жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата -анамен жұмыс тақырыбы "Ақыл анадан"
Ата-аналармен жұмыс
Тақырыбы: Ақыл – анадан
Дайындаған Оспанова А. Т.
«Ақыл-анадан» деген тақырыптағы ата-аналар жұмысының мақсаты – отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын, жүрек жылуын, бала махаббатын, сүйіспеншілігін оятуға арнау. Ата-ана мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала-бақша ішілік жұмыстарға араластыру.
Көрнекіліктер: Суреттер, тест сұрақтары, сыйлықтар, үнтаспа, теледидар.
Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар, «Ақыл-анадан» атты тақырыпта пікірлесіп, ой бөлісейік деп ата-аналар жұмысына шақырып отырмыз.
Қыз ақылды ескермес –
Ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарылқап ас бермес –
Әке үлгісін көрмесе, деп Қорыт Атамыз айтқандай, сіздердің бала тәрбиесінде алатын орындарыңыз ерекше. Олай болса ой бөлісер сәтте туды. (ата-аналарға бейдж таратылады).
Мектепте ұстаз,
Үйде пана,
. . . . . . . . . . . . біздің
Сүйікті ана.
Мейірімді өзі,
Жылы сөзі
. . . . . . . . . . біздің
Қамқоршы ана.
Аялы алақаны
Сүйеді балапанын
. . . . . . . . . . . . . . . біздің
Түсінеді бала жанын.
«Жанботам» – деп айналып,
Әлпештейді баласын.
Күлімдеген . . . . . . . . . . .
Жан анасы баланың
Жасаған бала бабын
Ойлаған жұрттың бәрін
. . . . . . . . . . . . . . . . біздің
Келтірер орта сәнін.
Өнерлі жан асыл
Өсірген баласын
. . . . . . . . . . . . біздің
Даңқыңыз жансын
(Осындай бір шумақ өлеңмен жұмысқа қатысатын аналарды ортаға шақырамын, ата-аналар өз аты-жөнін жазады).
І тапсырма: «Ойлан тап»
Ата –аналарға төмендегідей «Соңғы жолды ойлап табыңыз» деген тапсырма беріледі:
Осень – күз,
Плыви – жүз,
Мушкетер – ноян,
Заяц. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . (қоян)
Дұрыс, енді қоянның тапсырмасын орындайық.
Бос көздерге тиісті әріптерді орналастырыңыз: (Мақал: «Ата балаға сыншы»).
|
Ғ |
Ш |
С |
Н |
Ы |
Т |
Б |
А |
Л |
|
: |
|
☼ |
∆ |
― |
⌂ |
∞ |
¤ |
+ |
|
|
|
|
|
¤ |
⌂ |
¤ |
----
|
|
|
|
|
|
|
|
∞ |
¤ |
+ |
¤ |
: |
¤ |
|
|
|
|
|
|
|
☼ |
― |
∆ |
|
― |
II тапсырма: «Тапқырлар» ойыны
Әлем халықтарының ертегілерінде кездесетін елге жақпайтын аң. . . . . . . . (Түлкі) Енді түлкінің тапсырмасын ұсынамын
Сіздер үйлестірілген екі бірдей суреттен он айырмашылықты табуларыңыз керек.
III тапсырма: «Сезім бөлісу сәті»
«Үйшік»(теремок) ертегісінен үзінді ұсынамын:
Үйшікті танымастай халге келтірген қай аң деп ойлайсыз ?... (аю)
Қарға баласын «аппағым» дер,
Кірпі баласын «жұмсағым» дер.
Тасбақа баласын «тұлпарым» дер,
Қаз баласын «сұңқарым» дер, -дегендей сөз кезегі өздеріңізде.
«Айналалайын, құлыным. . . . . . . » анасы баласына жәй уақытта айта алмайтын тәтті сөздерін, ойларын, тілегін айтады.
IV тапсырма: «Жағдаяттық сұрақтар»
Киген тоны ине,
Реті келсе тиме.
Түрі сондай түрпі,
Аты оның. . . . . . . . . . . (кірпі).
Тест сұрақтарына жылдам, бірінші ойыңызға келген жауапты беріңіз.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Әлбетте, сіз бөбегіңізді мақтан тұтасыз. Олай болса, қай мақтау сөз сізге көбірек жағымды?
-
Балаңыздың достары көп, ол туа бітті таңдаулы (лидер). А
2. Балаңыз қазірдің өзінде тұлға, өзіне не керек екенін анық біледі. В
3. Балаңыз өте дарынды, таң – тамаша қабілеттері бар. С
4. Өз қатарластарынан гөрі сіздің балаңыздың сөздік қоры молырақ Д
-
Әжесі балаңызға (мәселен 4 жасар) киім сыйламақшы. Сіз қайсысына қаттырақ қуанар едіңіз?
-
Джинсы шалбар. А
-
Жылтырақ сызықтары бар күртке. Б
-
Әжесі өзі жүннен тоқыған ашық түсті мойын шалғы. С
-
Қызыл комбинезон. Д
-
Үш жасар баласы бар досыңыздың үйіне қонаққа бара жатырсыз. Сыйлыққа не апарар едіңіз?
1 Ойыншық мәшине. А
2. Бір қорап қарындаш. Б
3. Жұмсақ ойыншық . С
4. Театрда саусаққа киіп ойнататын қуыршақ. Д
4. Сіздің ойыңызша нағыз дос қандай болу керек. ?
-
Ашық және шыншыл. А
-
Іш пыстырмайтын. Б
-
Оған арқа сүйеуге болады. С
-
Кез-келген адаммен жараса алады. Д
5. Балаңыздың қабілеті келіп тұрса сіз оған қай мамандықты таңдар едіңіз?
-
Заңгер. А
-
Психолог. Б
-
Актер. С
-
Дизайнер . Д
6. Сіз үшін мына сөздердің қайсысы қисынсыз ?
-
Бала көзге көріну керек, бірақ үні естілмеуі керек. А
-
Нағыз еркек жыламайды . Б
-
Баланы шолжаңдату керек, сонда одан нағыз бұзақы шығады С
4. «Істей алмаймын» деген сөз болмау керек. Д
7. Ана ретінде сізді қай мақтау сөз қаттырақ қуандырар еді?
-
Сен баланы жақсы тәрбиелейсің. А
-
Ұрысты қалай тоқтаттың, таң қаламын. Б
-
Сен одан махаббатыңды аямайсың, берген махаббатың сөзсіз қайтады. С
-
Менің дәл сендей ана болғым келеді. Д
Енді есептейік, сіздің жауабыңызда қай әріп көп екен. Соған орай сіздің типіңіз анықталады. Егер барлық әріптердің саны тең болса, аралас нұсқа Е – ні оқыңыз.
А - Қайратты ана. Сөз жоқ, сіз өте қайратты әйелсіз. Өмір сізді қиын шақта өз күшіңізге сенуге үйреткен. Сіз қиындықтан жеңіліп, қол қусырып отырмайсыз. Мәселені шешуге бел шешіп кірісесіз.
Б - Қамқор ана. Сіз мейірімді анасыз. Оны бәрі біледі, туыстар да, достар да. Сіз көмек беруге әрдайым дайынсыз, жылағанды жұбатасыз. Адамды түсіністікпен тыңдап, келелі көмек бересіз.
С - Ортаңқол ана. Кіріскен істің ебін табасыз. Сіздің жетістігіңіз тәртіппен еңбекке келеді.
Д - Креативті шеше. «Сіз мұны естігенбіз» немесе «Иә, ондаймен айналысады» деген сөздерді естігенде денеңіз қалшылдайды. Айналаны көркейтіп қиялыңызбен шығармашылықты байытып шаттыққа бөлейсіз.
Е - Аралас нұсқа. Сіз көп қырлы тұлғасыз. Сізді нақты бір типтегі ана деуге болмайды. Сіз ең дұрыс тәрбиелеу жолын табуға ұмтыласыз.
V. тапсырма «Кім зейінді ойыны»
«Салтан патша» туралы ертегіден әуен тыңдатып қандай аң екенін сұрау, тапсырма беру. (тиін)
Ата–аналарды шеңберге отырғызып, қорапшалар таратып ішіндегі затты сезу арқылы анықтату.
Қорытынды:
«Бақытты үйдің қонағы да көңілді»,
Ән айтып жайнатайық өмірді-жұмысымызды «Ризамыз» әнімен аяқтайық.
Менімен бірге ой бөліскендеріңізге үлкен рахметімді айта отырып, сіздерге ұстаз-психолог Симон Соловейчик ұсынған «Алтын ережелерді» сыйға тартамын.
«Алтын ережелер»
1. Өз досыңа адал бол.
2. Бөтен затты егеленбе.
3. Себепсіз ұрынба.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген