Материалдар / Ата-ана және мектеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-ана және мектеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ана және мектеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2021
554
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата- аналар жиналысының тақырыбы: «Ата-ана және мектеп»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру,ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту; 

Түрі:  топтастыру

Көрнекілігі: карточка,дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар; қағаз қалам.

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар! Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Шаршы белгілер қол алып амандасады, үшбұрыш дауыс арқылы, шеңбер мимика арқылы амандасады.

Шаршы – өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді. Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді.
Үшбұрыш- өзіне мақсат қояды. Ол үнемі жоспармен жүреді және сол жоспарын орындаған сайын одан ләззат алып алға қарай ұмтылады. Ол ірі ұзақ мерзімді істерге көп көңіл бөледі де кішкентай бөлшектерге мән бермейді. Егер оған тапсырма берсе, ол алдымен өзіне мақсат қойып содан соң оны орындау жоспарын құрады.
Шеңбер – адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл. Ол басқалармен қарым-қатынас жасап, сөйлесе жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма берсе, ол басқа біреумен ақылдасады.

 Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынандай бір әңгімеден бастағым келеді:
Ертеде жұрттың барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді. Ол алақанына бір көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы, менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?» . Ал өзі ішінен ойлайды: «Егер де тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын. Ал егер өлі десе -ұшырып жіберемін.» Данышпан ойланып тұрып : «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап беріпті.
Біздің балаларымыз мектепте өз үйіндей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып бірігіп жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі жиналымыздың мақсаты да сол - бір-бірімізбен жақын танысу. 
«Танысу» жаттығуы.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз  Қандай  әсер алдыңыздар ? Не қиындық келтірді ?
Оның есесіне...... жаттығуы 
Мен баламды ұра алмаймын, оның есесіне ------------
Мен дәмді бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне -----------
Мен балама өте қымбат киім киізе алмаймын, оның есесіне -----------
Мен ән айта алмаймын, оның есесіне ---------------
Мен ашуланшақпын, оның есесіне ---------------
Мен әдемі күле алмаймын, оның есесіне -------------

Үш топқа тақырып беріледі.Ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
1топ.    Мектеппен ,балаңыздың сынып жетекшісімен үнемі байланыстасыз ба,олай болмаса сізге не кедергі?.
2 топ.   Сынып жетекшісі сіздің балаңызға өте ренжулі, ашулы. Сабақта отырмайды немесе тентек болады, сабақ оқымай келген деген сияқты сөздер айтты. Сіздің ата-ана ретінде әрекетіңіз.
3топ.   Бала үшін мұғалім мен ата- ана  арасында қандай байланыс болуы керек?
«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойын.

      Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты.

Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?

Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз?

Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.

Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

«Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

«Достық» кірпіші

 «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

«Махаббат» кірпіші

 Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз

«Тапқырлық» кірпіші

Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

«Түсінушілік»

 Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру.

 «Құрмет» кірпіші  Өзіңіздің бойыңыздағы ешкім білмейтін жақсы қасиетіңіз.

Үйіміз дайын.

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.

 Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

 Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Кері байланыс:

Менің жиналыс барысында түйгенім----------
Маған ең пайдалы, құнды болған----------
Маған ұнамағаны--------------
Ең жақсы ұнағаны--------------
Келесі жиналыста мен келесі жайттарды білгім келеді-------------------
Жиналыс құрылымы сізге ұнады ма?--------------












































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!