Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ата-ана жиналысы хаттама №1
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Жастерек» жекеменшік бөбекжайы»
жалпы ата – аналар жиналысының хаттамасы
Хаттама № 2
Қатысқандар:
Бөбекжай директоры: М.Рустамбекова
Әдіскер: А.Біләлова
Медбике: Г.Қалдарова
Тәрбиешілер: 3
Ата – аналар: 70
Барлығы: 90
Күн тәртібінде:
-
Кеңес «Бөбекжайдағы бейімделу кезіндегі ата-ананың рөлі» Бөбекжай әдіскері : А.Біләлова
-
Жаңа келген ата-аналарды 2022-2023 оқу жылындағы мақсат- міндеттермен таныстыру. Бөбекжай директоры М.Рустамбекова.
-
Ата – аналар комитетін сайлау.
-
Сауалнама өткізу. Бөбекжай әдіскері : А.Біләлова
-
Балалар ауруларын алдына ала ескерту жөнінде медбикенің баяндамасы. Бөбекжай медбикесі Г.Қалдарова
Тыңдалды:
1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша бөбекжай әдіскері : А.Біләлова «Бөбекжайдағы бейімделу кезіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында кеңес оқыды. Мектепке дейінгі мекемеде психологиялық қызмет құру қажеттілігі басқа түскен қиындықтарды шешуге қабілеттілігінен байқалады.Баланы балабақшаға беру немесе бермеу жағдайы жанұяның барлық мүшелерінің эмоциялық күйіне, жанұяның маңызды мәселелеріне байланысты. Қазіргі уақытта көпшілік ата-ананы “Бала үшін балабақша қажет пе?” — деген сұрақ толғандырады. «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленген бала мектепке тез бейімделеді, әлеуметтік қатынасқа жақсы түседі, құрдастарымен қарым-қатынаста тәжірибе жинақтайды» — деген түсінік қалыптасқан.
Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо-физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым-қатынастарына, мектепке дейінгі мекемедегі қатысу шарттарына байланысты. Анасынан және
жанұядан тыс жерде ересектер және өзге балалармен жаңа қарым-қатынас орнату бала үшін қиындық тудырады. Әр бала жаңа жағдайға әртүрлі бейімделеді. Мысалы, 2-3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс, өйткені анасымен құштарлық сезімі тығыз, анасының жоқ болғаны баланың қарқынды қарсылығын толғатады, әсіресе бала сезімтал болса. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.Психолог баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында бақылауға алады. Балабақшада баланың өзін еркін сезінуіне қажетті машықтарынан басқа, оның ұжымға араласуға психологиялық дайындығы да аса маңызды. Баланың көңілін ашық, жылтыр заттар өзіне аударады. Мысалы: сабын көпіршіктері, шарлар. Тәрбиешілер баланың назарын топтағы ойыншықтарға аудару қажет. Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу, доппен ойын ұйымдастырып, жаңадан келген балаларды шақыру керек. Эмоция балалардың өмірінде маңызды роль атқарады. Олар шындықты ұғындыруға және дұрыс қарым-қатынас құруға көмектеседі, деп айтып өтті. Кеңесін түсіндіріп болып ата-аналармен тренинг өткізді. Ата-аналар бір ерекше сезініп жақсы көңіл күймен рахметтерін айтты.
Шығып сөйлеушілер:
1. «Ақбота» тобының ата – анасы Бөкенбайқызы Айгул өз сөзінде бүгінгі ата – аналар жиналысында 2022/2023 оқу жылында жақсы жұмыс жасап жатырсыңдар, бұл өте орынды. Жыл бойы жақсы деңгейде жұмыс жасағандарың көрініп тұр. Бөбекжай әкімшілігі қай мезгілде, қандай сұрақтармен барсақ та толық, нақты жауаптар беріп отырады. Тәрбиешілермен кеңесе отырып, өзімізге керекті кеңестер де алып отырамыз. Таңертең бөбекжайға келген кезде міндетті түрде ертеңгілік жаттығулар орындалып отырады. Биыл бөбекжайға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны көрініп тұр. Тазарып қалған.Өз сөзімді қорыта келе бөбекжай әкімшілігіне және тәрбиешілерге үлкен алғысымды білдіремін.
2. «Жұлдызай» ата – анасы Кулшарова Н өз сөзінде – бүгінгі жиналыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Бөбекжайдың еңбегін, жеткен жетістіктерін естіп, қуанып отырмын. Балаларды бөбекжайда салауатты өмір салтын ұстануға жақсы бағыттаған. Тоқтала кететін болсам балалармен жиі спорттық ойындар, жарыстар болып жатады. Міне осы шаралар арқылы балалардың денсаулығы мықты болады деп ойлаймын. Өз сөзімді қорыта келе бөбекжай ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, балаларымыз ешқашан ауырмасын, денсаулықтары мықты болсын дегім келеді.Баршаңызға шығармашылық табыс тілейміз,-деп өз сөзін қортындылады.
Тыңдалды:
2.Екінші және үшінші мәселелер бойынша бөбекжай әдіскері : А.Біләлова 2022 – 2023 оқу жылының жылдық жоспарымен таныстырып өтті. Балабақша өткен оқу жылы да өте жақсы деңгейде алға қойған мақсатын және міндеттерін алып шықты. Көптеген үлкен жетістіктерге жете білдік, ал 2022 – 2023 оқу жылында алға қойған мақсатымызбен таныстырып өтейін.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаңа технологияларды тиімді қолдану негізінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын дамыту және тәрбиешілердің құзреттілігін денгейін жетілдіру.
Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын арқылы оқыту, балалар әрекетін ұйымдастыру арқылы айналасындағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, олардың ұйымдастырушылық қаблеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Бөбекжай мен отбасы ынтымақтастығының нысандарын кеңейту жолмен баланың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.
2.Жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениет арқылы рухани – адамгершілік құндылықтар негізінде баланың тұлғааралық қасиеттерін дамыту.
3.Инновациялық технологияларды қолдану негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзреттіліктерін қалыптастыру.
Осы алға қойған міндеттер бойынша барлық тәрбиешілер толыққанды жұмыс орындау керек деп ойлаймын. Біз осы мақсат міндетпен жыл бойы жұмыс жасаймыз. Сондықтанда әр отырысқа педагог - мамандар шығармашылықпен дайындалып өткізетін ұйымдастырылған оқу қызметтерге, ертеңгіліктерге, ойын сауықтарға тағы да басқа да іс – шараларға тыңғылықты дайындалып келеді деген ойдамын. Өз сөзімді қорыта келе педагог мамандарға шығармашылық табыс тілеймін,-деп өз сөзін қортындылады.
Шығып сөйлеушілер:
1. «Ақбота» ересек тобының тәрбиешісі, әрі ата-ана Дүйжанова Онайгул өз сөзінде – мен жас маманмын, бүгінгі жиналыс жақсы денгейде өтіп жатыр. Баршаға және тәрбиешілерге алғысымыз шексіз. Қай уақытта келсекте балалармен оқу қызметтерін және ойындарын өткізіп жатады. Ертеңгілік кездерінде балаларымыз үйдегіден басқаша тақпақ, әндерін айтып, билерін билеп жүреді. Бар қолымыздан келген көмегімізді аямаймыз. Осы балалардың тәтті қылықтарына қызығып тәрбиеші мамандығын алып тәрбиеші болуды ойладым. Ойлаған мақсатымада жеттім. Бөбекжай ұжымына тек биіктерден көріне берің деп,-өз сөзін аяқтады.
Тыңдалды:
3.Үшінші мәселе бойынша бөбекжай ата – аналар комитетін сайлау.
Ата-аналар төрайымын сайлаудың мақсаты: бөбекжайда мерекелер өткізгенде, мысалы жаңа жылдық және наурыз мерекелері сияқты ертеңгіліктер өткізгенде ата-аналар тарапынан көмектер көрсету тағы да басқа сияқты мәселелер үшін. Бұл мәселер бойынша ата-аналар арасында жарыс сөздер жүреді. Ең алдымен ата-аналар комитетіннің төрайымын сайлау туралы мәселер қаралды.
Шығып сөйлеушілер:
1. «Балапан» топ ата – анасы Якупбаева Айгул өз сөзінде биылғы ата – аналар комитеті бөбекжаймен байланыста болып, жақсы жұмыс жасайды. Біздер де бұған куәміз, өйткені топ тәрбиешілері қандай мәселе болса да, ата – аналармен байланысып, пікірлесіп тұрады. Әрине біз де балаларымыз үшін бәріне де әзір екенімізді білдіреміз.
2. «Жұлдызай» ата – анасы Бөкенова Сара - өз сөзінде ата-ана комитеті болғанда қандай қызмет атқаратыны жөнінде сұрақ қойды. Бұл сұраққа бөбекжай әдіскері жауап берді. Бөбекжай әдіскері жауабынан кейін ата-ана Чаканова Ботагөз бөбекжай ата-аналар комитетінің төрайымына өзін ұсынды. Былтыр да мен болып едім бола берейін деп. Ата-ана Чаканова Ботагөз ұсынысын қалған ата-аналар бір ауыздан қабылдады және ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлады.
Тыңдалды:
4.Төртінші мәселе бойынша бөбекжай медбикесі Г.Қалдарова «Балалар ауруларын алдына ала ескерту» баяндама оқыды. Баяндамада жұқпалы аурулар әр түрлі жолдармен тарайды. Оның едәуір бөлігі ауа-тамшылы жұқпалылар тобына жатады. Бактериялар тудыратын сырқаттарға – күл ауруы, көкжөтел, туберкулез, қызамық менингококтық жұқпа, гемофильді жұқпа және тағы басқалар жатады. Бұған қоса, вирус қызылша, қызамық, ЖРВИ және тұмау да осы сырқат қатарынан. Жұқпалы аурулардың көбісі адамдармен тікелей байланыс кезінде ауа тамшысы арқылы тарайтыны анықталған.
Сырқат температураның жоғарылауынан, тамақтың жыбырлауы, мұрынның бітуі, жөтел, бас ауруларынан, жалпы әлсіздіктен басталады. Ал қызылша, қызамық сияқты инфекцияларда тері қабатында бөртпе пайда болады. Ауа-тамшы инфекцияларының алдын алу спецификалы және спецификалы емес болуы мүмкін. Ауа-тамшы жұқпаларының алдын-алудың ең тиімді тәсілі – вакцинациялау. Пневмококты, менингококты және гемофильді инфекцияларға, тұмауға, көкжөтелге, күл-ауруына, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, туберкулезге қарсы иммундау профилактикалық егудің ұлттық күнтізбесінде белгіленген. Мәселен, сәбилерге, балаларға екпелердің көпшілігі бала жасында жүргізіледі. Ал тұмауға қарсы вакцинациялау барлық халыққа бірдей ұсынылған. Ең алдымен жұқтыру және ауыр асқынулары бар ауру қауіп-қатер топтарына екпе жүргізіледі. Сонымен қатар, балаларға, қарт кісілер мен әлсіреген адамдарға, созылмалы сырқаты бар науқастарға, педагогтар мен медицина қызметкерлеріне, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне екпе жүргізіледі,-деп өз сөзін қортындылады.
Шешім:
1.Бөбекжай әдіскері А.Біләлова «Бөбекжайдағы бейімделу кезіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбындағы кеңесі «жақсы» деп бағалансын.
2. 2022-2023 оқу жылының жылдық міндетпен және жоспармен таныстыруы «өте жақсы» деп бағалансын. Бөбекжай әдіскері А.Біләлова
3.Бөбекжай ата –аналар комитетінің төрайымы болып Бокенова Сара тағайындалсын.
Мүшелері: 1.Якупбаева А
2.Жарылғап Ж
3.Шөкенова Н тағайындалсын.
-
Ата-аналарға сауалнама жүргізіліп «жақсы» деген жауаптар алынды. Бөбекжай әдіскері А.Біләлова
-
Балалар ауруларын алдына ала ескерту жөнінде медбикенің «Балалар ауруларын алдына ала ескерту» баяндамасы «жақсы» деп бағаланды. Бөбекжай медбикесі Г.Қалдарова
Төрайымы: М.Рустамбекова
Хатшы: А.Біләлова