400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ата_ана_жұмыс_жоспары_хаттамасымен

Материал туралы қысқаша түсінік
ата_ана_жұмыс_жоспары_хаттамасымен
Материалдың қысқаша нұсқасы











Мектепалды даярлық сыныбының

ата-аналар жиналысының хаттамасы

2022-2023 оқу жылы






































Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1


Қатысқаны: 2

Қатыспағаны: 0


Ата-аналармен күн тәртібінде қаралған мәселе:

1. Танысу.Сыныппен, педагогпен.

2. Ата-аналарды мектепке дейінгі оқу бағдарласымен таныстыру.

3. Оқу іс-әрекет түрлерімен таныстыру.

4. Ата-аналар комитетін сайлау.

5. Ата-аналарға арналған әңгімелесу тесті.


Тыңдалды:

Ата-аналар жиналысын педагог Еслямова Гульмира ашып, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.Мектепке келген әрбір бала осы балабақшаны бітіріп кеткенге дейін осы үйдің туған бөбегіндей болып тәрбиеленеді, білім алады, жан-жақты дамиды, жетіледі.Балаларыңыз мектепке қабылданғаннан бастап тәрбиешілер олармен жеке жұмыс жүргізеді. Олардың тілін дамыту үшін, логикалық ойлауын, жан-жақты дамуын қалыпт астыру мақсатында түрлі дидактикалық ойындар мен жұмыстар жүргізіледі.Мектептің бекітілген күн тәртібі арқылы балалармен уақытылы жұмыстар жасалып отырады, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, серуен, түскі ас,ойын түрлері- барлығы өз уақытымен өткізіліп отырады.

Педагог ата-аналарға ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерімен таныстырды. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұзақтығы 25-30 мин. Мерекеде, әуез, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізіледі.Және де әр мереке сайын балаларға тақпақтар,өлеңдер,билер үйретіледі.Мерекеге сай балаларыңызды киіндіріп жіберіп отырасыздар және де келіп көрулеріңізге де болады.Әр ата-ана өз пікірін айтты.

Ата-аналарға тест сұрақтары қойылды.Әр ата-ана сауалға өз ойларын білдіріп, ортаға салды. Сұрақтарға ауызша жауап берді.

Ата-аналар арасынан бірауыздан ойласа келе жауапкершілігі мол ата-ана комитетін сайлады.

Ата-ана комитетінің төрайымы:Авазова Зарина

Мүшелері: Рахметова Анар


Жиналыс қаулы етті:

1.Мектеп күн тәртібі қатаң сақталсын.

2.Мектеп іс-шараларына әр бала уақтылы қатыссын.



Хатшы:

Төрайымы: Еслямова Г.


Тлектес ЖОББМ ­­­­­1.09.2022ж

Ата –аналар жиналысының хаттамасы №2

Қатысқаны: 2

Қатыспағаны:


Ата-аналармен күн тәртібінде қаралған мәселе:

1. Оқу-тәрбие жұмысындағы балалардың алған білімі мен кемшіліктері.

2. «Қош келдің Жаңа жыл!» мерекесіне дайындық

3. Ата-аналарға арналған кеңес


Тыңдалды:

Ата-аналар жиналысын педагог Еслямова Г. ашып, ата-аналарға мектептің күн тәртібін еске сала отырып,осы күн тәртібін қатаң түрде сақтауын өтінді.

Педагог балалардың үлгерімі мен тәртібін айтып өтті.Оқу жылының бірінші тоқсаныныда өтілген оқу іс-әрекет барысындағы әр балалардың жеткен жетістіктерін айтты.Балалардың сандарды танып, есептеуді үйренгендерін айтты.Педагог ата-аналарға қыркүйек айындағы бастапқы мониторинг нәтижесімен таныстырды.Жыл басындағы көрсеткіші төмен балалардың қазір біршама дәрежеге көтерілгенін айтты.

Балалардың жаңа жылдық ертеңгілікке дайындығын айтып, әр баланың мерекеге сәйкес киетін костюмдерін ата-аналарға тапсырды. Жаңа жылдық мерекені ата-аналардың келіп тамашалауына болатындығын айтты.Балалардың жаңа жылдық сыйлықтарын ата-аналар бірауыздарын ойласа келіп шешіп, ата-аналар комитетіне сеніммен тапсырды.

Педагог ата-аналарға арнап «5-жасар баланың оқу тәрбиесінің негізгі міндеттері»тақырыбында баяндама оқып,кеңес берді. Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді.


Қаулы:


  1. Бала үлгерімінің жоғарылауына ата-ана да өз үлесін қоссын.

  2. Жаңа жыл мерекесіне сәйкес әр балаға мерекелік костюм кигізілсін.




Хатшы:

Төрайымы: Еслямова Г.



Тлектес ЖОББМ 2.12.2022ж






Ата –аналар жиналысының хаттамасы №3

Қатысқаны:2

Қатыспағаны: 0


Ата-аналармен күн тәртібінде қаралған мәселе:

1. Оқу-тәрбие жұмысындағы аралық бақылау

мониторинг нәтижесі.

2. «Алғашқы ұстаз - ата-ана» дөңгелек үстел.



Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша, педагог Еслямова Гульмира балалардың І жартыжылдық жетістігімен таныстырды, мониторг көрсеткіші бойынша әр баланың деңгейіне тоқталып өтті. Балалардың алғашқы оқу жылына қарағанда, деңгейі біршама көтерілген, яғни балалар өз еркімен киінуді, киімдерін ұқыпты етіп жинастыруды, сәлемдесуді, қоштасуды үйреніп, жақсы-жаман қасиеттердің ара жігін ажырата алуды меңгерді.Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау нормаларын үйренді. Өзінің атын, тұрмыстық заттар мен жануарлардың аттарын атайды. Тақпақтарды, қысқа өлеңдерді жатқа айтады.

Екінші мәселе бойынша, ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді. «Алғашқы ұстаз - ата-ана» атты тақырыпта ата-аналар арасында пікірталас жүргізілді. Әр ата-ана өз ойын ортаға салды. Пікірталас соңында, қорытынды есебінде педагог ата-аналарға «Алғашқы ұстаз – ата-ана» баяндама оқып берді.


Қаулы:

  1. Балаларымен одан әрі қарай да жұмыс жасалсын.

  2. Әр бала мерекелерге қатыссын.




Хатшы:

Төрайымы: Еслямова Г.





Тлектес ЖОББМ 13.01.2023ж









Ата –аналар жиналысының хаттамасы №3


Қатысқаны: 21

Қатыспағаны: 4


Ата-аналармен күн тәртібінде қаралған мәселе:

1. Оқу-тәрбие жұмысындағы ІІІ тоқсанның жетістігі және

кемшілігі.Мониторинг.

2. Жазғы демалысқа дайындық

3. «Гүл шоғы» тренинг

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша, топ тәрбиешісі Қойшыбаева Нұржамал

ата-аналарды балалардың бір жыл бойғы алған білімдері туралы қорытындылады. Балалар балабақшадан көп нәрсені үйренді.

Табиғатта өзін-өзі ұстау қарапайым мінез-құлық дағдыларын меңгерді, яғни көгалды таптамау, ағаш бұтағын сындырмау, гүлді жұлмау. Сөйлеу барысында әдептілік сақтайды. Өзінің сүйікті ертегілері мен әңгімелерін айтады. Ересектердің сұрақтарына толық жауап береді. Үстел басында өзін-өзі ұстау қарапайым ережелерін орындайды. Жақын адамдарына көмектесіп, қол ұшын беруді үйренді.Ата-аналардың пікірі тыңдалды.

Екінші мәселе бойынша, топ тәрбиешісі ата-аналарға жазғы демалыс туралы айтты. Балабақша жазғы күндері де жұмысын тоқтатпайды, жазда балалар көп уақытын серуенде өткізеді,сол себепті басына жазғы қалпақтары болсын. Жазда шынықтыру жұмыстары және іс-шаралар өткізіледі. Жазғы айларда балаларына демалыс алуларына да болатынын ескертті.

Үшінші тәрбиеші ата-аналармен «Гүл шоғы» деп аталатын тренинг өткізді. Тренингте ата-аналарға кішкене гүл шоқтары таратылып берілді, ата-аналар өздерінің гүл шоғына балабақшаға деген тілектерін, алғыстарын жазып, оны тақтада тұрған құмыраға әкеп жапсырды. Ең соңында, ата-ана мен тәрбиешінің біріккен жұмысының нәтижесі ретінде үлкен бір «Гүл шоғы» пайда болды.

Қаулы:

  1. Балалар жазғы маусымға сай киіндірілсін.

  2. Балалар балабақшадан себепсіз қалдырылмасын.


Хатшы: Қосымова И

Төрайымы: Колесникова.С.

«Алғашқы ұстаз-ата-ана»

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.






Хаттама № 1

Қызылорда қаласы

Қатысқандар: 22 ата-ана

Қатыспағаны: 3 ата-ана

Бала саны: 25

Күн тәртібінде

1. Ата-аналарды күн тәртібімен таныстыру

2.Оқу-тәрбие жұмысымен таныстыру

3.Ата-аналармен жиналысты ұйымдастыру,өткізу

4.Көңіл көтеру,тренинг ертеңгілік мерекелеріне ата-аналарды қатыстыру

Тыңдалды:

1.Ата-аналар жиналысын Абдрахманова Роза Сейтханқызы ашып ата-аналарды оқу жылымен құттықтады.Балабақшаға келге әрбір бала осы балабақшаны бітіріп кеткенге дейін осы үйдің тіған бөбегіндей болып тәрбиеленеді,білім алады,жан-жақты дамиды.Балаларыңыз балабаұшаға келгеннен кейін,тәрбиешілер олармен жеке жұмыс жүргізеді.Балабақшаға бекітілген күн тәртібі бойынша жұмыс жасайды.Яғни таңертеңгілік жаттығу,таңғы ас,ұйымдастырылған оқу і-әрекеттері,серуен,түскі ас,түскі ұйқы,ұйқыдан ояну,бесінді ас,ойын түрлері-барлығы өз уақытымен өткізіліп отырады.Бұл топ балалары 3 пен 4 жас аралығы болғандықтан, II сәбилер тобы деп аталады.яғни "Балапан" тобы деп аталады.Тәрбиешілірі: Мажитова А.А, және Азизова Ж. З

2. Тәрбиеші Мажитова Айжан ата-аналарды балабақшаның келісім шартымен таныстырып,оны әр ата-анаға таратып берді.Келісім шарт балабақшаға келген күннен бастап һз күшіне енеді.Және бір жылға жарамды.Келісім шарттың барлық бөлігіндегі міндеттерді орындау екі жақтыңда міндеті.Әр айдың 10-на дейн балаларыңыздың тамақтануына тө

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
124
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі