жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ата- анамен бала арасындағы қарым-қатынас
Түркістан облысы Жетісай ауданы Алмалы елді мекені
№65 «Достық» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог- психологы: және өзін-өзі тану пән мұғалімі Койшыбекова Жумагуль Сапарбековна
Тақырыбы: Ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынас
Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар!
Бүгінгі біздің «Ата – ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» атты тренинг – сабағымызға қош келіпсіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.
Мақсаты:
қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату;
ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру;
ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу;
баланың бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, ата-анамен қарым-қатынасын жақсартуға көмектесу;
ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу;
Ресурстар: интерактивті тақта, доп, лента, шар, тәттілер, стикер, емен ағашының суреті.
Әдіс-тәсілдер: пікір
алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық
жаттығулар, талдау, ой жинақтау.
Күтілетін
нәтиже:
тренинг барысында ата - аналар баланы
түсініп, кез келген жағдайда қарым -
қатынаста бір - бірін түсіне білу.
Тренинг
жоспары:
1. «Таныстыру» тренингі 5
мин
2. Видеороликтер 10 – 15 мин
3.
«Байлаулы
бала» (тренинг) 7 мин
4.
«Жанұя
ойыны» сергіту жаттығуы 7 мин
5.
Ситуациялық сұрақтар 10 мин
6. «Кім мәреге бірінші жетеді» 10 мин
7. Қорытынды 3 мин
1.«Таныстыру» жаттығуы
Қазір мен 1 рет қол шапалақ соққанда сіздер қасыңыздағы оң жағыңыздағы, сол жағыңыздағы отырған адаммен қол беріп қысып амандасасыздар. Қол шапалақ 2 рет соғылғанда бір-біріңізге есімдеріңізді айтып, таныса отырыңыздар. 3 рет қол шапалақ соқанда бір-біріңізге жақсы ниет тілектеріңізді білдіреміз.
2. Экранға назар аударыңыздар. ( видео ролик «Бала тәрбиесі», «Әке 1 сағат уақытыңызды сатыңызшы»)
3. «Байлаулы бала» ойын – жаттығуы
Қазір сіздерге бірнеше сұрақ қоямын, ал сіздер сол сұраққа жауап берулеріңіз керек.
Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сізқалайтоқтатасыз? (аяғыбайланады)
Қарасаңызбалаңызадамдардыңтастапкеткентемекініңтұқылынжинапалып, соныменойнапотыр. Сіздіңәрекетіңіз? (қолыбайланады)
Жұмыстаншаршапкелсеңіз бала теледидарданатыс-шабыс, бірсөзбенайтқандаөз деңгейінекелмейтін кино көріпотыр. Сіздіңәрекетіңіз? (көзібайланады)
Балаңызбасқаұлттыңқызынұнатты. Бірақсіздіңқалауыңызол емеседі. Сіздіңәрекетіңіз? (кеудесібайланады)
Балаңыздосыменкеліспейқалды да, жамансөздерменсыбағасынберді. Сіздіңайтарсөзіңіз? (аузыбайланады)
Міне,
баламызқандайкүйгетүсті, құрметтіата-ана.
Мұндайкүйгетүспесүшінбаламызға неге
болмайтынын, «өйткені»
сөзінқолданаотырыптүсіндіруімізкерек.
Сонда ғанасіз бала тәрбиесіндемақсатыңызға
жете аласыз.
4. «Жанұяойыны».
Қазір мен сіздерге араларыңыздан кез – келген ата – анаға доп лақтыру арқылы сұрақ қоямын. Допты қағып алған ата – ана сұраққа тез жауап беріп маған допты қайтару керек.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
4. Балаңыз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?
5 Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз кеше қандай баға алды?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
12. Балаңыздың ең жақын досы кім?
5. Ситуациялық сұрақтар.
Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген
бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды»
дегенсөзестуге тура келедідейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?
Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалайжөнгекелтіресіз?
Балаңызмектептегі бірмұғалімментілтабысаалмайжүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?
Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?
Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?
6.“Кім мәреге бірінші жетеді?” ойыны.
Сіздің
балаңыз сізді қатты қуантты.. (бір
ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз?
(Әрбір қадамдарыңызды басқанда балаға
мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші
жетулеріңіз керек).
Енді мен сіздерге
балаңыз бен өзіңіздің өміріңізде тәтті
күндеріңіз көп болсын деп осы тәттіні
ұсынамын.
Балаларыңыздың тәтті
қылықтарына тоймай жүретіндей өмірлеріңіз
тәтті болсын осы тәттіні ұсынамыз.
Ал тәттінің үстіндегі стикерге бүгінгі тренинг –сабағымыздан алған әсерлеріңізді жазып, мына емен ағашындай отбасыларыңыз берік, балаларыңызға берген тәрбиелеріңіз жемісті болсын деген ниетпен ой – пікірлеріңізді жазып қалдыруларыңызды сұраймын.
7. Қорытынды
Құрметті
ата-аналар!
Бүгін біз сіздермен бірге отырып, бала
мен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты
жақсартуға күш салдық. Олардың денсаулығы
мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды,
мейірімді, еңбекқор болғанын
тілейміз.
Сіздерге айтар түйін
сөзім:
Өмір — өзен тасқындап
жататұғын,
Тағдыр — кеме, бұлғаққа
салатұғын
Адамдар көп әркімнің сөзіне
еріп
Бастауынан адасып қалатұғын..
-өмірдегі
өз орындарыңызды, бастауларыңызды
адаспай тауып, ағымның арнасында бәріміз
де шынайы, тек ләззатты сәттерге көп
шомылайық! Көрер қызықтарымыз мол
болсын! -дей келе бүгінгі «Ата-ана
мен бала арасындағы қарым-қатынас»
атты тренинг сабағымыз аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген