Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi. Сәлемдесу.
Тыныштық
сәтi. – Бүгінгі күн қандай тамаша! Олай
болса, бір – бірімізге жақсы тілек
тілейікші.
Топқа
біріктіру (шарлар арқылы)
1топ.
Татулық
2топ.
Мейірімділік
3топ.
Риясыздық
«Жанұя
ойыны» сергіту жаттығуы
1.
Балаңыздың туған күні?
2.
Сынып
жетекшісінің толық аты- жөні?
3.
Балаңыздың парталас көршісі кім?
4.
Балаңыз қандай өлшемлі аяқ киім киеді?
5
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6.
Балаңыз кеше қандай баға алды?
7.
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8.
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы
көреді?
9.
Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы
барды?
10.
Балаңызды еркелетіп қандай сөздер
айтасыз?
11.
Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен
ауызыңызға қандай сөз түседі?
12.Балаңыздың
ең жақын досы кім?
Ата-аналар
ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез
жауап береді.
Тыныштық
сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып
отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге
қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге
қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта
тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің
түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын және таза әсем гүл сіздің әр
ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз
бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің
бойыңызға ақырын тарай бастағанын
елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе
түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға
түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға
бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек
жақсы, ізгі істер істейді және баршаға
көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.
Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар
сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы
жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат
құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің
аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз
тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер
ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға
бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы
сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр
көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты
ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей
нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі,
сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте
қарқын және шұғылана бастайды, сіздің
денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле
шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды
уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген
адамдарға да бағыттаңыз, олардың да
жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл
әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,
өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне
нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен
нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және
Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!...Енді
осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.
Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
Жоспар:
Бала
тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен
жауапкершіліктері
Бала
тәрбиесіндегі ананың рөлі
Бала
тәрбиесіндегі әкенің рөлі
Тәрбиедегі
ынтымақтастық
Жақсы
отбасының қасиеттері
Кіріспе
сөз:
Отбасы
– ұлттың, мемлекеттің, әлемнің,
адамзаттың негізі. Сондықтан оны
нығайту керек.
Отбасында
тыныштық болса – үйде тыныштық болады;
Үйде
тыныштық болса – мемлекетте тыныштық
болады.
Мемлекетте
тыныштық болса – әлемде тыныштық
болады.
Бала
тәрбиесіндегі ананың рөлі.
Жұмақ
- ананың аяғының астында.
Құраннан
Ана-от
анасы. Оның қорғаушысы.
Ұлт
болашағы ананың алақанында.
Оноре
де Бальзак
Өмірдегі
барлық тамаша заттар күннің нұрынан
, ананың ақ сүтінен нәр алады.
М.Горький
Отбасындағы
әкенің рөлі. Әке
отбасында ең басты орынды иеленеді.
Еркек пен әйел ата-ана болғанда олар
бір-бірін үйлесімділікпен толықтырып,
бала тәрбиелейді. Ата-аналарға бала
тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс
мінез-құлқын қалыптастыру болып
табылады.
Үлгілі,
жақсы ата-аналар:
Ажырата
білуге үйретуі тиіс;
Сүйе
білетін балаларды өсіруі тиіс;
Балаларын
әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып
алуға үйретуі тиіс;
Өздері
жақсы үлгі бола білуі тиіс.
Үлгілі,
жақсы отбасының қасиеттері:
Барлығы
сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын
жақсы көретін болады;
Әр
қайсысы өз парызын, борышын дұрыс
орпындайды;
Қуанышты,
жан тыныштығына өмір сүреді;
Отбасында
бір-бірімне жақсы қарым-қатынаста
болады;
Адамгершілік
қағидаларымен өмір сүреді.
3.
Дәйексөз:
«Отбасы
– адамның жақсылық жасауға үйренетін
ең бірінші әлеуметтік ортасы»
(В.А.Сухомлинский)
4.
Шығармашылық
жұмыс:
«Татулық»
тобы: «Бақытты
отбасы» картинасын дайындау;
«Мейірімділік»
тобы: «Мейірім
шуағы» картинасын дайындау;
«Риясыздық»
тобы: «Біз
бақыттымыз» картинасын дайындау;
5.
Топпен ән айту
«Жақсы
адамдар»
Әні
мен сөзі: Ж.Оспанұлы
Сендер
аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы
адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның
астында жатады әлі
Пенделіктен
өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы
адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы
адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы
көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп
кетсін көре алмас бәтшағарлар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас
бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас
бәтшағарлар
Жақсы адамдар.
Сендер
жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп
кетсін көре алмас бәтшағарлар
Сендер
аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап
өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа
жандар.
Жақсы
адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа
жандар.
Жақсы
адамдар.
|