400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ата-ана жиналысы Отбасы- тәрбиенің басты ұясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналар жиналысы: «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы»

Мақсаты: Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету .

Көрнекілік:  нақыл сөздер,слайд,.

Жиналыс жоспары.

Ұйымдастыру

Кіріспе сөз.

Ата-аналарға тест «Сіз қандай ата-анасыз?» (әр жауап үшін 1 балл)

Әңгімелесу-Миға шабуыл.

«Жанұя ойыны» сергіту сәті

Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер оқылады (тапсырылады)

 

Жиналыс барысы:

1)Ұйымдастыру.

2)Кіріспе сөз.Оқытушы: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.Ал баланың сізге ұқсауы үшін, сіздің қасиеттеріңізді алу үшін өзіңіз не істедіңіз? Қане,осы орайда тәжірибе алмасайық. Өз отбастарыңызда қалыптасқан,баланың оңды қасиеттерін жетілдіруге бағытталған қандай дәстүрлер бар? Сол туралы әңгімелесейік.

Негізгі бөлім: Ата-аналарға «Сіз қандай ата-анасыз?» тест. Олар балалармен қарым-қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.

-Мен саған қанша рет айтамын?

-Маған кеңес бере ғойшы,айналайын!

-Мен сенсіз не істер едім?!

-Бұл не тағы?

-Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой?

-Кімге тартқан бәлесің өзің?

-Мен сендей кезімде..

-Сен менің тірегімсің,қолқанатымсың!

-Сенің жаныңдағы қандай достар осы?

-Сен не ойлап отырсың ?

-Ұлым (қызым),сен қалай ойлайсың,жұрттың баласы бала сияқты,ал сен болсаң…

-Ақылдымсың ғой сен менің!

Жауптары: 7-8 балл-Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым-қатынас жасап отырмасаңыз да,ол сізді құрметтейді.Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

9-10балл-Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді.Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 

11-12балл –Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді,бірақ ол,ата-ананың аялы алақанына,жылы сөздеріне зәру. 

13-14балл-Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстаңған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз.Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар-оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз,оның сөздеріне құлақ асыңыз.

Оқытушы: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата-ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

Әңгіме: Ми шабуылының тәсілі (ата-анаға сұрақ)

Мұғалім: — Құдайдан адамдар бала бер деп жалбарыныпа сұрайды. Адамға неге бала керек? (ата-аналар өз пікірлерін айтады)

Мұғалім: Әрине,бақыты отбасы бұл әрбір адам өміріндегі ең маңыздысы.Бұл туыс және туған адамдар, оларды біз құрметтейміз, оларға сенеміз,қуаныш пен бақыт тілейміз.Әрбір бала дүниеге өз миссиясымен келеді.Ал біз не істейміз? Біз балаларға нұсқаулар бере бастаймыз, ал кейбіреуі өмір жолымен жетелейді.

«Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы: (5 минут)

1.Балаңызды аты-жөні

2.Қандай мамандықта, топта білім алады?

3.Балаңыздың туған  күні?

4.Топ кураторының толық аты- жөні?
5.Балаңыздың колледждегі құрбысы (досы) кім?

6.Балаңыз қандай өлшемді   аяқ киім киеді?
7.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
8. Балаңыз алдыңғы семестрді сабағын қалай аяқтады?
9.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
10.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
11.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
12.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

13.  Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
14.Балаңыздың ең жақын досы кім?

Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

 Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер (оқылады) таратылады. Мұғалім: Әрине,өмірдің барлық жағдаяттарын қамти алатын, жұрттың бәріне ортақ,бірыңғай ереже жоқ.Әрбір бала әртүрлі. Әрқайсысы өзінше ерекше. Сол сияқты бізбен сіздің қарым-қатынасымыз да өзіндік сипатта. Біздер:педагогтар мен ата-аналар- балалардың бойындағы білуге құмарлық,еңбек етуге,әдемілікке, өз қабілет-қарымы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысушылық әрекеттерін жетілдіру,дамыту,қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет. Мен бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміздің нәтижелі боларына сенемін. Жиналыстың соңында сіздерге алғыс айта отырып,жауап байланыс парағын толтыруды сұраймын.

Жауап байланыс парағы:

Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?

Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?

Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1036
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі