Түрі: Эстафеталық
жарыс
Өтілетін орны: Спорт
зал
Қажетті
құралдары: Қаптар, конустар, пингвин және үйректер суреттері,
жіпшелер
Өтілу
барысы:
-
I. Ұйымдастыру
бөлімі
-
1-жүргізуші:
-
Шынықсаң шымыр
боласың,
Сауығып айдай
толасың.
Спортты серік ете
біл,
Жақсы азамат
боласың.
Жеңімпаз болу оңай
ма,
Арман болған
талайға
Болмасаң да ұқсап
бақ,
Жарысқа түсіп
қалайда.
Әуенмен спортшыларымызды қарсы
алу.
-
II. Негізгі
бөлім
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, жанкүйерлер
бүгінгі салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша «Ата-ана
және
мен» отбасылық спорттық
сайысымызға хош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Жарысқа қатысатындарды
шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен
атырамыз.
Өнерді ой көгінде
бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді
ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға
шақырамыз.
-
«От» тобы
-
«Жер» тобы
-
«Су» тобы
2-жүргізуші:
Ал, құрметті
халайық!
Жарысты енді
көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға
беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға
беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
-
Мекеме
директоры: Абай Бибіфатима
-
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі:
Нагашбаева
Жибек
-
Директордың орынбасары:
Гайсина Айгуль
1-жүргізуші:
Таза ауа, спорт болсын
дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше
әліміз.
«Алға» — деген бір – ақ мақсат
ұстанып,
Сайысқа аттанайық
бәріміз!
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен
бағаланады.
Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі
:
-
«Өз тобыңды
таныстыр»
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын
береді.
2-жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт
сапар!
Сайысымызды
бастаймыз.
Өнер қуып топ өтер
дейміз,
Бір басына өнері жетер
дейміз.
Сайысқа келген топтар
кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер
дейміз.
-
: «Қос аяқпен секіру»
Ойынның шарты: Қос аяқпен берілген конусты айналып, кері қарай тап солай
тапсырманы орындау.
Эстафетаны келесі ойыншыға
беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып
есептелінеді
-
: «Қаппен секіру»
Ойынның шарты: Қап киіп, белгіленген конусты айналып, кері қарай тап солай
тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға
беру.
-
: «Құшақтасып жүру»
Ойынның шарты: Сызылған сызық бойымен құшақтасып жүріп, белгіленген
конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі
ойыншыға беру
-
: «Пингвин мен
үйректер»
Ойынның шарты: Ата аналар қолдарына су толтырылған екі шелекті ұстап,
пингвин мен үйректердің ізідерінен жүріп, белгіленген конусты
айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға
беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып
есептелінеді
III. Қорытынды
бөлім
1-жүргізуші:
Жарыс заңы
ежелден-
Жеңімпазды
анықтау.
Жеңімпаз болу шарты
сол-
Еңбектену,
жалықпау.
Біреу озса
сайыста,
Біреу артта
қалады.
Жеңілгендер
ренжімей,
Тараса бізге жарады,
—
демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да
уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп
шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына
беріледі.
Жеңімпаздарды
марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын
тыңдау)
2-жүргізуші:
Құрметті
ұстазымыз!
Бір тілек
айтарымыз,
Берекелі заман
болсын,
Шәкірттеріміз аман
болсын!
Жиырма бірінші
ғасырда,
Ашық аспан
астында,
Денсаулықтарыңыз мықты
болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа
толсын!
Бүгінгі «Ата ана және мен»
жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға көп-көп
рахмет!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау
болыңыздар!