Материалдар / Ата – аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата – аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата – аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы сынып жетекшілер қалай жұмыс жүргізу керектігі айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2019
1257
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата – аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата – аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанда дейінгі оның алғашқы ұстазы ата – анасы. Мектеп пен отбасыының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептің оқу – тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын , ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата – аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.1 – кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнымен әдістемесін таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен,мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, кезекті мәселелерді бірігіп талқылайды.2 – кезең: Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру . Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады. -Тәрбиенің жекелеген мәселері бойынша ата – аналарға арналған мектептік , сыныптық конференциялар ұйымдастыру ;- қызығушылық негізінде ата – аналар лекторийлері (дарынды балалар, қиын балалар , үйірмеге қатысатын балалар.)- сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты (заң , жеке, топтық жұмыстар) оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойыншаАта - аналар сауалнамаларына тоқталу. Ата – аналардан түрлі сұраққа жауап алдым.
  • Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?
  • Мұғалімнің және ата – ананың тарапынан қандай көмек керек?
  • Ата – аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсына сыз?
3- сұраққа байланысты «Бәрін білгім келеді» тақырыбына қазір ізденіс үстіндемін.Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата – аналар әртүрлі сауалнамаларды алып қорытамын, әрі келер жылғы ата – аналар жиналысын жоспарлаймын.Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білемін және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырасамын. Суретке психологиялық талдау. 4 сынып оқушыларын бақылап зерттеу мақсатында ата – аналар мен балаларға жанұясы туралы сурет салу тапсырылады. Әр баланың отбасындағы орны мен ахуалы жайлы суретке қарап анықтаймын.Мысалы: Бердіқалық Ержанның жанұясы барлығы көңілді , бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста өмір сүреді. Өздеріне сенімді, әкесін бірінші орынға салғаны , әкесінің жанұяда ролі жоғары. Әркім өз орнын біледі.Бердіқалық Ержанның жанұясын биіктен көргісі келеді. Ойлау қабілеті өте жақсы , өздеріне сенімді. Өзімен інісін жоғары деңгейге қояды. Үйінде сәл жылулық жетіспейді. Омаровтың үйінде бір – бірімен әңгімелесу , араласу өте аз.Бала солай болса деп армандап салған. Жанұяда әркім өзімен – өзі өмір сүреді. Абылаймен ешкім ашық жарқын әңгімелеспейді.
  • Психологиялық , педагогикалық, медициналық , заң туралы кеңестер
Заң:Ата – аналарға құқықтық білім беру негізінде өткізілген жиналысқа ат – аналар үш топқа бөлінді.Осы топқа мынадай үлгіде тапсырмалар берілді.А) Қазақстан Республикасының құқығы жайлы балалардың құқығы қалай қорғалған?Ә) Өз балаңыздың құқығы бұзылған кезі болды ма? Сіздің әрекетіңіз,т.бБ) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай? Сіз қалай орындап жүрсіз? Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөлісті, пікір алмасты. Пікірталас соңында заңгер ата-аналардың және сынып жетекшісінің қорытынды сөзі айтылады. -Принциптер - Ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру, оқырмандар конференциясын өткізу.3-кезең: Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту Формалары:-Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, жөндеу жұмыстарын, сенбіліктер, турнирлер )-Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (сыныптағы іс-шараларға қатысу және ата-аналар арасында әр түрлі жарыстар ұйымдастыру)- Әртүрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу.- Отбасылық ойын байқаулары- Оқырман конференциясы ( ата-аналар жиналысының хаттамасына тоқталу) - Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу. Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек. Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай ұйымдастыратыныма тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада:өлең, эссе, суретін салу,әңгіме жазу, т.б осылай танысу ата-аналарды жақындастыра отырып ұйымшылдығын арттыруға көп көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын әңгімелейді.Бұл әрекет ата-аналардың бір-бірінің қуанышына ортақтасуға, жақындастыруға және ынтымақтастығын арттыруға арналады. Сынып жетекшісі отбасы салыстырмалы түрде тәрбиенің тыйым институты, ал ата-аналардың тәрбиелік қүш-қуаты мен мүмкіндігінің әртүрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсәби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!