Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата -анамен жұмыс түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғаліміне дайын түрдегі ата -аналар жиналысын жаңа форматта өткізуге көмегі мол. Бұл жинақ материалдарын мұғалімнің ата-анамен байланысын жақсарту үшін қолдануға болады.Бұл жинақта ата -аналарға тренингтер және сауалнамалар жинақталып жасалған. Ата -анамен баланың және ұстаздың арасындағы білім саласындағы байланыстарын күшейтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1



Shape2 Picture 11

























Shape3







Picture 7











Мазмұны:



  1. Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі—3б

  1. Ата-ана жиналысының жылдық жоспары------------------3 б



  1. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары-------- 4 б



  1. Ата-аналар жиналысының жоспарлары (Үлгі)------------5 б



  1. Ата –аналарға арналған кеңестер--------------------------------- 16 б



  1. Ата-анаға арналған сауалнамалар ---------------------- ------17 б



  1. Фото көрністер----------------------------------------------------19б













Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.

2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.

4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.

Ата-аналар жиналысының жылдық жоспары (үлгі)

Р/с

Мазмұны

Формасы

Жауапты

1

1)Ата-аналар комитетін сайлау,бала алдындағы мектептегі міндеттерімен таныстыру

2) алдағы атқарылатын жұмыстар туралы ұсыныс, пікірлер,тренингтер өткізу

3) оқушы формасы, оқулықтардың ұсталуы туралы 

Ата-аналар жиналысы

 

Сынып жетекшісі

2

1) І  тоқсан  оқу  қорытындысы

 2) Ата-аналарға кеңес, Сауалнама жүргізу

Ата-аналар жиналысы


Сынып  жетекшісі

Мектеп психологы

3

1) ІІ тоқсан  оқу  қорытындысы. Жаңа жылдық кешті талқылау.

 2) «Демалысты тиімді өткізейік!»

Ата-аналар жиналысы

Пікіралмасу

Сынып  жетекшісі

4

Ата-аналарды  мектепішілік  іс-шараларға  тарту

 

Сынып  жетекшісі

5

1) ІІІ тоқсан  оқу  қорытындысы

 2) «Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі орны»

Ата-аналар жиналысы

Әңгімелесу

Сынып  жетекшісі

6

1) Жылдық қорытынды

 2) «Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік»

Ата-аналар жиналысы

Әңгімелесу

Сынып  жетекшісі

7

Жазғы демалыс

 

Сынып  жетекшісі

 

Сынып ата-аналар комитетінің тізімі

Р/С

Ата-аналар комитетінің мүшелелері

 

Мекен жайы,

Телефондар:

Ұй, ұялы

Жұмыс орны,

телефоны

1

Тораға







 

2

Төрайым

 



3

Хатшы

 





Picture 4



Ата –ана жиналысының жоспарлары. (Үлгі)


Бекітемін:


Уақыты:

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: « Өз балаңа үлгі бол! »

Мақсаты:
1. Ұл бала мен қыз баланың тәрбиесіне ата –ана ретінде үнемі үлгі болып, жауапкершілігін сезіндіру, ата –анамен бірлесіп қарау;
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлін ұғындыру;.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы түсіндіру;

4. Ата –анаға жаңартылыған білім беру мазмұнына байланысты жиынтық бағалау кесіміне түсінік беру;

Түрі : Дөгелек үстел.


Өту жоспары:
1. Кіріспе сөз.

1.Ұл бала мен қыз баланың тәрбиесіне ата –ана жауапкершілігін сезіндіру, ата –анамен бірлесіп пікір алмасу. Ұл бала мен қыз баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру,төтенше жағдайларда баланы қорғауға әзір болуларын,көмекке келулерін пікірлесу;
3. Ата –анаға жаңартылыған білім беру мазмұнына байланысты жиынтық бағалау кесіміне түсінік беру;

Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
Парақшалар тарату (Түстерге қатысты) Топқа бөлу.

Сауат ашу, математика, дүниетану Жаратылыстану;
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Жиналысымыздағы бірінші мәселе бойынша, ұл бала мен қыз баланың тәрбиесіне ата –ана жауапкершілігін сезіндіру, ата –анамен бірлесіп қарау мақсатында сөз жарыстыру,пікір айту; , ұл бала мен қыз баланың тәрбиесіндегі қиындықтар туралы айту;

2.Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру,төтенше жағдайларда баланы қорғауға әзір болуларын,көмекке келулерін пікірлесу;

3.Ата –анаға жаңартылыған білім беру мазмұнына байланысты жиынтық бағалау кесіміне түсінік беру;
Қорытынды.

«Жүректен шыққан жылы сөздер..» сергіту сәті. Түрлі-түсті қағаздан қиылған кішкентай жүрекшелер таратылады. Барлығымыз да ата-анамыз мына жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер, қандай мейірімді сөздер айтасыздар, яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар. Үлкен жүректі тақтаға іліп, әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.

Мына үлкен жүрек, ата-ана, сіздің жүрегіңіз, ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі. Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса, ата-ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғуы керек. Сонымен бүгінгі сабағымыз өз шегіне келіп жетті.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой — өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!

 6. Қорытынды бөлім:
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.


*************************************************************************


Бекітемін:

Ата-аналар жиналысы . Мерзімі:

Тақырыбы:«Мейірімді әдетке балалық шақтан бастап тәрбиелеу»


Күн тәртібінде:

  1. «Мейірімді әдетке балалық шақтан бастап тәрбиелеу»

  2. Бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық бағалау қорытындысы.

  3. 3 тоқсан қорытындысы

  4. Каникул кезінде «Кітап оқу терапиясы» «Бір сынып,бір кітап» акциясы аясында балаларға ертегі кітапты оқытып,түсінік беру.

Жиналыстың мақсаты:

1. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру

2. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.

3 Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын бірлесе қарастыру

Өткізу түрі: Дөңгелек үстел, пікір-талас

Әдіс-тәсілі: Тренинг жаттығулары, топтық жұмыс кеңес, шығармашылық тапсырма.

Көрнекіліктер: Ватман қағаз,қалам, жүрекше, үлестірмелі тапсырмалар, слайд, үлгілі бала суреті, үнтаспа

Жүргізілуі

Ата-аналар жиналысының мақсаты хабарланады.

Слайд Амандасып жатқан адамдар

- Ортаға шығып шеңбер жасап тұрып бір-бірімізге амандасайық.

«Жүректен жүрекке»

(Ата-аналар шеңбер жасап,ортаға келіп тұрады. Қолдарында кішкене жүрекшелері бар. Жүрекшелерді бере отырып,жақсы лебіздерін білдіреді)

-Осы тілектеріңіз қабыл болсын десеңіздер,мына жүрекшеге,яғни балалардың жүрегіне әкеліп қояйық.

-Енді осы үлкен жүректі ,жүрекшелерімен бірге мектептің жүрегінің үстіне қояйық.

-Бәріміздің тілегіміз қабысып,жүректен-жүрекке жылы лебізіміз жетіп тоғысты. «Мейірімді әдетке балалық шақтан бастап тәрбиелеу» пікір таласымызды бастаймыз.

  1. Үш топқа бөліну.

Сары қағазға жазылған «Әке туралы жыр»,қызыл қағазға жазылған «Ана туралы жыр», көк қағазға жазылған «Балапаным» әндерінің шумақтары жеке –жеке жазылған үлестірмелі тапсырмалар таратамын. Әр ата-ана өзіне тиген өлең шумағын өлеңдете айта отырып,түсіне орай топқа сары түс- «ӘКЕ», қызыл түс- «АНА», көк түс- «БАЛА» тобына бірігіп отырады.

  1. «Үлгілі баланың бейнесі»

Бала суреті ілініп тұрады.Одан әр жаққа сызықша тараған.

Т а п с ы р м а: Үлгілі балаға қандай қасиеттер тән,атаңыздар.

Әр топ атап шығады. Жазып даяр тұрған сөздерді сызықшаларға қояды.

Үлгілі бала

  Ұқыпты Ұстамды Мейірімді Сыпайы Білімді Мәдениетті

Үлгілі бала бейнесін жасады.

Т а п с ы р м а «Ереже –қарым –қатынас негізі»

Үлгілі бала қандай қарым-қатынас жасау керек. 3 топқа үш түрлі қатынас ережесін жазу тапсырылады. Тапсырма орындалып жатқанда «Балалық шақ» тыныштандыратын күй ойналып тұрады.

ӘКЕ АНА БАЛА

Сөйлесу ережесі Мәдени-гигиеналық Достық ережесі

Сәлемдесу Таңертең бір уақытта тұр Жолдасыңа көмектес

Үлкеннің сөзін Жуын,тіс тазала Жолдасыңмен бөліс

бөлме Тамақ алдында қол жу Тыңда

Айқайлап сөйлеме Үстелде дұрыс отыр Тату бол

Алғыс айт Асықпай же Өтірік айтпа т б

  1. Қорытынды

Жиналысты мына өлең шумағымен аяқтағым келеді.

Әкем,анам үлкенді сыйла деген,

Сол сөз маған ізгілік,құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан,кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Осы астарлы сөзді әрқашанда ұмытпайық.

  1. Рефлексия

Сабақ ұнады ма?

  • Өзіңізге маңызды қандай ақпарат алдыңыз?

  • Алдағы жиналыста қандай талдау ұсынасыз ?


***************************************************************



Бекітемін:

Ата-аналар жиналысы Мерзімі:
Тақырыбы: «1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі»
Мақсаты:
1. «1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін , ата –ананың бала тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру;
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.

Оны мектеп психологының қатысуымен кіріктіре өткіздік.

Өткізу түрі: Ақпараттық-ағартушылық

Әдіс-тәсілдері:
Слайдтарды демонстрациялау, интерактивті тақтамен жұмыс,тренингтік жаттығулар,топтық жұмыс,кеңес,
психологиялық тестті орындау

Көрнекіліктер:
Видеофильмдер (оқушылардың «Ата –анаға айтарым бар…» тілек- өтініштері , оқушының бейімделуіндегі қиыншылықтары түсірілген фоталар, «Балаңыздың суретін танисыз ба?» оқушы суреттері), үнтаспа, слайд

1.Баяндама: “Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіндегі қиыншылықтары” атты баяндаманы мектеп психологы жасады, сынып жетекшісі баяндамаға дәлел ретінде оқушылардың бейімделу қиыншылықтарын көрсететін видео мен фота суреттерді, «Менің жанұям» тақырыбында салған суреттер сырына тоқталып, әр суретте оқушы ой бар екенін айтып отырды. Мысалы: суреттегі жанұя мүшелерінің бойының біркелкі салынуы – ынтымақтылықты, әкесінің бой ұзын – әке қамқорлығын қажет ету т.с.с жағдайларға тоқталды.Мектеп психолгы «Менің баламның…» тестісін жеке компьютерді пайджаланып ала отырып, ата-ананың өз баласын тәрбиелеуде , танып- білуде нені басшылыққа алу керектігін сезіндірді.

Жарыс сөз: «Менің ойымша балам,......................... қиналатын сияқты »

2. Психологиялық тренинг

Балаңыздың ең жақсы көретін түсі

Жақсы көретін мерекесі

Сүйікті тәтті тағамы

Сүйікті мульфильмі

Ең сүйікті тағамы

Ең жақсы көретін пәні

Ең жақын досының аты

Ең сүйікті жыл мезгілі

0-1 жауап беруге қиналдыңыз:

Бәрекелді! Балаңызды өте жақсы түсінесіз:

4-8 жауапқа қиналдыңыз:

Балаңыздың өміріне немқұрайлы қарайсыз. Балаңыздың жәбірленуіне жол беріп жүрсіз дей келе «Қалай жақсы ата-ана болуға болады?» деп ақыл-кеңесін берді.

3. «Менің байқағаным..» — ата-аналар пікірі тыңдалды.

4. «Жүректен- жүрекке» әр ата-ана өз баласына лебізін , қалай жақсы көретінін білдірді.

5. Рефлексия

- Мыны гүл сіздердің балаларыңыз сияқты нәзік, сол гүлге баланы танып- білудегі есте болатын жағдайларды жаза қойыңыздар.

- Өзіңіз не алдыңыз?

- Жиналыста айтылған мәселелердің сізге пайдасы бар ма?

Сөз соңында айтарымыз: ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формаларын қолданып өткізудің тиімділігі:

Ата-аналар жиналысында компьютерді пайдаланудың артықшылықтары; Әр ата-ананың өз баласын басқа қырынан тануға мүмкіндігі ашылды; Ата-анамен сынып жетекшісі арасындағы байланыс одан әрі нығайды; Ата-аналардың жиналыс жайында түсініктері өзгеріп, мектепке келуі жиіледі; Ата-ананы біле отырып, оқушымен қарым-қатынас құру жеңілдеді; Оқушы мен ата-аналары арасында сыйластық қатынас орнады; Педагогикалық — психологиялық кеңес алады; Ата-аналарға арналған тесттік тапсырмаларды орындау мұғалім үшін пайдалы: уақыт үнемделеді, көрнекілік ретінде қолданылады.

Бүгінгі таңда Қазақстандық жаңа тұрпатты мұғалім алдында екі ауқымды міндет тұр. Оның біріншісі – уақыт ағымынан қалмай, алға ұмтылған өзгермелі қоғамда заманауи талаптарға лайықты жауап беретін кәсіби шебер маман болу, екіншісі – кейінгіге қайта оралып, ата-бабаларымыз мирас етіп қалдырған ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңіру.

Осы екі міндетті шешкенде ғана біз ұлтымыздың білім мен мәдениетін әлемдік деңгейге жеткізетін жас ұрпақ тәрбиелей аламыз.


*********************************************************

  Бекітемін:

Мерзімі:


Ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында өткізілетін

«Білім мен тәрбие егіз ұғым» интеллектуалды психологиялық ойын сабақ

Мақсаты: Мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екіжақты тәрбиелеуге бағыт бағдар беру.

Күтілетін нәтиже: Бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаға тәрбие беретін бірлескен ата-ана мен мұғалім.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, плакат, маркер, бәйтерек макеті, таратпа жүрекшелер.

Кіріспе сөз:

Баланы жастан бақпасан,

Жамандықтан қақпасан.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, — дегендей-ақ, баланың ыстық-суығына күймейтін, әрбір жетістігіне сүйсінбейтін ата-ана мен ұстаз жоқ шығар. Бүгінгі ұл — ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз — ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, осыған қарағанда «Әкеге қарап – ұл өсер, шешеге қарап – қыз өсер» деп бекер айтылмаса керек. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана болып табылады. Сондықтан ата-ана мен ұстаздар және сынып жетекшілер арасында үзілместей жіпті берік байлау мақсатында, бүгінгі, «Атажұрт» интеллектуалды психологиялық ойынын ұйымдастырып отырмыз.

Интеллектуалды психологиялық ойынға қатысушыларымен таныс болыңыздар(топтың аты, жоба қорғау):

І топ: «Болашақ»

11 сынып жетекшісі мен ата-аналары

ІІ топ: «Білім»

9 сынып жетекшісі мен ата-аналары

ІІІ топ: «Бақыт»

4 сынып жетекшісі мен ата-аналары

ІҮ топ: «Арман»

5 сынып жетекшісі мен ата-аналары

Бүгінгі ойынға қатысушыларымыздың айтқан пікірін тыңдап, өз бағасын беріп, сарапқа салатын, сарапшылар мен көрермендер дауысымен бағаланады.

Ойын сарапшыларымен таныс болыңыздар:

  1. Мектеп директоры:

  2. Оқу ісі жөніндегі орынбасары:

  3. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

  4. Ұйымдастырушы педагог:

  5. Бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары:

Ойын бағдарламасы:

1 тур — «Қанат қақты» — ой жинақтау 2 минут.

2 тур — «Самғау» -мақал – мәтелді жалғастыр. Ерекшеленген сөзді орыс, ағылшын тілінде аударыңыз. (Қосымша көмек беріледі досыңызға қоңырау соғыңыз).

Сергіту сәті: «Балам – бағым» тренинг

3 тур – «Шарықтау» – идеялар аукционы

4 тур — «Шырқау». Бейнесюжет арқылы сұрақ.

5 тур — «Жер ұйық» — сұрақ жауап.

1 тур«Қанат қақты»ой жинақтау(плакат, фломастер). Ата-ана мен ұстаздарға плакат беріледі, бұл плакатқа төмендегі сұрақтарды қолдана отырып, сурет не схема арқылы өз ойын білдіреді.

Оқушы — мұғалім – ата – ана арасындағы байланысты көрсете білу (Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды).

2 тур — «Самғау» Мақал – мәтелді жалғастыр.

І топ:

  1. Балалы үй базар, /Баласыз үй қу мазар./

  2. Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар.

/Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар./

3. Ақ жаулығы ананың —

/Ақ көрпесі баланың./

4. Ананың ойы ұяда,

/Баланың ойы қияда./

  1. Шәкіртсіз ұстаз – /тұл./

ІІ топ:

1. Ата – бәйтерек, /бала – жапырақ./

2. Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,

Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,

/Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас./

3. Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді;

/Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді./

4. Жалғыз баласы атқа шапса,

/Атасы ауылда тұрып

Тақымын қысады./

5. Күш – білімде, /білім – кітапта./

ІІІ топ:

1. Аш бала тоқ баламен ойнамайды,

/Тоқ бала аш болам деп ойламайды./

2. Алты жасар бала алыстан келгенде,

/Алпыстағы ақсақал сәлем берер./

3. Жақсы бала – сүйік, /жаман бала – күйік./

4. Ағайын — алтау,

/Ана — біреу./

5.Мектеп – білім тірегі,/ Ұстаз — оның жүрегі/

ІҮ топ:

1. Балалық шағы,/ патшаның тағы./

2. Әдепті бала арлы бала, / Әдепсіз бала сорлы бала./

3. Әкесі құрдастың /баласы құрдас./

4. Бала тентек болатыны — үйінен,

/Ердің тентек болатыны — биінен./

5. Білімі жоқ ұл — /жұпары жоқ гүл./

Сергіту сәті: «Балам – бағым» тренинг

3 тур – «Шарықтау» – «Арманым – бақытым» тақырыбында идеялар аукционы. Топ мүшелеріне ақ парақ беріледі, параққа оң қолының суретін салып, алақанына арман – тілектерін жазып, «сиқырлы бәйтерекке» салады. Үздік идея бағаланады.

4 тур — Шырқау. Бейнесюжет арқылы сұрақ. «Менің атым Қожа» балалар фильмінен ситуациялық жағдаят көрсетіледі. Қатысушылар сол ситуациядан қалай шығатыны жөнінде өз ой-пікірін білдіреді.

5 тур — «Жер ұйық» сұрақ — жауап. Жалпы тақырыпта сұрақтар қойылады, сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Қазақ халқының ұлы ақыны? /Абай/.

  2. Қазақстан қашан тәуелсіздік алды? /1991 жыл/.

  3. Қазақстанның мемлекеттік тілі? /Қазақ тілі/.

  4. Күн мен түннің теңесін күні? /22 наурыз/.

  5. Қазақстанның алғашқы астанасы? /Ақмешіт/.

  6. Жауынгер – жазушы Кеңес Одағының батыры. /Бауыржан Момышұлы/.

  7. Төрт жылдан соң елімізде өтетін Халықаралық көрме. /ЕХРО – 2017/.

  8. Қазақтың тамақ сақтауға арналған қапшығы /Аяққап/.

  9. Ыдыс-аяқ сақтауға арналған зат /Кебеже/.

  10. Қазақ тілінде неше әріп бар? /42 әріп/.

Қорытынды.

«Жүректен шыққан жылы сөздер..» сергіту сәті. Түрлі-түсті қағаздан қиылған кішкентай жүрекшелер таратылады. Барлығымыз да ата-анамыз мына жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер, қандай мейірімді сөздер айтасыздар, яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар. Үлкен жүректі тақтаға іліп, әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.

Мына үлкен жүрек, ата-ана, сіздің жүрегіңіз, ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі. Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса, ата-ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғуы керек. Сонымен бүгінгі сабағымыз өз шегіне келіп жетті.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой — өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!


***********************************************************************

 

Бекітемін:

Уақыты:

Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі 2 сынып ата-аналар жиналысы

Тақырыбы « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»



Мақсаты: қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасындағы жаңа өзгерістер мен толықтыруларды ата-аналарға таныстыру және қалыптастырушы ,жиынтық бағалау, кретериалды бағалау формаларымен таныстыру

Күн тәртібінде:
1.    Тренинг  «Өзіме тілек» қораптағы айна арқылы өзіне тілек айтады.
2.    «Баға-еңбек  жемісі» атты пікіралмасу
3.    Ағымдағы мәселелер.

 1.Сыныпқа жиналған ата-аналарды  шеңбер бойына тұрғызып, қорапша дағы айна арқылы өздеріне жаақсы тілектер айтқызу,жағымды көңіл күй тудыру;

Құрметті ата-аналар ата-аналар жиналысымызды Елбасымыздың сөзімен бастағым келеді:

« Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.

Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім»

- деп айтқандай Біз Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту аясында жасалған жаңа білім сатысы «Жаңартылған білім беру мазмұны» бағдарламасымен балаларымызды биылғы жылы екінші жыл оқытқалы отырмыз. Баланы бағалау әдіс –тәсілдері қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асадын болады.


2. «Баға-еңбек жемісі»
Ата-аналар қолдарыңызда смайликтер бар. Соларға қарай отырып қандай ой түюге болады. Бұл қазіргі таңдағы  біздер сынып оқушыларына баға қоймаймыз. Сондықтан  осындай смайликтер арқылы баланың білім деңгейін бағалаймыз.
Тапсырма: Ата-аналар, сіздер қазір көбелектің суретін саласыздар. 5 минут қана уақыт беріледі, алдарыңыздағы бояудың сан түрін пайдаланып, әдемі көбелектің суретін бейнелеңіздер.

---өзін-өзі бағалау
---жұптық бағалау
---критерий арқылы бағалау
---топтық бағалау.
Көбелек суретіне  қойылатын критерий:

1.  Суреттің  бетте орналасуы.
2. суреттің көлемі
3. бояуының қанықтығы, дұрыс боялуы
4. қанаттарының симметриялы болуы.

5. барлық мүшелерінің болуы.

Ата-аналар,сіздердің салған суреттеріңіздің ішінен ең жақсы бағаға лайығын тауып, өз бағаларыңызды беріңіздер.  Ал мұғалім үшін де  оқушы еңбегін, жұмысын бағалау өте қиын іс. Барлық талапқа сай келсе ғана  оқушы жақсы баға алады. Дегенмен кейбір кеткен кемшіліктер үшін де оқушы еңбегіне сай бағаланады.  Баға бала көңіліне әсер етеді.  Осыны жеңудің  жолы қандай?  Көбінесе  жақсы бағақоймаған  мұғалімді кінәлап жатамыз.  Ал оқушыны қалай тәрбиелеу керек?   /пікіралмасу/
3.Ағымдағы мәселелер:
/қауіпсіздік, қайырымдылық айлығы, үй аралау, сабақтан кешікпеу, екі аяқ киім,ақ бантик, дене киімі, мектеп формасы, тазалық/

Қаулы:
1. Баланың сабаққа дайындығын бағалау және қадағалау ата-ана мен сынып жетекшісіне міндеттелсін;
2. Жаңартылыған білім мазмұны бойынша балаларды білімдегі жаңа жетістіктерге жеткізу ата-ана мен мұғалімге жүктелсін.
3. Жеке бас тазалығы мен бала қауіпсіздігін қадағалау ата-ана мен мұғалімге міндеттелсін.



Ата-аналар жиналысы: «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды»


Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі 4 сынып ата-аналар жиналысы

Тақырыбы « Отбасындағы тәрбиедегі ата-ананың рөлі .»

Мақсаты: Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету .

Көрнекілік: «Менің отбасым» карточкалар.

Жиналыс жоспары.

  1. Ұйымдастыру

  2. Кіріспе сөз.

  3. Ата-аналарға тақырыпты ашуға постер қорғату.

  4. Әңгімелесу-Миға шабуыл.

  5. Жағдаятар

  6. Бақытты отбасының бәйтерегі.

  7. Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер оқылады (тапсырылады)

 

Жиналыс барысы: 1)Ұйымдастыру.

2)Кіріспе сөз.Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.Ал баланың сізге ұқсауы үшін, сіздің қасиеттеріңізді алу үшін өзіңіз не істедіңіз? Қане,осы орайда тәжірибе алмасайық. Өз отбастарыңызда қалыптасқан,баланың оңды қасиеттерін жетілдіруге бағытталған қандай дәстүрлер бар? Сол туралы әңгімелесейік.

3)Негізгі бөлім:

Ата-аналарға 1-топқа «Қонақ келсе...» қандай іс –әрекет көрсетеміз? Постер қорғайды

2-топқы «Бала үшін...»не істейміз? Постер қорғайды.

4) Жағдаяттар шешу:

1-топқа ): Марат жазаланды.Ол 2 бірдей «2» алған болатын.Әкесі ұлымен қатаң сөйлесіп,үйден шығуға рұқсат етпей қойды.Бірақ достары келіп Маратты киноға шақырды.Анасы баласын аяп әкесіне оны достарымен бірге жіберуді сұрай бастады. Ата-ана арасында конфликт туындады.

(ата-ананың балаға қоятын талаптары бірыңғай болуы тиіс)

2-топқа ) : Айжан анасына тосын сый жасағысы келді.Сөйтіп ол мектептен келе салып ыдыс-аяқтарды жуып,ас даярлады. Анасы келгенде оның алдына көңілденіп шығып, қолындағыларын алды,шешінуіне көмектесті.Бірақ анасы оған ешқандай мән берген жоқ,біртүрлі көңілсіз еді. Сонан соң қызы анасын дастарханға шақырды. Тамақтанып болған соң «рахмет» деді де өз бөлмесіне кетіп қалды.

(Бала еркелеткенді,мақтағанды ұнатады.Оны жиі мақтап,аялап,еркелетіп тұру керек.)


5) Қорытынды: Ми шабуылының тәсілі (ата-анаға сұрақ)

Мұғалім: — Құдайдан адамдар бала бер деп жалбарыныпа сұрайды. Адамға неге бала керек? (ата-аналар өз пікірлерін айтады)

Мұғалім: Әрине,бақыты отбасы бұл әрбір адам өміріндегі ең маңыздысы.Бұл туыс және туған адамдар, оларды біз құрметтейміз, оларға сенеміз,қуаныш пен бақыт тілейміз.Әрбір бала дүниеге өз миссиясымен келеді.Ал біз не істейміз? Біз балаларға нұсқаулар бере бастаймыз, ал кейбіреуі өмір жолымен жетелейді.

Мұғалім:

-Сонымен құрметті ата-аналар,жарық дүниеге келген мына бала сіздердің ықпалдарыңызда және қамқорлықтарыңызда болады. Сіздер оның 1-ші тәрбиешілері боласыздар. 

Әрбір ата –ана өз баласынан бақыт көреді.Өкінішке орай кейбір ата-ана «бақыт» деген ұлы сөздің оларға келгенін байқамайды.Қандай болмасын ,бар болмысыңызбен өз балаңызды сүйіңіздер,өйткені олар сізді сүйеді, өйткені сіздер олардың әкесі және анасы боласыз. Біреулер байлықты-бақыт деп санайды,басқасы құрмет пен даңқ,үшіншілері-лауазым мен мансапты бақыт дейді. Нағыз бақытты адамға тек жақсы,тәрбиелі балалар ғана сыйлай алады.

Мұғалім: Әрине,өмірдің барлық жағдаяттарын қамти алатын, жұрттың бәріне ортақ,бірыңғай ереже жоқ.Әрбір бала әртүрлі. Әрқайсысы өзінше ерекше. Сол сияқты бізбен сіздің қарым-қатынасымыз да өзіндік сипатта. Біздер:педагогтар мен ата-аналар- балалардың бойындағы білуге құмарлық,еңбек етуге,әдемілікке, өз қабілет-қарымы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысушылық әрекеттерін жетілдіру,дамыту,қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет. Мен бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміздің нәтижелі боларына сенемін. Жиналыстың соңында сіздерге алғыс айта отырып,жауап байланыс парағын толтыруды сұраймын.

Жауап байланыс парағы:

Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?

Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?

Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?

 1-топқа ): Марат жазаланды.Ол 2 бірдей «2» алған болатын.Әкесі ұлымен қатаң сөйлесіп,үйден шығуға рұқсат етпей қойды.Бірақ достары келіп Маратты киноға шақырды.Анасы баласын аяп әкесіне оны достарымен бірге жіберуді сұрай бастады. Ата-ана арасында конфликт туындады.

2-топқа ) : Айжан анасына тосын сый жасағысы келді.Сөйтіп ол мектептен келе салып ыдыс-аяқтарды жуып,ас даярлады. Анасы келгенде оның алдына көңілденіп шығып, қолындағыларын алды,шешінуіне көмектесті.Бірақ анасы оған ешқандай мән берген жоқ,біртүрлі көңілсіз еді. Сонан соң қызы анасын дастарханға шақырды. Тамақтанып болған соң «рахмет» деді де өз бөлмесіне кетіп қалды.


Қорытындылау.

Сынып жетекшісі:






Ата –аналарға арналған кеңестер.

Оқушылар өтпелі кезеңде болғандықтан олармен жеке жұмыстар жасалуы керек және әрқашан көңіл бөлінуі керек!!!



Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі

14 кеңеске құлақ түріңіз:


1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.









Ата  - аналарға  арналған  сауалнама. №1

 

1.Балаңыздың  аты-жөні._____________________________________

__________________________________________________________

2.Балаңыздың  туған жылы,күні ______________________________

__________________________________________________________

3.Әкесінің аты-жөні.________________________________________

__________________________________________________________

4.Туған  жылы,күні._________________________________________

5.Жұмыс орны._____________________________________________

6.Анасының  аты-жөні.______________________________________

__________________________________________________________

7.Туған жылы, күні._________________________________________

8.Жұмыс орны._____________________________________________

9.Мекен  жайыңыз, телефон _________________________________

__________________________________________________________

10.Жанұядағы  бала  саны.___________________________________

11.Қай  сабақтарды  нашар  меңгереді? ________________________

__________________________________________________________

12.Қай  сабақты  сүйіп  оқиды? _______________________________

__________________________________________________________

13.Үйде сабақты қадағалайсыз  ба? ___________________________

__________________________________________________________

14.Балаңызды  қандай  үйірмеге  қатысқанның  қалайсыз? ________

__________________________________________________________

 

 

Ата-ананың аты-жөні _____________________________________

 

 

 

Жауабыңызға  рахмет.

 

 

 

 

Ата- аналарға  арналған  сауалнама. №2

«Сіздің  балаңыздың  қызығушылығы»

 

1.Балаңыздың  аты-жөні._____________________________________

__________________________________________________________

2.Балаңыз  қандай  ойындарды  қалайды? ______________________

__________________________________________________________

3.Спроттық  ойындардың  қандай  түрлерін  жақсы  көреді? _______

__________________________________________________________

4.Кіммен  жиі  ойнайды? ____________________________________

__________________________________________________________

5.Балаңыз  ұжымда  өзін  қалай  ұстайды? ______________________

__________________________________________________________

6.Отбасында  бала  тәрбиесімен  кім  айналысады? ______________

__________________________________________________________

7.Сізді бала  тәрбиесіндегі қандай  жақтары  қинайды? ___________

____________________________________________________________________________________________________________________

8.Тәрбиенің  қандай  әдісін  қолдайсыз? _______________________

____________________________________________________________________________________________________________________

   /көндіру,  түсіндіру, қатал  тәртіп қою, мадақтау, жазалау т.б. /

 

 

 

Ата-ананың аты-жөні _____________________________________

   

Жауабыңызға  рахмет.

 

 

 

 

  Ата-аналарға   арналған  сауалнама №3

 

1.Балаңыздың  ең  қызықты  оқу  пәні _________________________

__________________________________________________________

2.Балаңыз үшін  ең  қиын  оқу  пәні ___________________________

__________________________________________________________

3.Қандай  кәсіби  мамандыққа  балаңыз   икемсіз? _______________

__________________________________________________________

4.Мінез –құлық  ерекшеліктерін  атаңыз? ______________________

__________________________________________________________

5.Балаңыз  не  нәрсеге әуес? _________________________________

__________________________________________________________

6.Балаңыздың  оқу  дәрежесі  қандай? _________________________

__________________________________________________________

7.Балаңыздың  бойынан мына  қасиеттерді  көре  аласыз ба?

   /адал, ұстамды, сабырлы  тәртіпті  т.б./ _______________________

__________________________________________________________

8.Үлкендерге  балаңыздың  көзқарасы  қалай? __________________

__________________________________________________________

9.Балаңызды  қалай  бағалайсыз  немесе  қандай баға  бересіз? ____

__________________________________________________________

10.Балаңыз  мұғалім  берген  тапсырманы  міндетті  түрде орындай

 ма? ______________________________________________________

__________________________________________________________

 

 

Ата-ананың  аты жөні: ______________________________________

            

Жауабыңызға  рахмет.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
6241
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі