жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ата -аналармен тренинг "Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі"
Тренингтің тақырыбы : Бала- бақыт бастауы, отбасы- алтын діңгегі
|
Мұғалімнің аты-жөні: Искакова Думан Жаксылыковна Күні |
||||
Тренингті өткізу мақсаты: |
Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін анықтау.
|
||||
Тренингтің мақсаты: |
|
||||
Ресурстар |
А3 қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, шаңырақ тб
«Тәрбиесіз
берілген білім, білім емес…».
Әл-Фараби. «Адамның тағдыры тәрбиемен шешіледі» деген нақылды В.Белинский Тәрбие отбасынан басталады. Бейнеролик
|
||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, видео , көрнекілік. Рефлексия. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, әдебиет, жаратылыстану |
||||
Тренингтің жоспары
|
|||||
Жұмыстың түрлері |
Тренингтің жүру барысы |
Ресурстар |
|||
Тренинг мақсатын түсіндіру. |
Тренинг
мақсатын түсіндіру.( Мұғалімнің кіріспе
сөзі)
Бала
біздің болашағымыз, өміріміздің
жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі –
ата-анадан жауапкершілікті талап
етеді. Бала Отанына қызмет етсін десек,
халқына адал, бақытты болып, өмірде
өз орнын табуын естен шығармай, үнемі
көңіл бөліп отыруы қажет.
|
|
|||
Психология- лық дайындық |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Құрметті ата аналар, барлығымыз тақтаның алдына шығып, бір шаңырақтың астында тұрып , бүгінгі тақырыпқа байланысты бірі- бірімізге күлімдеп қарап, отбасы - бақыт әкелетінін, отбасы – адамның ең басты шаттығы болып саналатынын, баланың өсіп, өмір сүретін ортасы болғандықтан,сіздер бір-бірлеріңізге отбасы, бала тәрбиесі туралы тамаша сөздерді арнасаңыздар.
7 .Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. 8. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. 9. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. 10..Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр.
Мұғалімнің сөзі: Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын! Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді.
Енді
әрі қарай тренингтің жеті міндеті
арқылы жұмысымызды бастаймыз |
Ата-аналар тақтаның алдына шығып психология лық ахуал туғызада
|
|||
Тренингтің жеті міндеті |
|
тақтада А3 жазылып тұрады |
|||
Бейнеролик
Тәрбие отбасынан басталады
|
Тәрбие отбасынан басталады Бейнеролик
Ата –аналардың пікірлері тыңдалады ( ойларын ортаға салады) Мұғалім :Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер! Десекте кейбір кездері олардың бойынан өзімізге ұнамайтын қасиеттерді де кездестіріп қаламыз.Сол ұнамайтын қасиетті бала бойына ата-ана өздері қалыптастырып отырғандарын байқамай да қалады.Ол қасиет мысалы: ата-ана тарапынан өктем сөздер,(балаға жауап бергісі келмейтін сұрақтар қойып, басыңнан сөз асырма, сен де жауап қайтар, сазайын бер, маған айтшы, т.б.бір сөзбен айтқанда кері тәрбие беру.) Ата-ана баласын кешірімділік, мейірімділік, бауырмашылдық,тазалыққа, керексізді ілмеуге,білімді болып, болашаққа түзу жол сілтей отырып тәрбиелеуіміз керек . Құрметті ата –аналар! Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз. Сонда барлығы жақсы болады
|
бейнеролик
https://www.youtube.com/watch?v=bSN4Sg2Tg7E
|
|||
Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» (топпен жұмыс)
|
Мұғалім :Бала отбасында жақсы тәрбие алу үшін отбасында қандай құндылықтарды бойына сіңіру керек деп ойлайсыңдар? Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-10 минут.
1. Мықты денсаулық 2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік 3. Ауызбіршілік 4. Ортақ қызығушылық 5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау 6. Қамқорлық 7. Тәртіп 8. Бос уақытыңызды бірге өткізу 9. Сенімділік 10. Ата-ананың сөзіне құрметпен қарау 11. Ата-ана отбасының үлгісі 12. Әлеуметтік жағдай 13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас 14. Махаббат 15. Мейірімділік 16. Шынайылық 17. Сырт көзге үлгі болу 18. Береке 19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет Мұғалім: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан ұядан – Өле-өлгенше соны таныр қиядан. Өнер-білім берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан. Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған, Жақсы, жаман болса, бала- солардан».
|
А 3 қағазы маркер бояу қарындаштар
|
|||
Ата –ана және бала туралы постер
|
2-топ болып постер құрайды 1-топ Балаңыз тәрбиелі, білімді , саналы болсын десеңіз...
2- топ Жаңашыл ата –ана қандай болу керек?
Мұғалімі:Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.
|
А3 қағазы фломастер маркер постер құрау
|
|||
«Баламен
сөйлесудің он ережесі» (ата-анаға
кеңес) |
|
|
|||
Рефлексия «Тазалық»
|
|
||||
Қорытынды
бағамдау
Бала
тәрбиесі
бір
күндік
іс
емес.
Сондықтан
да
бала
тәрбиесіне
жете
мән
беріп,
«Адамның
бір
қызығы
– бала
деген»
ұлы
аталарымыздың
даналық
сөзін
естен
шығармайық.
Күніміз
ашық
болсын, Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады. Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі тренингтің маңызы орасан зор.
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген