15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата -ананы көшбасшылыққа жетелеудегі сынып жетекшінің ықпалы
«АТА – АНАНЫ КӨШБАСШЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕУДЕГІ СЫНЫП ЖЕТЕКШІНІҢ ЫҚПАЛЫ »
Борангалиева Найля Базаргалиевна
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған селосы Ғ.Сланов атындағы орта мектептің 4 «б»сынып жетекшісі
«Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін»
В.А. Сухомлинский
І.Саяси көшбасшылықты зерделеу мәселесі бүгінгі уақытта саяси үдерістерді сараптаудағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінде әрбір адамға қажетті көшбасшылық қасиеттің негізі бала күннен басталады және алдымен отбасы мен мектепте тәрбиеленеді деп саналады. Соған сәйкес мұғалім – көшбасшы, ата – ана – көшбасшы деген институттар жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек.Бұл институттар жасөспірімнің бойында көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүдделі болып табылатын болғандықтан бала – көшбасшы тұлғасын қалыптастыру ісінде отбасы мен мектеп әлеуетін зерттеу мәселесінің өзектілігін арттыра түседі. [4.55б]
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасына деген қызығушылық зор және ол арта түсуде. Н.Ә.Назарбаев өнегесінің құндылығы Қазақстанның ұлттық ерекшелігі жағдайында Ұлт көшбасшысы тұлғасы қалыптасуының бірегей методологиясын ұсынуында [7.14б]. Қазақстан Республикасында Елбасы бастамасымен «Назарбаев зияткерлік мектептері» осының бір үлгісі. Бұл мектептерде болашақ ұлттық элитаның өкілдері заман талабына сай білім мен тәрбие алуда.
Тар шеңбермен утопиялық көзқарастан арылуды ең бірінші өзімізден бастағанымыз дұрысырақ шығар. «Өзінде бір шелек суы жоқ адамның басқаға бір бақыр су бере алмайтынын» ойласақ, құлдық, отаршылық санадан, өзіміз бас болып тазаруымыз керек. Білім берумен тәрбиені ұштастыра отырып, өскелең ұрпақты қоғамдық институттардың құнды, көзқарастарымен де, әлемдік тәжірибе негізінде де жан-жақтылы тарбиелеудің түрлі жолдары бар екенін де естен шығармаған дұрыс.[8. 13б]
ІІ.1Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың рөлі бөлек. Туындаған тәлім – тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата – ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істегенде ғана үйлесімділік табады.Ұлы философ Әбунасыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ал ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен.[11.27б] Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесінде ең әуелі оның өз ата – анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, сыніып жетекшісімен тығыз қарым-қатынасы, мектептегі көшбасшылығы әсер етпек.
Мектептегі сынып жетекшінің жаңашылдығы, өмірмен, қоғаммен байланыстылығы, көшбасшылығы да маңызды рол атқаратыны даусыз. Ізденуші мұғалім жаңа технологияны тиімді пайдалана білсе, оны түрлендіре жүргізуді күрделілендіре алса, мектептің жаңашылдығы, жаһандық көшбасшылыққа ұмтылуы орындалған болар еді. Сондықтан мектептегі әрбір сынып жетекші ата–ананың көшбасшылығын дамытуы, жаңа технологияларды практикада қолдана білуінің маңызы ерекше деп білемін.
Мектепішілік іс–шараларда «Ата–ана көшбасшылығын жандандырудың жаңаша бағыт–бағдары қандай болмақ?»деген сұраққа жауап беру мақсатында алға қойған үлгімде: оқушының ой–өрісін , білімін, тәрбиесін нығайту, дамыту мақсатында тәрбие жұмысына ата–аналарды көбірек тарту, ата–ананың бала алдындағы жауапкершілігін тереңірек ұғындыру, сынып жетекшімен арада кері байланыста болу, сыныптағы өзге балалардың ата– аналарымен арада ынтымақтастық орнату сияқты жұмыстарды жолға қойып отыру сынып жетекшінің басты міндеті болуы керек деген түйінге келдім. Ол үшін сынып жетекші тарапынан қандай бағдар болуы керек? Әрине, ол үшін сыныптағы белсенді ата–аналарды жұмысқа тартқан жөн. Кейде жұмысбасты болып отырған ата–ана мектептің істеріне бір жақты қарауы да мүмкін, соған қарамастан ата–ананың мүмкіндігін ескере отырып, мектептегі іс–шараларға араластыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту жоспарын жүйелеп алған дұрыс.
Ал, ата-ананы жетелеп отырған көшбасшылық дегеніміз не? Анықтама бере кетсем:
«Көшбасшылық-тәжірибені жетілдіру құралы» (Элмор 2006) КӨШБАСШЫЛЫҚ (Leadership) – педұжымды, ата-аналарды,оқушыны өз мектебінің миссиясы мен жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыруға шабыттандыру, бірлесе басқару шешімін қабылдау, көшбасшылық команда құру туралы арманды жүзеге асыру үрдісі [1.35б] Көшбасшы адамдардың бойынан табылатын негізгі қасиеттер:

Көшбасшылық қасиеттер 1 – сурет
Ал, мектептегі көшбасшылық стиль ретінде:
-Әр тұлғаның басымдығы
-Жеке ұнату басымдығы
-Түсінік пен қызметтестік атмосферасының басымдығы (жергілікті қауымдастық ОТҮ элементі ретінде)
-Сенімге негізделген қатынастың басымдығы (оқушы, ата-ана, мұғалім) Осы аталған стильдердің тәрбие саласы үшін, оның ішінде «Отбасылық тәрбие» бағыты бойынша жұмыс жасауға негізделгені: Сенімге негізделген қатынастың басымдығы (оқушы, ата-ана, мұғалім) болып табылады.Бұл стильде оқушы бойынан: уәж, ұмтылыс, әуесқойлық, өзара әрекет, топтау сияқты айрықша қасиеттер байқалса, ата-ана бойынан: Мектеп өміріне қатысу, қызмет ету, волонтерлік (еріктілік), мұғалім бойынан: Ойды дамытуға негізделген шығармашылық тәсілдеме байқауға болады. Нәтижесінде олар үшеуі бірлесе отырып, көшбасшылық қасиетті дамытуға өздігінен жағдай туғызып отырады.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.[9.113б]
Ендеше сынып жетекші ата–ана көшбасшылығын дамытуда 4 сатылы көшбасшылықты басты назарда ұстағаны жөн:
Ұсыну: Әрбір ата-ана бойындағы құндылықтарды ескере отырып, мақсат пен стратегияларды белгілеу
Жандандыру: Қажетті құралдарды, технологияларды және осы жұмыстарды жандандыратын ата-аналарды анықтау
Қолдау көрсету: Ата-аналар арасындағы көшбасшылар және ізбасар көшбасшы ата-аналар арасындағы сенім мен тәуелсіздік орнату
Түрткі болу: Жеке ата-ананың көшбасшылығы бүкіл жүйені яғни сыныптың барлық ата-аналарының көшбасшылығына әкеледі.
Осы орайда мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі сынып жетекшінің ата-ананы көшбасшылыққа жетелеу нәтижесіндегі әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді.
Ендеше аталған ата-ана көшбасшылығын дамыту сынып жетекшіге не алып келеді?
-Ата-ананың мектеппен байланысын нығайта түседі.
-Ата-ана-оқушы-сынып жетекші арасында тығыз қарым-қатынас пайда болады.
-Оқушының тәрбиелік шараларға қатысымшылдығы жоғарылайды.
-Мектеп әрекетіне ата-ана тарапынан қолдау пайда болады.
-Кейбір баласының табысына мән бермейтін ата-аналар бала табыстылығын қолдауды үйренетін болады.
Осы жағдайда ғана сынып жетекшісіне табыс әкеліп, ата-анамен арада кері байланыс орнап, көшбасшылық жұмыс иерархиясы түзіледі. Ал мұндай жұмыстардың нәтиже беруі үшін сынып жетекші ата-аналарды «Шабыттандыру көздері» арқылы жұмысқа тартуына болады. Олар:
Блок – схема 1 – сызба
тренинг
мастер класс
ата-аналар жиналысының жаңаша үлгілері , ,
Семинарлар
Ата-ананы шабыттандыру көздері
отбасылық өмір туралы кітаптар
Lesson Study
Үлгілі ата-аналар өмірін үлгі ету
АКТ
(интернет байланыс )
әртүрлі шаралар
ІІ.2 Бүгінгі сынып жетекшінің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты, өз сыныбының ата-аналарын жаңа белгісіз жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. [3.104б] Тәрбие туралы сындарлы түсінік ата-ананың көшбасшылығын дамытуды мақсат тұтқан сынып жетекшінің өз шараларын ата-анамен оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Осы тұрғыдан алып карағанда сынып жетекшінің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study.
Lesson Study дегеніміз не?
Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Негізінен алғанда Lesson-study тәсілі оқыту үдерісіне оқушылардың білім деңгейін жақсарту, бақылауға бағытталған. «Lesson Study» өз бастауын батыс білім философиясынан алады, оның ортасында бала тұрады. Жапон мектептерінде «Lesson Studyдің» таралуы 1910 - 1960 жылдары Жапониядағы демократияландырумен сәйкес келді 1970 жылдардан бастап «Lesson Study» барлық жапон мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізгі тұғыры болып есептеле бастады ХХI ғасырда американдық зерттеушілер : «Lesson Study» жапон мұғалімдеріне педагогикалық білімімен қатар, өздерінің пәндік білімдерін де тереңдетуге көмектескенін; пәндік білімнің тереңдеуі жапондық оқушылардың, американдықтармен салыстырғанда, білім көрсеткіштерін жақсартуға ықпал еткенін (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999) білгеннен кейін, «Lesson Study» әдістемесі Батыста да кеңінен таралды. Әдістеме бізге Жапониядан келді.АҚШ-қа бұл әдістемені «дзюгёкенкью» деген жапон сөзін «Lesson Study» деп аударған Макото Йошида әкелді. Lesson Study казіргі заманауи білімнің негізгі басымдықтарының бірі.[6.83б]
Үдерістің кезеңдері қандай?
1-кезең Жоспарлау (жеке немесе бірлесіп, топпен, әріптестеріңнің немесе тәжірибелі мұғалімдердің кеңес беру арқылы тәрбиелік шараның мақсатын қою және оны дайындау )
2-кезең Тәрбиелеу,оқыту (Lesson-study жүргізу және Lesson-study-ға қатысушылардың оны бақылауы)
3-кезең Қадағалау (Lesson-study-ға қатысушылардың барлығы:шараны ұйымдастырушының да, тәрбие үдерісін бақылаған адамдардың да табысты тұстарды, сондай-ақ жетілдірілуге тиісті жерлерді талқылауы.)
4-кезең Талдау (талқылауды жалғастыру және Lesson-study-ді жақсарту жөніндегі дамыту жолдарын анықтау үшін бейресми кездесу өткізу.)
Lesson-study-ге өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізеді.
Lesson-study-ді тәрбие саласында не үшін пайдалануға болады?
Қазіргі кезде ол Қазақстан мектептерінде де білім саласын жандандыру мақсатында қолданылып отыр.Ендеше бірнеше елдерде сыннан өткен және өз нәтижесін берген тәсілді біз неге өз тәжірибемізде, тәрбие саласында да қолданбасқа?. Себебі қазіргі ата-аналардың жұмысбастылығы бала тәрбиесін екінші орынға қоюына алып келіп отыр.Ал, қадағалаусыз қалған бала әртүрлі проблемманың себепшісі болуы мүмкін.Осы тұрғыдан алып қарағанда, ата-ананың мектеппен байланысының маңыздылығы ерекше деп ойлаймын.Ал, көп уақытын жұмысына арнайтын, немесе үй шаруасынан асып кете алмайтын ата-ананың мектеппен байланысын, сынып жетекшімен ынтымақтастығын,көшбасшылығын қалай жақсартамыз? Осы жағдайларды ескеретін болсақ, ата-ана көшбасшылығын жақсарту үшін бізге бұл тәсіл керек ақ.
ІІ.3.Осындай ойды жүзеге асыру мақсатында біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын (І сынып жетекшісі Г. Жанғалиева, ІІ сынып жетекшісі Д.Жолдыбаева, ІІІ сынып жетекшісі А.Өрбісінова,), сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Ата-ананы көшбасшы болуға жетелеу» тақырыбы бойынша 4 «б» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта-14 ата-ана. Жалпы сыныптағы ата-аналардың тәрбиелік шараларға қатысымшылдығы –40 % құрайды. Сыныптағы ата-аналардың тәрбие деңгейі мен ата-ананың белсенділігі мен бәсекелесу, жарысу деңгейі орташа. Сондықтан осы сынып ата-аналарының көшбасшылығын басты назарға алғандағы мақсатымыз – көшбасшылық қасиет арқылы сыныпта тәрбие үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерін дамыту арқылы ата-аналардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, мектеппен байланысты нығайту, бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін жоғарылату.Сондай-ақ, сынып жетекшінің практикалық білімінің дамуына бағытталған ата-анамен жүргізілетін іс-әрекеттегі зерттеудің жоғары түрін ұйымдастыру болды.Олар:
1.Сынып жетекші ата-аналарды А-көшбасшылық деңгейі жоғары,В-көшбасшылық деңгейі орташа,С-көшбасшылық деңгейі төмен деген үш топқа бөледі және әрқайсысына сипаттама, зерттеу жүргізеді
Отбасының тәрбие саласындағы көшбасшылық мүмкіндік деңгейлері.
1 – кесте
|
Деңгейі, аты-жөні |
Сипаттамасы |
Күтілетін нәтиже |
|
А-көшбасшы (жоғарғы деңгей). |
-Барлық негізгі көрсеткіштері толығымен көрініс тапқан ата-аналар.Көшбасшы ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті жақсы дамыған.Ең бастысы педагогикалық ынта-ықыластары бар.Сынып жетекшімен кері байланыс орнатып отырады.Бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігін түсінеді |
Командалық көшбасшылыққа өздігінен ұмтылатын болады. |
|
В-көшбасшы (ортаңғы деңгей) |
-Ата-ананың педагогикалық үдерісі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде түзетуді қажет етеді. Баласы белсенді бола тұра мектеппен байланысы кемшін. |
В-деңгейінен А-деңгейіне жоғарылайтын болады. Көшбасшы болуға ұмтылады. |
|
С-көшбасшы (төменгі деңгей) |
Ата-ананың педагогикалық мәдениеті жоқ.Бала тәрбиесіндегі мектеппен байланыстың маңыздылығын түсінбейді.Сынып жетекшісі тарапынан көшбасшылыққа жетелеуді қажет етеді. |
В-деңгейіне жоғарылайды. волонтерлік (еріктілік) қасиеттері дамиды. |
2.Lesson Study-дің аяғында әр деңгейдегі ата-анадан қандай нәтиже күтілетіні туралы қысқа да нұсқа пікір жазады.

Сұхбат жүргізу. 2 – сурет Сұхбат жүргізу. 3 – сурет
«Ең оңайы - еліктеу, Ең ащысы - тәжірибе, Ең мәртебелісі – ойлау»- деп Конфуций айтқандай бірінші Lesson Study циклі «отбасылық тәрбие» бағыты бойынша басталды. [12.12б] Мұнда «Бұлақ көрсең көзін аш..» тақырыбында мастер класс ұйымдастырылды. Әр топта 1 ата-ана, 1 оқушы, 1 мұғалім әрекеттесе жұмыс жүргізді. Бұл жердегі мұғалімнің қызметі ата-анаға тапсырма орындау барысында бағыт-бағдар беріп отыру болса, оқушының қызыметі ата-анасының пікірімен санаса отырып бірлесе әрекет ету болатын. Мастер класс соңында ата-аналар бір топты, оқушылар бір топты, мұғалімдер бір топты құрай отырып тапсырмалар орындады. Lesson Study тобының бұл жердегі мақсаты ата-ананы жетелей отырып, өздігінен әрекет етуге тәрбиелеу болатын.Бұл сынып жетекші жоспарлаған ата-ана көшбасшылығын дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі деуге болады. Бұл жерде ата-ана тарапынан белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды.
Бақылауда болған ата-аналар күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды. Lesson Study соңында бақылауда болған әр деңгейдегі ата-анадан жекеленген сұхбат жүргізілді. Одан әрі Lesson Study тобы қайта жиналып, алғашқы жұмыстың сәтті және сәтсіз тұстары туралы пікірлеседі.Сонымен қатар сынып жетекшілер жұмыс жүргізген зерттеу парақшаларын талдайды
Зерттеу парақшасы. 2 – кесте
|
Деңгейі |
Сынып жетекшімен қарым-қатынасы |
Топтық жұмыстағы белсенділігі |
Көшбасшылыққа ұмтылысы |
Өзге ата–аналармен ынтымақтастығы |
Еріктілігі |
көңіл-күйі |
жаңа ортаға бейімділігі |
|
А |
0 |
+ |
+ |
+ |
0 |
0 |
0 |
|
В |
+ |
- |
- |
- |
+ |
0 |
0 |
|
С |
- |
- |
- |
+ |
- |
+ |
- |
Шартты белгілері: «0»-өте жақсы, «+»-жақсы, «-»-орташа


Мастер кластан көрініс
2 – сурет 3 – сурет 4 – сурет
Бірінші Lesson Study–ді талдап, ата–аналар пікірін білгеннен кейін, екінші Lesson Study «Ақыл–анадан» тақырыбындағы топтық сайыстың жоспары құрылды. Ата–аналардың пікірлерін ескере отырып, сонымен қатар олардың бәсекелесе отырып, көшбасшылыққа ұмтылу деңгейлерін арттыру мақсатында «сезіміңді бөліс», «Ойын ойға жетелейді», «бесік жырын еске түсірейік», «Мақалды жандандыр» атты бөлімдер ұйымдастыру жоспарланды. Себебі, ата–аналар тақырыпты өз беттерімен талдап, бір–бірімізге өзіміз түсіндірсек және сергіту сәті болса деген ұсыныс жасаған болатын.Ең алғашқы бөлімде ертегіден үзінді ұсынылып, әрі қарай ата-ананың сыни ойлана отырып өздігінен жалғастыруға жағдай туғыздық. Екінші бөлімде бесік жырын айту арқылы олар өздерінің ұлттық құндылықтарымыздың дәріптеушісі болды. Мақалды жандандыр бөлімінде балаға, ата-анаға қатысты мақалдың жалғасын тауып, одан әрі осы мақалдың өз бетімен мағынасын ашты. Бұл жерде белсенді диалог орнады, барлық ата-аналар диалогқа қатысты. Әрине, өзгенің көмегіне сүйеніп айтқан, жеткілікті түсіндірмеген ата–аналар да болды. Бірақ, әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше жұмыстанды. Бекітуде берілген тапсырмаларды да ата-аналар қызығушылықпен орындады. Мұнда ата – аналар өз топтары талдамаған деректер бойынша да сұрақтарға жауап берді. Бақылауда болған С және А деңгейлі ата – аналар күткен нәтижеге сай жұмыстанды. Ал, В деңгейлі ата – анаөздігінен бесік жырын айтуда көшбасшы болуға ұмтыла алмады бойынша күткен нәтижеге жете алмады, бірақ сайыстың қалған бөлімдерінде белсенді болды, дегенмен бұл ата – анада өз біліміне сенімсіздік байқалды. Сайыс соңында ата – аналармен сұхбаттасқан кезде бақылауға алынған ата – аналар сайыста «Ойын ойға жетелейді» бөлімі бойынша қолданылған «он сұрақ» әдісінің тиімді болғанын айтты.
Зерттеу парақшасы 3 – кесте
|
Деңгейі |
Сынып жетекшімен қарым-қатынасы |
Топтық жұмыстағы белсенділігі |
Көшбасшылыққа ұмтылысы |
Өзге ата–аналармен ынтымақтастығы |
Еріктілігі |
көңіл-күйі |
жаңа ортаға бейімділігі |
|
А |
0 |
0 |
+ |
+ |
0 |
0 |
0 |
|
В |
+ |
+ |
- |
- |
+ |
0 |
+ |
|
С |
- |
+ |
- |
+ |
- |
+ |
|
Шартты белгілері: «0»-өте жақсы, «+»-жақсы, «-»-орташа
Үшінші Lesson Study тобы «Балам – болашағым» тақырыбындағы таным–тренинг сабағын ұйымдастыру мақсатында қайта жиналды. Әдеттегідей А,В,С деңгейіндегі ата – аналардың көшбасшылық деңгейін жоғарылатуға бағытталған тапсырмалар жоспарланды. Сонымен қатар ата – аналардың көңіл – күйін жақсартуға арналған қызықты тапсырмалар да жоспарға қосылды.
Тренинг барысында жоспарға алынған жұмыстар: топқа бөліну, ата – ана кодексімен таныстыру, ата – анаға арналған тест, сергіту «мен сияқты жаса», миға шабуыл «сен әркез жадымдасың», ситуациялық сұрақтар талдау, «Кім мәреге бірінші жетеді», «Үлгілі ата қандай болуы керек?», рефлекция атты бөлімдер қамтылды. Аталмыш тапсырмалардың барлығында А,В,С деңгейіндегі ата-аналардан қозғалыс сезілді. Әсіресе С деңгейіндегі ата – ана тренинг барысында барынша көшбасшы болуға ұмтылды. Тренинг соңында берген сұхбатында: «алдағы уақытта мектептегі тәрбиелік шараларда барынша белсенді болуға тырысамын» деді.
Зерттеу парақшасы 4 – кесте
|
Деңгейі |
Сынып жетекшімен қарым-қатынасы |
Топтық жұмыстағы белсенділігі |
Көшбасшылыққа ұмтылысы |
Өзге ата–аналармен ынтымақтастығы |
Еріктілігі |
көңіл-күйі |
жаңа ортаға бейімділігі |
|
А |
0 |
0 |
0 |
+ |
0 |
0 |
0 |
|
В |
0 |
+ |
0 |
0 |
0 |
0 |
+ |
|
С |
+ |
+ |
0 |
+ |
+ |
0 |
+ |
Ш
артты белгілері:
«0»-өте жақсы, «+»-жақсы,
«-»-орташа
«
Балам – болашағым»
таным – тренингінен
көрініс
5 – сурет 6 – сурет 7 – сурет
Осылайша бастауыш сынып сынып жетекшілері бірлесе әрекет еткен лессон стади тәсілі оң нәтижесін берді.
Жалпы белсенділік,бәсекелестік–екіжақты үдеріс.[2.33б] Рефлексивтік–практик (Дональд Шон) ретінде теориялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, тәжірибе барысында ата-аналарды көшбасшылыққа жетелеуді негізгі нысанға алып, сыныпта, тәрбие және тәрбиелеу үдерісінде белсенділік, бәсекелестік жағынан өзгеріс енгізіп, «іс- әрекеттегі толғаныс» жүргізіп отырсақ, бұл біздің тәжірибемізге сын қарауға, неге осындай іс-әрекет жасағанымызға мүмкіндік беретініне, тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар мен сұрақтар анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.
Ата – ана көшбасшылығын дамытуда Лессон стади тәсілін негізге ала отырып жүргізген жұмысымды іс-тәжірибемнің дәлелі ретінде ұсынамын:
Тақырыбы: Бұлақ көрсең көзін аш..
(Оқытуды басқару және көшбасшылық модулі бойынша)
Мақсаты: Оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы тығыз қарым-қатынас орнату.Әр адам бойындағы көшбасшылық қасиеттерді шыңдау.Топтық жұмыстағы белсенділіктерін арттыру.
Негізгі идея: Көшбасшылық-тәжірибені жетілдіру құралы
Керекті құрал–жабдықтар, көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар,маркерлер,видеоролик, слайд,бағдаршам бағалауына арналған үлестірме материалдар, презентация
Оқыту әдістері: Топпен, жұппен, жалпы ұжыммен
Жүргізілетін жұмыстар:
|
Іс-шараның түрі |
Ұйымдастырушының іс-әрекеті |
Қатысушының әрекеті |
|
1.Таныстыру |
1топ.Оқушылар Бас+шы 2топ.Мұғалімдер Көш+басы 3топ.Ата-аналар Бас+тау. |
Әр топ өздеріне берілген атауды 2 түрлі тақырып етіп алып қорғайды. |
|
2.Топтастыру |
«Көшбасшы деген
кім?» |
топтастыру жасап ой қорытады. |
|
3.«Миға шабуыл» |
Назарбаев ,Путин,Абама-осы адамдар туралы ойларыңыз қандай?
|
Cабағымыздың тақырыбын шығарады. |
|
4.Презентация |
Тақырып бойынша толық мәлімет беру. |
Көшбасшы туралы білімдерін кеңейте түседі. |
|
5.Топқа бөлу |
Топта: 1мұғалім 1 оқушы 1 ата – ана |
Көздерін жұму арқылы топқа адам таңдайды. |
|
6.Жасырын жаңалығым |
Көшбасшылар жасырылған суретті топ мүшелеріне жасырын түрде қимылмен көрсетеді. 1 топқа Ит 2 топқа Алма 3 топқа Аспазшы |
Топ көшбасшысының қимылын аңғара отырып, бейнелеген суретті табады. |
|
7.Бағалау |
Әр топтың көшбасшысының қимыл әрекетін бағалайды. |
1-топ даттайды. өз тобы жақтайды 3-топ төрелік айтады. |
|
8.Сатылым |
Әртүрлі сыйлық сыртына жазылған көшбасшылық қасиеттерді сату. 1.Жүрек. 2.Шыдамдылық 3.Сенімді орта 4.Ақылдылық 5.Қарым – қатынас 6.Қарсылас 7.Қол 8.Бас |
Әртүрлі сыйлық сыртына жазылған көшбасшылық қасиеттерді сатып алу үщін әртүрлі тапсырмалар орындайды.. |
|
9. Ой толғау
|
«Мен қандай көшбасшымын? Қандай қасиеттерім басым» Эссе жазылуындағы мақсатты түсіндіру. |
Өз бойларындағы көшбасшылық қабілеттерін және оны жүзеге асыру үшін кедергілер жайында жазады. |
|
10.Өзін-өзі бағалау |
Өздерін смайликтер суретін салу арқылы бағалайды Кері байланыс түрін түсіндіру,яғни Өте жақсы-5 Жақсы-4 Орташа-3 |
Өзін-өзі бағалау Өздерінің аты жазылған семантикалық картаға өз бейнелерін смайликтер салу арқылы көрсетеді. |
ІІІ. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс үлгілері үнемі өзгеріп отырады: кейбіреулері тиімділігінің болмауынан өз маңыздылығын жоғалтады да, басқалары пайда бола бастайды.Ал лессон стади тәсілі ата-аналарды тәрбие мен тәрбиелеу үрдісіне тиімдірек баулуға мүмкіндік туғызады.
Ата – аналарды мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата – аналармен келісіп алуы керек. Ата – аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.[10.44 б]
Көшбасшылықты дамыту–белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. [5.10б] Тәжірибедегі «белсенді емес ата–ананың » мәселесі бірден шешілмейді, бірақ ата-ананы топтық жұмысқа, әртүрлі шараларға тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім-ата-ана» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі ата-ана пікірімен санаса отырып, оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып тәрбиелік шараларды жоспарласақ ғасырдың талабына сай мектеппен ынтымақтаса жұмыс жасайтын, сынып жетекшімен арада кері байланыс орната алатын, волентер(ерікті), көшбасшы ата – ана дайындай аламыз деген ойға келдім.
Баяндамамды қорыта келе: алдағы уақыта Лессон стади тәсілін тәрбие үдерісінде қолдану жолға қойылса деген ұсыныс айтамын.
PAGE \* MERGEFORMAT 1


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген