Материалдар / Ата- аналарына психологиялық көмек. 1сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата- аналарына психологиялық көмек. 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жариялап отырган материалымды былтырғы бірінші сыныбымның ата аналарына көмек ретінде жеті бағытта алып жұмыс жүргіздім.Бул ата аналарға балаларының жаксы оқуына көмектесті деп ойлаймын.Себебі оқушыларым биыл жаксы жетістіктерге жетті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
2341
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: 1- сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек. (конференция)Мақсаты: Атырау облысы тапсырмасы бойынша 1-сынып ата-аналарына психологиялық көмек беру мақсатында конеренция ұйымдастыра отырып, ата-аналарды сабырлылыққа, төзімділікке шақыру.Көрнекілігі: сызбалар, тақырып жазылған плакат.

Жүру барысы:1. Тыныштық сәті.2. Бала темпераментін анықтау.3. Ата-аналарға сауалнама.4. Сергіту сәті.5. Ситуациялық сұрақтар.6. Баяндама «Ата-аналарға психологиялық көмек»7. Қорытынды.Мұғалім: Құрметті ата-аналар бүгінгі конференцияға қош келдіңіздер!Мұғалім:

1.Психологиялық дайындық.Ата-аналарды ортаға шеңбер жасап тұрғызу. Қолдарына күннің суретін алып, денелеріне жақындатып жылуын сезіну.Мұғалім: Тіршілік үшін күн қандай қажет болса, бала үшін де ата-ананың жылуы күн шуағындай қажет.

2.Темперамент.Мұғалім: Ата-аналарға алдағы уақытта балалармен жұмыс жасау барысында мінез-құлқын айқындап алу мақсатында ата-аналарды темперамент түрлерімен таныстырып, балаларының мінез-құлқын дұрыс анықтау тапсырмасы беріледі.

3.Ата-аналарға сауалнама.Саулнамадағы сұрақтар (баланың) ата-ананың мұғалімнен қандай көмек керек екендігі ретінде берілді.Бейнефильм жүріп тұрады.

4.Сергіту сәті.Ата-аналар бір қадам аттай отырып, балаларына жүректен шыққан жылы сөздерін айту. Мысалы: ботақаным (бір қадам аттау), ....

5.Жағдаяттар.1-жағдаят.Мұғалім үйге төрт жол өлең жаттауға берді. Сіз өлеңді қалай жаттатып жібересіз?Сөздерді айта алады, бірақ өлеңді ұмытып қала береді. Сіз осы кезде қандай әдістерді қолданасыз.

2-жағдаят.Сіздің балаңыз бүгінгі сабақта «Рр дыбысы мен әрпін өтті. Сіздің балаңыз оқулықтағы аралар» сөзіне тілі келмейді. Қанша рет оқыса да сөзді айтуға тілі келмейді. Сіз осы кезде қандай әдісті қолданасыз?3-жағдаят.Сіздер үйде түскі асты ішіп жатырсыздар. Сіздің балаңыз үйге келгеннен кейін, тамақ ішпестен үйге берілген тапсырманы орындап тастағысы келеді. Сіз оған айтып түсіндірдіңіз, бірақ ол тыңдамай қырсығып отырып алды сіз үйдегілерге тамақ бересіз бе, әлде балаңыздың сабағын оқытасыз ба? Себебі, сіз балаңыздың сабағын қадағалап отырасыз.

Жағдаяттар ата-ананың көбінесе қиын жағдайдан қалай шығу керек осы мақсатта берілді.6.Білім сапасын көтерудегі ата-ана рөлі.«Біреулер құдайдан бала тілейді». Ол баланы не қылады?-Өлсем орнымды бассын, - дейді.-Артымнан құран оқысын, - дейді.-Қартайғанда асырап, -дейді.Мұғалім:-Осыдан басқа бар ма?-Сіздер қалай ойлайсыздар?Ата-аналар пікірі.-Білімді, жан-жақты, тәрбиелі болсын.-Қандай білім алғанын қалайсыздар?Ата-аналар пікірі.-Сапалы білім алғанын қалайсыз.-Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?Ата-ана пікірі. Ата-ана







Мұғалім Оқушы

-Ата-аналар пікірі тыңдалады.Әр ата мұғалім, оқушы, ата-ана туралы өз ойларын ортаға салады.7.Баяндама. Бүгінгі конференцияны қорыта отырып, ата-аналарға психологиялық көмектің ауадай қажет екенін түсіндіру.Ата-аналарға психологиялық көмек.Адам баласы-өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе оның балалық шағында және мектеп жасында да тіпті ауадай қажет деп айтса да болады. Бала бойындағы психологиялық ауыр өзгерістердің негізгі себебі бала тәрбиесінен хабары шамалы, бала психологиясын естіп көрмеген ата-аналарда кездеседі. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да, қызықты сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітуді қолданады. Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары-ауруға шалдыға бастаған балалардың психикасын сауықтыру болып табылады. Екінші бағыт-тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық бағыт. Ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездігінен тыйылуын талап ету. Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек бірінші баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру, мысалы, сен оқи білмейсің, сен дұрыс сөйлей алмайсың деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман. Осыдан кейін баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Баланы үнемі көтермелей жетелеп, тәрбиелеудің психологиялық мәні зор. Екінші сәт баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қатар, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мүндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды.Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы қателік. Мұндай әрекеттер арқылы баланың бойына қызығушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға

әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе. Ата-ананың қайырымды да, төзімді тәрбиелерінің арқасында, баланың көңіл-күйі мен түйсік сезімдерінің қанағаттануы ғана емес, интеллектісінің де еркін дамуына мүмкіндік алады. Түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді де жігерлі психика қалыптасатыны белгілі. Шындап келгенде, адам тәрбиесінің қыр-сырынан қиын өнердің болуы мүмкін емес. Оның қажеттігін қабілеттеріне қарай емес, тыныстауына қажет ауадай міндетті түрде игеруің қажет.1.Баланы міндетті түрде тәрбиелеу керек. Ал қайыра жаңа көзқараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы өздерін тексеруі қажет.2.Егер үлкендер жағы өзін-өзі баланың ыңғайына қарай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеудің өзінен бас тартқандары жөн.3.Ешқандай күш көрсету тәлімін көрсетуге болмайды.Баланың келешегін сындырумен тең-деген сөз.4.Үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндеймін деу, барып тұрған надандық.5.Тек қана мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да, адамдық сипатқа жеткізетінін ұққан жөн.6.Психологиялқ түзету жүргізетін кезеңдерін бәрін де, басынан бастап тек қанатөзімділік керек.7.Баланың жеткен жетістіктерін әділетті бағалағанмен, тым асыра мақтаудың да орыналмауын қадағалап отыру керек. Артық айтқан мақтау сөз, ешқашан да жақсылық әкелмейді. Осылайша психикалық зардап шеккен балаға психологиялық түзетулер жасаудың жолдары көп. Баланын жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлнр үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте түрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқынқалыптастырады.Бұдан кейін ол ешқандай психологиялық хабарларды қабылдайтын күйге ауысады.Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар да ашуланса өкпелесе де, өрекпіп қызынса да өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Қолындағысын лақтырып, айналасындағыны сындырып, шамасы жеткенді талқандап жіберуге ұмтылады.Осы тұста жанындағы адамдардың бәріне де тіл тигізуден тайынбайды. Міне, ашулы адамдардың күйлері осындай болмақ. Ал, адамның көңілі жайсыз жағдайда, мысалы, қызғану мен көре алмаушылыққа ауысқанда, жанындағылардың бәріне көңілсіздікпен, өзіне-өзі секемденіп сергелдеңі мол күйге соғылады.Бүл жайсыз жағдайлар, адамды физиологиялық эффектілік күйге түсіреді. Ол мұндай күйде не істеп, не қойғанын, байқамай қалады. Сондықтан адамдар өзара қатынаста әсіресе балалармен арада ұстамды, мейірімді болуға ұмтылуы керек. Баланы ашуландырып көңіл-күйін бүзу қаншалықты оңай болса, ал оны жадыратып қайыра жақсы жағдайға түсіру, соншалықты қиын екенін естен шығармаған жөн.













Қорытынды.Қорыта келе, ата-аналарға көмек ретінде күн тәртібін құрып, баланы үнемі белгілі бір жүйемен жүруіне көмек беру. Құрметті ата-аналар, сіздерді бүгінгі конференциядан көп нәрсе ұғынды деп ойлаймын. Алдағы уақытта да сіздер үнемі мектеппен және де мұғаліммен тығыз байланыста болады деген сенімдемін. Мектеппен байланыстарыңызды үзбеңіздер. Сіздерге біздердің көмегіміз шексіз.















































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!