15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-ана махаббаты
Панфилов ауданы
Үшарал ауылы
«Айгөлек» балабақша ПСИХОЛОГЫ
Досболатова Ақерке Асқарқызы
Ата-ана махаббаты
Педагог – психолог: А.А.Досболатова
«Ата-ана махаббаты»
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша,альбом, газет, шар.
Тренинг бағдарламасы:
1. Есімдер аллитерациясы.
2. Баяндама. «Ата-ана махаббаты».
3. Релаксациялық жаттығу
4. Мәтінмен жұмыс «Бақытты отбасы»
5. Шығармашылық тапсырма:
Бала деген кім?
Тренинг барысы:
І. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту крек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
ІІ. Баяндама. «Ата-ана махаббаты».
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
ІІІ. Релаксациялық жаттығу: «Менің отбасымның - гүл бағы»
Мақсаты: Ғажайып баққа саяхат жасау арқылы дүниенің бірлігін, біртұтастығын, әр адамның қайталанбас тұлға екендігін сезінуін қамтамасыз ету, өзін бағалай білуге жетелеу, өзара түсіністік сезімін қалыптастыру.
Терең тыныс алыңыз .1..3.
Өзіңізді ыңғайлы, қалыпты ұстаңыз да, көзіңізді жұмыңыз.
Өзіңізді бақылаңыз.
Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнектері түрлі-түсті қақпа пайда болды да, жарқ етіп ашылып кетті. Отбасыңызбен бірге әрі қарай өтіңіз. Сіздің отбасыңыз тамаша бақтың ішінде.
Алуан түрлі раушан гүлдер тобы сізге қарап, сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген, мыңдаған қызылды-жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті.
Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізді. Сіздерді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі билейді. Гүлдердің ішінен өзіңізге жаны жақын адамдардың бейнесі жымиып, сүйіспеншілікпен қарап тұрған сияқты. Олар кімдер?
Жүріп келе жатып сіздерді алыстан көз тартып шақырғандай болып тұрған гүлдің сіздің отбасыңызға жақын, сіздерге туысқандық байланысы барын сезесіз. Түсі қандай? Жақындап қараңызшы, ол ешқайсысына ұқсамайды, ерекше және қайталанбайды. Үңіліп қарасаңыз, ол гүлден өз отбасыңыздың бейнесін көресіз. Ол өте әдемі. «Әр гүлдің өз иісі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенін ұмытпаңыз!». Өзіңізді, өз отбасыңызды бағалай біліңіз. Гүлдер, ағаштар, жемістер бір-біріне еш ұқсамайды, бірақ олар бір жер бетіндегі топыраққа өсіп, тамырын жаяды, оларға ортақ бір ғана күн жылуын беріп, шұғыласын шашады. Адамзат баласы да солай. Ақ, сары, қара, түрлі нәсіл, ұлттардың күні де, жері де ортақ, жаратушысы бір. Осы туралы ойланып көрдіңіз бе?
Адамзат әлемінің ғажайып бағында өсіп тұрған алуан түрлі раушан гүлдер сияқты сіз де, сіздің отбасыңыз да солардың бірі екеніңізге қуаныңыз. Сіз гүл болсаңыз, өзіңді қалай сезінер едіңіз? Өзіңізге де, айналадағылардың бәріне де сүйіспеншілікпен қарауға тырысыңыз. Сіз өзгелерге қалай қарасаңыз, сізге де өзгелер солай қарайды. Сіз өзіңізді, өзіңіздің отбасыңызды сыйласаңыз, өзгелер де сізді сыйлайды.
Маған қосылып іштей қайталаңыз: «Мен – ол – мен», «Менің отбасым – ол – менің отбасым » бүкіл әлемде біздің отбасымызға ұқсайтын отбасы жоқ. Менің барлық жеңісім, менің табысым тек менің отбасыма ғана тиесілі. Менің отбасымның барлық жеңілісі мен қателігі ол өзіміздікі. Менің отбасымда бәрі жеткілікті. Менің отбасым өте тамаша. Менің қолымнан бәрі келеді. Таза ауада тамаша демалып жатырмыз. Біз еркін тыныстадық, ғажап қана ұйықтадық. Ақырындап көзімізді ашайық.
Талдау.
1. Сіздер қандай сезімде болдыңыздар ?
2. Әлемге қатысты қандай сезім пайда болды?
IV. Мәтінмен жұмыс «Бақытты отбасы»
Бір үлкен отбасында 100 адам өмір сүрген. Олар әрдайым тату болған. Оны естіген патша таңданып, үй иесінен себебін сұрайды. Сонда үй иесі қағазға бір сөзді 100 рет жазады. Ол қандай сөз жазды деп ойлайсыздар? (пікірлерін білдіру).
V. Шығармашылық тапсырмалар:
Бала деген кім?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген