жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ата-ана - бала тәрбиесінің айнасы"
ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі: Психолог сөзі
Ой жинақтау
«Өмір мәні» демонстрация
«Үй, жол, шалбар және орамал» диагностикасы;
«Ашық айтсам…» жаттығуы;
«Тілек шамы» жаттығуы.
Қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
1.Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің «Ата-ана – Бала тәрбиесінің айнасы» атты ашық есік күнімізге хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ата-ана болса оны жалғастырушы, демеуші – ұстаз.
2.Ой жинақтау:
Ата-аналар өз ойларын ортаға салады.
Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.
Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?
Балаңыздың жүріс-тұрысына, оқуына көңіліңіз тола ма?
Оның оқудағы жүріс-тұрысында сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіз?
3.«Өмір мәні» демонстрация
Сіздер үшін өмір мәні не? (ата-аналардың жауабы)
Мына ыдысты адам өмірінің мәні деп ойлайық. Бала дүниеге келгенде ол бос болады. Бала есейген сайын онда алғаш армандар, тілектер, қиялдар мен болашақ картинасы пайда бола бастайды. Бұл – «Өмір мәні» атты ыдыстың алғашқы дәндері (ыдысқа кішкентай тастар салынады).
Бала үлкен болғанда ұшқыш болғысы келеді, үлкен машинаны жүргізгісі келеді, әртіс болып, танымал болуды, жақсы жайлы үйде тұрып, әдемі өмір кешуді армандайды. Жылдар өтіп баланың бұл арман-тілектері өзгеріп жатады немесе басқа да қызығушылықтармен қосталып, үлкен мақсаттарға айналады (ыдысқа ірі тастар орналастырылады).
Бұл бала өмірінің өзегін, мән-мағынасын құрайды, ол мақсаттар алға қарай жетелеп, болашаққа ұмтылдырады, іс-әрекетке белсендендіреді. Осы үлкен мақсаттарға жету үшін балаға кішкентай шағын көп мақсаттар көмектеседі, оларды жүзеге асыру арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізіледі (ыдысқа кішкентай тастар тасталынады).
Мысалы: белгілі маман иесі болу үшін сабақты жақсы оқу, қоғамдық істерге белсене араласу, ата-ананы қамқорлыққа алу үшін көңілдеріне қаяу түсірмей, құрметтеу, т.б. Осы үлкен ірі, кіші мақсаттармен бірге өмірде күнделікті өмірлік жағдайлар, мәселелер болып жатады (ыдыстағы үлкен, шағын тастардың үстіне құм себеленеді). Бұл құрбымен келіспей қалушылық, жауапсыз махаббат, істің оңға баспауы, т.б. Мәселелер (құмдар) уақытылы шешіліп отырса, оның зияндылығы мәнсіз болады, ал көлемі көбейіп, ыдысты толтырып, басып кетсе, үлкен, кіші мақсаттар жабылып, көміліп, жойылып та кетуі мүмкін.
— Сіздер үшін үлкен тастар не? Кішкентай тастар не? Ал құм не? Ойланып, осыларды айтып кетсеңіздер.
Адам «Өмір мәні» атты ыдысқа үлкен мақсаттар (тастар) салудан бастаса, ол жақсы игілік, ал оның орнына бірінші құм себелеп, күнделікті өмір айналымымен шектеліп қалса, күнделікті мәселелерімен ғана өмір сүріп, бос, сенделіп жүрсе, кейін үлкен мақсаттарға орын болмай қалады. Өмірде басты мақсаттарды анықтап алу керек, олар болмаса, өмірдің мәні де жоғалады. Мәселелер өмірде болады, онсыз өмір қызықсыз, оларды шешу жолдарын дер кезінде қарастыру керек. Армандарыңыз бен мақсаттарыңыз айқын әрі нақты болу қажет.
4.«Үй, жол, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі: Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар. Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек. Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі. Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, қандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл ата-ана – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда отбасындағы өмірде ер адам әйелінен жоғары тұрады, отбасындағы әкенің беделінің көрінісі.
5.«Ашық айтсам…» жаттығуы, қорытынды:
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.
Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________
__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________
Менің ұсынысым_________________________________________________
__________________________________________________________________ Қолы__________________
6.«Тілек шамы» жаттығуы.
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
-Құрметті ата-аналар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
7.Қорытынды:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Бала да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаңыз, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзіңіз қалай тәрбиелесеңіз, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген