Материалдар / Ата -анамен жұмыс

Ата -анамен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата -анамен жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2018
549
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ата -анамен жұмыс

Ата-аналармен өткізілетін тренингтер, ойындар жиынтығыАта - анамен жұмыс.Тақырыбы: «Балабақша мен отбасы»Мақсаты: Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.Көрнекілігі: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, ағаш, алмалар, шарлар, себетШаттық шеңбері:Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.Танысу: Әр ата - ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі - үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу - Айсұлу.Тренинг:Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.(Музыкалық сүйемел, қалам - қағаздар)Ұстаздарыңызға деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек тобы» - діңгекке, «жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу)Ойын: «Қай жұп күшті?»Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді музыкаға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып, қалған ойыншыларға дауыстап оқып беру. Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге дейін шарды бір - бірін құшақтап шарды жарады.Ойын: «Кім екенін тап»Әрбір адам өзінің аты - жөнін көрсетпей, өз - өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.«Тілек гүлі» (қорытындылау)Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балабақша арасын(дағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ