400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ата-ана – Бала тәрбиесінің айнасы» семинар-тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
ата аналармен өткізілген семинар тренинг жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ата-ана – Бала тәрбиесінің айнасы» семинар-тренинг

Мақсаты: Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, отбасындағы қарым-қатынасты үйлесімді ету, оң көңіл-күй тудыру, өзара қолдау және сенімділік атмосферасын қалыптастыру.

Тренинг ережесі:

  1. Бір-бірлеріңізді тыңдау;

  2. Өз ойыңызды ашық жеткізу;

  3. Белсенді қатысу;

  4. Уақытты тиімді пайдалану.

Өту барысы:


Алғашқы сауал:

-Сіз қандай көңіл-күйдесіз? Қандай көңіл-күймен лицейге келдіңіз? /Смайликтер/

Ата-аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе — ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз? тамыры ма әлде діңі ме әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Сіз не үшін тамыр тобын таңдадыңыз?
Сіз не үшін жапырақты таңдадыңыз?
Сіз не үшін діңді таңдадыңыз?

Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

Діңгекті таңдағандар берік, мықты, біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.


Видеоролик көру

-Бұл видео туралы ойымызбен бөліссек...

-Кейбір кездері өзіміз де істің жөнін білмей жатып, кінә артуға тырысамыз. Әрине, бастысы балаларымызбен дұрыс байланыс жасау. Осы арқылы баланың өзіне және өзгелерге деген сенімділігі де артады.


«Үй, жол, жылан, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

  • Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

  • Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

  • Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

  • Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:

Қорытындылау:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда– қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.


«Сіз қандай ата-анасыз?»

-Шынайы жауап беруге тырысайық, – Сіз қандай ата-анасыз?

– Балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?

/ата-аналар өздерінің қандай екенін айтады, балаларының қандай болып өсетінін айтады/

«Бәріміз бірге» жаттығуы

Екі-үш ата-ана уақытша бөлмеден шыға тұрсын. Ал енді біз кез келген қазақтың белгілі мақалын еске түсірейік. Мысалы: «Оқу – инемен құдық қазғандай», «Балалы үйдің ұрлығы жатпас» Бұл мақалдың әрбір сөзін екі-үш ата-анадан бөліп алайық. Бәріміз бірге айтып көрейікші. Жақсы. Қазір сырттан ата-аналар кіргенде бәріміз бірге осылай бірлесе айтайық.
Сырттан кірген ата-аналарға мынандай нұсқау беріледі: «Біз қазақтың белгілі мақалын жасырдық. Сіздер әр адамның айтқан сөздерін тыңдап, естіген сөздерден мақал құрастыруларыңыз керек (бөлме ішіндегі ата-аналар бірдей уақытта өз сөздерін айтады, сырттан кірген ата-аналар жасырылған мақалды тауып алулары керек).

-Бұл жаттығудан біздің күнделікті бала тәрбиелеуімізге қатысты қандай қорытынды шығаруға болады? (ата-аналар пікірі) Баланы күнде әңгімеге тартыңыз. Егер балаңыз басқа бір іс-әрекетпен айналысып жатқанда Сіз онымен сөйлессеңіз, балаңыз сізге толығымен көңіл бөлмей, жарты сөзіңізді тыңдамайды, сондықтан да сіздің сөздеріңіз елеусіз қалады. Көзбен контакт жасаңыз. Баланы кез келген уақытта тыңдауға дайын болыңыз.

“Сөйлемді аяқта” әдістемесі.

/парақшалар таратылады, ата-аналар орындайды, кейін
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…

/Орындық артында белгі орналасқан, кімде сол белгі бар жауап айтсаңыздар/

GOOGLE FORMS

КРАФТ МАК халықаралық ұйымының зерттеуіне қарағанда АҚШ отбасында 72% көрсеткішпен ата-аналар мұғалімнің берген біліміне, талабына мән бергенде деп көрсетеді, дегенмен 75 пайыз дөрекі сөздерді күнделікті қолданады екен.

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата-ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.


Рефлексия

-Сіз қандай көңіл-күйдесіз? Қандай көңіл-күймен қайтып барасыз?

/Смайликтер/

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ










«Ата-ана – Бала тәрбиесінің айнасы»

Ата-аналарға араналған семинар-тренинг










Өткізген: педагог-психолог Р.Рамазанова



























Өскемен, 2019

Кімнің ата-анасысыз/есімі, сыныбы/___________________________

— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…


Кімнің ата-анасысыз/есімі, сыныбы/___________________________

— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…


Кімнің ата-анасысыз/есімі, сыныбы/___________________________

— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…


Кімнің ата-анасысыз/есімі, сыныбы/___________________________

— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…


Кімнің ата-анасысыз/есімі, сыныбы/___________________________

— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…


Кімнің ата-анасысыз/есімі, сыныбы/___________________________

— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…


Кімнің ата-анасысыз/есімі, сыныбы/___________________________

— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…


Кімнің ата-анасысыз/есімі, сыныбы/___________________________

— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
4439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі