Ата -анамен жұмыс: "Халық ауыз әдебиеті-балабақшада"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата -анамен жұмыс: "Халық ауыз әдебиеті-балабақшада"

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-ана мен балабақшаның байланысын нығайтып,балабақша бағдарламасы бойынша халық ауыз әдебиеті шығармаларына қатысты тапсырмалар арқылы ата-аналарды халық ауыз әдебиетін баланың ой-өрісін дамытуда белсенді қолдануға шақыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау қаласы.№43 «Арман» бөбекжай бақшасы

Тәрбиеші Камидуллина Аэлита Тайровна



«Халық ауыз әдебиеті-балабақшада». (Ойын-викторина)

Мақсаты:ата-ана мен балабақшаның байланысын нығайтып,балабақша бағдарламасы бойынша халық ауыз әдебиеті шығармаларына қатысты тапсырмалар арқылы ата-аналарды халық ауыз әдебиетін баланың ой-өрісін дамытуда белсенді қолдануға шақыру,балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің тигізетін әсерін дәріптеу.Ата-ананың халық ауыз әдебиетімен қаншалықты таныс екенін анықтай отырып,балабақшада

балалардың жас ерекшеліктеріне сай халық ауыз әдебиеті шығармалары арқылы өзара қарым-қатынастарымен таныстыру.

Ойын-викторина ертегі әуенімен ашылады. «Әжем айтқан ертегі

Жүргізуші:Қош келдіңіздер,құрметті ата-аналар!бүгінгі өткелі отырған ойын-викторинамыз ашық деп жариялаймын.

1. Ойын: «Біздің есімдеріміз» ата-аналар шеңбер бойымен тұрады,бірінші адам есімін айтады,екінші адам оның да өзінің де есімін айтады,үшінші адам екеуінң де,өзінің де есімін айтады.Соңғы адамға дейін осылай жалғаса береді,нәтижесінде бәрі есімдерін жаттап шығады.

Жүргізуші:Бұл ойын викторинаға екі топ қатысады.Ата-аналарды екі топқа бөлу.Әр топқа ат қойылады.

«Ертегі »тобы.

«Жұмбақ»тобы

2.Мақал-мәтелдер талай заманнан қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра,асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі.мақал-мәтелдерден халықтың ақыл-ой,даналығы мен тапқырлығын көреміз.Қысқаша айтқанда «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

«Мақал мәтел құпиясы» (экранда суреттер шығады,ата-аналар сол сурет мазмұнына қарап мақал мәтелдер айтады) Бала,ағаш,көз,тас,ине,қыз,ұл.

Балалы үй базар

Ағаш көркі шүберек

Көз қорқақ,қол батыр.

Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады.

Білім инемен құдық қазғандай.

Қызың өссе,қызы жақсымен көрші бол........

3.Халық ауыз әдебиетініде сусындатып,баланың ой-өрісін,танымдық қабілетін дамытатын әжеміздің ертегісін бәріміз де тыңдап өстік.Ендеше ертегі әлеміне саяхат жасайық.

«Ертегілер елінде»

Түстерді таңдаңыздар.Екі ата-ана шығып ұнаған түсті таңдайды.Түсті қағаздың артында ертегі жазылған сол ертегіні тобымен рөлге бөліп ойнайды. «Шалқан» ,«Бауырсақ» , «Мақта қыз» ертегілері.

4.«Бала тілі-бал»Балалар видео арқылы жұмбақ жасырады,ата-аналар шешуін табады.

1 жұмбақ

1 бала:

Оның жүні жұмсақ.

Ата-аналар жауабы әртүрлі болуы мүмкін.Жүні жұмсақ жануар көп.Жауап табылмаса келесі бала тыңдалады.

2 бала:Ол шөп жейді.(шөп жейтін де жануар көп)

3бала:Жүнінен көрпе жасайды.

Екі тауы бар.(түйе).

2 жұмбақ:

1бала: Ол шақырғанда келмеді.

2 бала:Ол сиырға барды.

3 бала:Сүт сұрады.

4бала:Сиыр одан су сұрады.

Бұл қандай ертегі?

(Мақта қыз)

1бала:Төрт аяғы бар.

2бала:Басында екі таяғы бар,

3 бала:Иегінде сақалы бар. (ешкі )



5. «Ертегіні жалғастырыңыз»

Бала ертегіні бастайды,ата-ана жалғастырады.

6. «Менің сүйікті кейіпкерім»Ата-аналар ертегі кейіпкерін таңдайды,суреттің артындағы тапсырманы орындайды.Балаларыңызға ертегі айтып бересіздер ме?Бәріміз де білеміз ертегі бала қиялын өсіреді,жақсылықты,мейірімділікті үйретеді.Таңдаған кейіпкерін кірістіре отырып ойдан құрастырып ертегі айтып береді.

Ата-аналар пікірі,әсерлерімен бөлісу.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2020
1520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі