Материалдар / Ата- аналармен тренинг "Жапырақ тамырдан нәр алады"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата- аналармен тренинг "Жапырақ тамырдан нәр алады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
840
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрманбек Назгүл Бидайбекқызы

Алматы қаласы

«№185 ЖББМ» КММ

Директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Тренинг тақырыбы: Жапырақ тамырдан нәр алады

Мақсаты: а) Баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу; Бала тәрбиелеу сапасының азда болса, жоғарылауына ықпал ету;

б) Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру; яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету;

г) Тәрбиенің ең тамаша жері- отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу;

Пайдаланылатын көрнекіліктер:

Ұлағатты сөздер:

«Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады... » Ы.Алтынсарин

«Тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы». Сэмюэл Смайлс

Тренинг ережесі:

  1. Тыңдай білу;

  2. Сөзді бөлмеу;

  3. Белсенділік;

  4. Шығармашылық;

  5. Сыйластық;

  6. Түсіністік қарым-қатынас;

Тренинг барысы:

1.Тренингтің мақсатын түсіндіру. «Келші, келші балашым!» әнін тыңдату.


-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгінгі тренинг тақырыбы: «Жапырақ тамырдан нәр алады ». Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ. Бала-шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалады. Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай, олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет.

Бүгінгі біздің мақсатымыз – балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып, бала тәрбиесіне ерекше ықыласпен көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

«Бала тәрбиесі- мемлекеттің маңызды міндеті»деген сөзді ежелге грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.

Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол оның бүкіл өміріне азық болады.





І) Қызығушылықты ояту.

Топтарға бөлу. Әр түске боялған қағаз қиықтары арқылы топтарға бөлу.

ІІ) Мағынаны тану

«Отбасылық махаббат үйі».

Ал енді қазір сіздермен «Отбасылық махаббат үйі»атты ойынын өткіземіз. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана емес, сол үй жақсы көріп және күтетеін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат,жылу беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине даладағы тақтайлар емес, адамның бойындағы негізгі қасиеттердің жиынтығынан саламыз. Олар: мейірімділік, күлкі,түсінушілік,шыдамдылық т.б. Әр тапсырманы орындаған сайын үй қабырғасы шетінен құрала береді.

1.«Парасатты » кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата-аналар баласының бойындағы плюс және минус жағын сөздер арқылы жеткізу, жазу,айту.

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс


Балаңыздың бойындағы жағымды қасиеттер

Балаңыздың бойындағы жағымсыз қасиеттер

Балаңызды мадақтайтын сөздер

Балаңызға ұрсатын сөздер

Компьютердің балаңызға пайдасы

Компьютердің балаңызға зияны

Өзіңіздің бойыңыздағы жағымды қасиеттер

Өзіңіздің бойыңыздағы жағымсыз қасиеттер


2.«Достық»кірпіші «Аяқталмаған сөйлемдер әдісі»

Сөйлемдегі ойды аяқтау.

Топтық жұмыс

Егер баланы сынап отырса, ол .... –үйренеді.

Егер бала өшпенділікпен өмір сүрсе, ол ... үйренеді.


Егер баланы қолдап отырса, ол ... үйренеді.

Егер баланы келемеждей берсе, ол ... үйренеді.


Егер бала кінәлап отыруда өмір сүрсе, ол ... үйренеді.

Егер бала төзімділікте өссе, ол ... үйренеді.


Егер баланы түсіністікте тәрбиелесе, ол ... үйренеді.

Егер баланы үнемі мақтап отрыса,ол.... үйренеді.



3. «Махаббат» кірпіші

Топтық жұмыс

Мимика жест арқылы өзіңіздің балаңызға деген махаббатыңызды көрсетіңіз. Әр топ бір-біріне көрсетіп, табады.


4. «Тапқырлық» Ситуациялық жағдаят

Топтық жұмыс

1-жағдаят

1.Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? (Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуға жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын дарындық қабілеті бар шығар. Көптеген биограф-зерттеушілердің айтуынша мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді.)

2.Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады ... деген таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңызда осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба? (Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру – олардың ой-өрісін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі.)

3.Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларға қол көтереді» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейін. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? (Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін тереңнен іздеңіз. Басқаларды ренжітетін бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды табуға болатын шығар?)

4.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі тоймай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? (Осындай жағдайда баланың сол іс-әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін.)


5. «Түсінушілік»

Баланың бақытты көңіл-күйін сурет арқылы бейнелеп салу.

ІІІ) Ой толғаныс

Топ мүшелеріне парақ беріледі, соған әрқайсысы бала тәрбиесіне қатысты сөйлем жазады. Бірінші адам бастайды сосын әрі қарай жалғастырып, толықтырып өз ойын қосады. Барлық топ мүшелері жазып болған соң ортаға бір адам шығып оқиды.


Ұлы адамдардың, халық даналығына шолу жасау. /Слайд /

1. Кім мені мақтаса-сол менің жауым (корей мақалы)

2. Өзіңді мақтаған адамға сенбе (жапон мақалы)

3. «Бала өзін жақсы көрген адамды ғана жақсы көре алады. Және де оны тек сүйіспеншілікпен тәрбиелеуге болады.» Ф.Э.Джержинский.

4. «Адамды емес, оның әдеттерін кінәла» (Жапон мақалы)

5. «Баланы дүре соғумен емес,ұятпен жазала» (Орыс мақалы)

6. «Аялаумен ала алмаған, қаталдықпен ала алмайды» А.П.Чехов

7. «Ашумен берілген жаза мақсатына жетпейді. Оған балалар өздеріне емес, салдарына сияқты қарайды.» И.Кант.


Қорытынды тұжырым:


Отбасы заңы- 1+2+3+4 /Слайд /

1 заң- әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы;

2 заң – бала үшін мақтаудың маңыздылығы;

3 заң – отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы;

4 заң – ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу;

«Отбасылық махаббат үйі»деп үлкен жүрекшені тақтаға іліп, ішіне кішкене жүрекшелермен тиісті сөздерді жазып музыка әуенімен ілгізу.

Бір-біріне жылы қарым-қатынаста болу мақсатында бүгінгі сабақ қорытындысы ретінде бала тәрбиесіне қатысты, бір-біріне жылы тілектер тілеу, жылы лебізімен, жақсы тілегімізді тарту етейік.

Құрметті ата-аналар! Өз балаларыңызбен қарым-қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, жылы сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, ыстық құшағыңызбен және өздеріңіздің іс-әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз.

Сонда барлығы жақсы болады! Бала тәрбиесі секілді маңызды істе қателеспейік ағайын. Барлықтарыңызға көп Рахмет! Сау болыңыздар!
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!