☕ Психологиялық кофе-брейк
тренингі
Тақырыбы: «Адалдық пен сенім арқылы
тәрбие»
Ұйымдастырушы: Қосымша білім беру мекемесінің
педагог-психологы
Қатысушылар: ата-аналар
Өткізу форматы: кофе-брейк (жылы сұхбат,
тренинг, ойын түрінде)
?
Мақсаты:
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі
адалдық пен сенімнің
маңызын түсінуіне ықпал ету,
ата-ана мен бала арасындағы сенімді, жылы қарым-қатынасты
қалыптастыру,
эмоцияны басқару және жағымды қарым-қатынас орнату тәсілдерін
үйрету.
?
Міндеттері:
-
Ата-аналарға адалдық пен сенім ұғымдарының
психологиялық мәнін түсіндіру.
-
Балаға сенім білдіру мен эмоцияны басқарудың
тиімді жолдарын көрсету.
-
Топтық ойындар арқылы ата-аналардың өзара
тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
-
Психологиялық жағымды атмосфера
қалыптастыру.
?
Өткізу барысы
1. Амандасу және сергіту
сәті – “Куб” ойыны
Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін
көтеру, еркін орта қалыптастыру.
Өткізілуі:
Кабинетке кірген ата-аналарға психолог куб лақтырады. Кубтың әр
қырында әртүрлі эмоция мен
қимыл бейнеленген.
Қатысушы кубта түскен эмоцияны және қимылды көрсетеді, өзгелер
қайталайды.
Нәтиже: позитивті көңіл күй, ашық
қарым-қатынас орнайды.
2. “Мен және менің жақсы
қасиетім” ойыны
Мақсаты: өзін-өзі бағалау мен жағымды
қасиеттерді тану.
Өткізілуі:
Әр қатысушы өз есімін атап, соның алғашқы әрпінен басталатын жақсы
қасиетін айтады.
Мысалы: “Мен – Гүлжанмын,
гиперактивті адаммын”
Нәтиже: өзін құрметтеу, жылы атмосфера
қалыптасады.
3. Тақырыпқа кіру және қанатты сөз
талқылау
Психолог дәйексөз ұсынады:
«Адалдық – адамдықтың айнасы, сенім – отбасының
тірегі». Қатысушыларға сұрақтар:
4. Түсіндірме бөлім – “Адалдық пен сенім
арқылы тәрбие”
Психолог қысқаша түсіндіреді:
Адалдық пен сенім – тәрбиенің екі қанаты.
Бала ата-анасының шынайылығын сезсе, өзіне де, өзгеге де сеніммен
қарай бастайды.
Тәрбиедегі басты қағида – “айта отырып емес, үлгі бола отырып
үйрету.”
5. Топтық жұмыс – “Постермен
жұмыс”
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді:
1️⃣ Топ 1: «Жақсы ата-ана қандай болуы керек?»
2️⃣ Топ 2: «Балаға сенім білдіру жолдары»
3️⃣ Топ 3: «Отбасындағы жылы атмосфераны қалай құруға
болады?»
«Балаға сенім білдіру
жолдары» түсіндірмесі
Сенім
білдіру — бұл баланы бақылаусыз
қалдыру емес,
оған жауапкершілік пен еркіндік
беріп, өзіне сенуді үйрету деген сөз.
Бала ата-ананың сенімін сезінгенде, өз ісіне жауапкершілікпен қарай
бастайды, өзін маңызды тұлға ретінде
қабылдайды.
☘️
Балаға сенім білдірудің
негізгі жолдары:
-
Тыңдау және
түсіну.
Баланың айтқан әр сөзіне мән беру — сенімнің алғашқы
қадамы.
Мысалы: “Сенің пікірің мен үшін
маңызды”, “Сен не ойлайсың?” деп сұрау.
-
Мінсіздік
күтпеу.
Баланың қателесуіне мүмкіндік беріңіз. Қате – даму
құралы.
“Мен саған сенемін, келесі
жолы жақсырақ істейсің” деген сөз — күшті
мотивация.
-
Жауапкершілік
жүктеу.
Балаға өз бетімен шешім қабылдайтын ұсақ тапсырмалар беру (мысалы,
киім таңдау, үй шаруасына көмектесу).
Бұл оның өзіне сенімін
арттырады.
-
Уәдеде тұру.
Егер ата-ана уәдесін орындайтын болса, бала да ата-анаға сенуді
үйренеді.
Сенім – тұрақтылық пен сөзге берік болудан
қалыптасады.
-
Мақтау мен
қолдау.
Бала жақсы іс істегенде оны міндетті түрде атап өту
керек.
“Сен бұл істі жақсы орындадың”, “Мен сенің
адалдығыңды бағалаймын” —
осындай сөздер сенімнің көпірін орнатады.
-
Сырлас болу.
Кешке шай үстінде немесе серуен кезінде баламен ашық сөйлесу –
сенімге жол ашады.
Ол сіздің жанында өзін қауіпсіз сезінеді.
?
Қысқаша түйін:
Балаға сенім білдіру – оны бақылаудан босату
емес,
өзіне сенетін тұлға ретінде көру.
Сенім – отбасыдағы ең жылы, ең берік көпір.
Әр топ тақырыпты талқылап,
постер түрінде
қорғайды.
Мақсаты: ата-аналардың тәжірибе алмасуы және өз көзқарасын
ортаға салу.
6. Эмоциямен жұмыс – “Ашулы шарлар”
ойыны
Мақсаты: эмоцияны басқару, ашуды шығарудың бейбіт тәсілін
үйрету.
Өткізілуі:
Әр қатысушыға бір шар беріледі.
Психолог:
“Кейде баламыз төмен баға алып, не бұзақылық
жасағанда ашуланамыз. Сол сәттегі эмоцияны есіңізге түсіріп, осы
шарға үрлеп толтырыңыз. Бұл – сіздің ашуыңыз.”
Шарлар үрленген соң, психолог:
“Енді бұл ашуды іште ұстамай, жіберейік. Жайлап
ауасын шығарыңыз.”
Нәтиже: ата-аналар ашуды бақылау мен басқарудың
символикалық тәсілін түсінеді.
7. “Кірпі” ойыны
Мақсаты: ренжіген немесе ашулы баланы жылы сөз бен
құшақтау арқылы сабырландыру тәсілін түсіну.
Өткізілуі:
Психолог сұрайды:
“Егер балаңыз ренжіп отырса, не істейсіз? Қалай
жылытасыз?”
Қатысушылар жауап береді (жылы сөз, құшақтау, назар аудару
т.б.).
Ойын соңында әркім “бала күлімсіреуі үшін не істеуге болатынын”
айтады.
Нәтиже: ата-аналар эмоциялық қолдаудың маңызын
түсінеді.
Видео О воспитании
ребенка https://yandex.kz/video/preview/7149061031430854909
8. Заманауи рефлексия –
“Жылы пікірлер тізбегі”
Мақсаты: тренингтен алған әсерді
білдіру.
Өткізілуі:
Қатысушылар стикерлерге қысқаша пікір
жазады:
«Бүгін мен түсіндім, ...»
«Балаға сенім білдіру – бұл ...»
«Мен үйде міндетті түрде ... жасаймын».
Психолог қорытындылайды:
“Адалдық пен сенім – баланы тұлға ететін екі
тірек.
Балаға сеніңіз, сонда ол да өзіне сенімді
болады.”