400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға" баяндама Ата-аналар жиналысы Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз -ата –ана.Бала үшін үй ішінен, ата -анадан артық тәрбиеші жоқ. Сондықтан әке де шешеде балаларының жан дүниесіне үніліп, мінез -құлқындағы ерекшеліктеріді жете білгені жөн.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз -ата –ана.Бала үшін үй ішінен, ата -анадан артық тәрбиеші жоқ. Сондықтан әке де шешеде балаларының жан дүниесіне үніліп, мінез -құлқындағы ерекшеліктеріді жете білгені жөн. «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келе бәрін түсінеді»,- деп қарауға -барып тұрған қателік. «Баланы жастан»- деген халық даналығын ескеріп, бала тәрбиесі - әр сағат,әр күн сайын тымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс.Әрбір ата- ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы,Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанынада жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата -ананың басты парызы. Қазақ- басынан басынан нәубет өтсе де, заман болса да ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған халық. Ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата -ананың бойында керек ең маңызды қасиет ата- ананың ерік жігері. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады және де біздің жүріс -тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сніміміздің өзі де күрделі, бірқалыпсыз, кейде қарама- қайшылықта болып жатады.Әке- шешенің көбісі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады.Бұл ойды жоққа шығару керек сияқты. Өйткені осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керсінше, балаға деген махабаттың жетіспеушілігінен пайда болады. Баланың тосын әрекеттеріне төзімділік таныту әрине, ол оңай шаруа емес. Әйтпесе де, мүмкін емес деп те айтуға болмайды. Негізінде бала болмысының қалыптасуы әке-шешісінің тек сыртқы қимыл әрекетімен ғана шектелмейді екен. Бала біз ойлағаннан да ішкі дүниемізге терең бойлап тәрбие алады. Бала әкенің сөзі мен қимылын қадағалап отырады. Тіпті , жүріс -тұрыс үлгісін де айна - қатесіз қайталайды екен. Ата анадан балаларға қиындыз ауысатын ең бағалы адамгершілік белгісі - бұл шеше мен әкенің ізгілігі, адамдарға жақсылық істей алуы. Яғни, бала тәрбиесі, ең алдымен, ата- анаға, отбасындағы жағдайына байланысты.

Ертеректе бір даныспан: «Баланы ұрмандар, Есіңізде болсын,олар әлі кішкентай және қорғансыз. Баланы тәрбиелеуде дүре соғу азжұмыс болғанмен, алайда олар ер жеткенде сіздер олардан қуаныш, махабат күте алмайсыз. Дене жазасы мен қатыгездік арқылы сіз олардың жүрегіне жараладыңыз», - деген екен

Қорытындылай келе, бала тәрбиесінедегі ең басты ережелер-балаға керекті кезде назар аудару білу, оған деген махаббаты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегим келеді.

Қостанай облысы Амангелді ауданы «Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ

Педагог- психологы Шамшия Магзумова Файзуллиновна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12.05.2022
1164
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12