Менің үйімдегі ахуал ойымдағыдай емес бірақ....

10. Менің қырсығып қаламын бірақ...

11. Мен тым көп ұрысамын бірақ...

Осы сұрақ арқылы сіз бүгін өзіңізді сәлде болса таныдыңыз. Қошемет көрсетіп қояйық

3. Ойын «Шарды тосып ал»

Маған қарап жасаймыз.

Жүрек шарды лақтырғанда әр түрлі қимылдар жасау арқылы тосып алу.

4. «Менің өмірлік жолым»- жаттығуы ой-толғау

Біз қазір өзімізбен жұмыс жасап жатырмыз. Ішкі ұмытылып кеткен сұрақ –жауаптарымызды еске түсіреміз. Сұраққа шынайы жауап береміз.

Сізді не мазалап жүр?

Маған не көмектеседі?

Маған не кедергі келтіреді -5 минут беріледі.

Жауаптарды талқылау.

5. Релаксация : (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің бүршігі» 

Өзіңізге ыңғайлы отырыңыз, денелеріңізді босаңсытыңыз, терең дем алып, еркін шығарыңыз..

Көздеріңізді жұмып, ойша денелеріңізді бастан аяққа дейін қарап, аяққа, қолға жылу сезіндіріңіз.

Терең демалыңыздар. Өзіңізді кішкентай гүлдің бүршігі деп ойлаңыз. Бүршік жаңа пайда болған, ол әлі кішкентай. Бүршікке күннің көзі түсті, күн жылуын беріп, оған өсуге көмектесіп жатыр. Гүл бүршігінің жапырақтары жайылып, күнге қарап, жылынып, әліде жапырақтарын кең етіп ашуда. Өте әдемі гүл, күнге қарай тартылуда. (Қолдармызды күнге қарай созамыз, терең дем аламыз.) жайлап ішімізден үшке дейін санап көзімізді ашамыз. Керіліп қолдарымызды сілкейміз. Енді гүлімізге ат қойып,алдарыңыздағы ақ параққа көрген гулдеріңізді салып, қиып, Гүлдің ішіне балаларыңызға, жалпы отбасыңызға деген сүйіспеншіліктеріңізді жазып, оқып беріп «Тілек ағашы» -на жапыстырыңыздар.

6 . «Балама қандай жылулық беремін?» 
 Күннің суреті салып оны бояңыз, енді осы күн сізсіз, сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек. 

7. «Түстер сөйлейді» тест

Ата-аналарға өзіне ұнайтын түсті таңдайды. Сол арқылы оның бойында бар қасиеттер оқылады.

8. «Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
 Тренингке қатысушы аналар....
 «Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді. 

 

Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,
 Алдына алған еркесі,
 Көңіліне көп жұбаныш.
 Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді.. Егер ата - ана мен мекеме өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. 
 Ананың кезі бар ма кекті болған, 
 Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. 
 Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек: 
 «Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ... 
 Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер





















Баяндама: Ұсақ бұлшық еттеріің дамуы мен қимыл қозғалысының дамуының денсаулыққа пайдасы.


 
Адамның денсаулығы, денесінің дамуы мен ойлау қызметі оның дұрыс демалуына тікелей байланысты.Мысалы, сол және оң мұрын қуыстарымен арнайы тыныс алу жаттығулары мидың жұмыс істеуін жақсартады. Шыныққан тыныс алу бұлшық еттері адамның қаншылықты жұмысқа шыдамдылығын анықтайды, ағзаның суық тию аурулары және басқа ауруларға қарсы тұру қабілетін жақсартады. Дұрыс тыныс алу үшін тыныс алу бұлшық еттерін басқара білу қажет және әрдайым оны дамытып отыру керек.
 
Бірақ, мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс алу бұлшық еттері әлсіз, сондықтан оларға арнайы тыныс алу жаттығулары жасалған. Нүктелі уқалау өз ағзаңа көмектесудің ең қарапайым түрі. Нүктелі уқалау жаттығулары балаларды өз денсаулығына қамқор болуға үйретеді және суық тиіп аурудың алдын алады.

  1. Екі алақанды қосып, оларды қызғанша ысу.
    2.
    Сілтеуіш саусақтармен мұрын қуысы жанындағы нүктелерді басу.
    3.
    Сол жақ мұрын қуысымен ішке дем аламыз (оң жақ мұрын қуысын сілтеуіш саусақпен жауып тұрамыз), оң жақ мұрын қуысымен демді сыртқа шығармыз (сол жақ мұрын қуысын жауып тұрамыз).
     4.
    Мұрын қуыстарымен ішке дем аламыз, ақырын ауыз арқылы сыртқа дем шығарамыз.

Баланың тілі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады.

  Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуына жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады.

  Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз.

  Балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты, баланың жасына сай болу керек, баланың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды.Мектепке дейінгі мекемеде, жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор. Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс.

  Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге қарай ойысады. Егер оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары,  массаждар. Саусақ гимнастикасын күн сайын  3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауға қиналса, онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да тартымды болуы шарт, баланы мезі қылмауы керек.

  Баланың ақыл-ойын, танымдығын саусақтар арқылы дамытуға болатындығын біздің ата-бабаларымыз білген. Қазақтың фольклорында, салт-дәстүрінде бекер саусақ ойындарға көп көңіл бөлінбеген. Кең таралған «Қуыр-қуыр-қуырмаш» - деген санау өлеңі.

Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой қабілеттігін, қиял, ес процестерін де дамытуға болады. Оларды тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтармен бірге жүргізген жағдайда баланың қызығушылығы, сөйлеу процестері дамиды.

  Саусақ ойындарын ойнатарда алдымен балаларға үй жануарлар қандай көмектесетіндігі, олар қай жерде тұратындығы туралы айтып беру керек. Содан кейін, үй жануарларды қол арқылы көрсетуге болады.

  Кез келген тапсырманы оның қызығушылығын тудыратын ойын түрінде ұсынған дұрыс, және туындайтын жағымды эмоционалдық жағдай жұмыс жасау қабілетінің жақсаруына, психикалық тонусының жоғарулауына әсерін тигізеді. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған әрбір сабақты қолдың білезігі мен саусақтарына өзіндік массаж жасаудың бөлшектерінен бастау керек.

Массаж пассивті гимнастиканың түрі болып табылады. Оның ықпалымен тері рецепторлары мен бұлшық еттерінде бас ми қыртысна жететін импульстер пайда болады.

Өзіндік массаж қолдың білезіктерін босату, сипалаумен басталып, аяқталады:

-қол білезігінің сыртқы жағына өзіндік массаж.

-алақанға өзіндік массаж.

-қол саусақтарына өзіндік массаж.

Бір сабақта 5-6 жаттығу орындалуы қажет. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойыша жаттығулардың барлық кешенің шартты түрде үш құрылымға бөлуге болады:

1.     Саусақтарға гимнастика. Саусақтарға арналған ойындар бұл саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сахналау. Жаттығулар әртүрлі деңгейде жүргізілуі мүмкін: еліктеуі, сөздік нұсқауы бойынша.

2.     Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы қолдың білезіктері мен саусақтарына арналған жаттығулар ұсынылады:

-         Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру.

-         Қағазға түйме, жіп,замок әртүрлі ұзындықта жапсыру жұмысы.

-         Тиындарды іріктеу.

-         Жарманы жинау.

-         Сірінкемен жұмыс.

-         Қағазбен жұмыс.

-         Бау байлау.

-         Жуан жіппен түйіншек жасау.

-         Құммен, сумен ойнау.

-         Саусағына жұқа сымды орау (жүзік немесе орам жасалады)

-         Бұрандалы шегені, гайканы бұрау.

-         Конструктор, кубиктер ойнау.

-         Ауада сурет салу.

-         Қолөнері.

Саусақтармен ойнау ата-аналарға балаларын қуантуға, сонымен қатар, сөйлеуі мен ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді. Осындай ойынның нәтижесінде бала әртүрлі сенсорлық әсерлер алады. Мұндай ойындар балалармен, ересектермен мейірімді өзара қарым-қатынасты қалыптастырады.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.00.2025
57
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі