Ата-ана махаббаты. Дөңгелек үстел.5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-ана махаббаты. Дөңгелек үстел.5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектеп психологына ата-аналармен жұмыста қолданылады. Бала мен ата-ана арасындағы түсініспеушілікті болдырмау.Бала тәрбиесіндегі ата-ана махаббатының орнын өзектендіру
Материалдың қысқаша нұсқасы



«ЖББ А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекмесі





Shape1

Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасқа арналған психологиялық тренинг

(Дөңгелек үстел 5-9 сынып ата-аналары)








Өткізген: мектеп психологы Шалғынбаева М.Қ



















Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы анықтау және ата-ана махаббатының бала өміріндегі маңыздылығы туралы ақпарат беру.

Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, сиқырлы таяқша, альбом, газет, шар.

І. Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.

Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айтуы керек.

Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

  • Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?

ІІ. «Үшеуіміздің суретіміз!» тренингі

Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.

Талдау:

1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?

2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?

3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?

4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?

Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.

III . “Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?” ата-аналарға арналған сауалнама

1.Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды Сіз қалай байқадыңыз?

а) ол өзі маған бұл туралы айтты

б) ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады

в) мен ана болғандықтан бұны сездім

г) бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым

2.Сіздің балаңыздың досы Сізді:

а) екінші анасы сияқты сезінеді

б) Сіз кіргенде үндемей қалады

в) құрметпен, бірақ салқын қарайды

г) құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды

3.Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз Сізді шақыра ма?

а) кейде

б) жоқ, ешқашан

в) шақырды, бірақ мен келіспедім

г) олардың жиналатын орны маған ұнамайды

4.Көптеген ата-аналар балалары олардың заттарын тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады. Ал Сіздің жағдайыңызда:

а) бұлай болмайды, себебі олар үшін бұл заттар модадан шығып қалған

б) бұлай болмайды, себебі оған сәйкес (шақ) келмейді

в) мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді

г) рұқсат бермеймін, себебі әрбір адам өз затын пайдалануы қажет

5.Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығушылығын байқап қалдыңыз, Сіз:

а) оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ

б) балаңыздан “саған бұл хабар ұнай ма?”- деп сұрайсыз

в) ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін

г) біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын

6.Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: “біздің кезімізде бұлай ... болмаған”:

а) 1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрі өзгеретінін мойындаймын

б) қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ

в) аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймын

г) мен бұлай оған айтқан жоқпын

Тестің қорытындысы:

4-6 рет “а” жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Ең дұрысы Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.

  1. немесе одан аз “а” жауабы - өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.

IV. «Қолынан танып біл!» ойыны

Ата-аналар ортаға шығарылып, көздері байланады. Балалары қарсы бетте тұрады. Ата-ананың тапсырмасы көздері байланып тұрса да, сипап сезу арқылы өз балаларын тану. Бұл ойында отбасында ата-анамен бала қаншалықты жақын қарым-қатынаста екендігін анықталады.

Талдау:

1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

Релаксация «Ойға шомылу» жаттығуы

Нұсқау: Барлығымыз орындыққа еркін отырамыз. Терең демалып, жұмысқа

дайындаламыз. Менің қойылған сұрағым бойынша өз жүрегіңізді тыңдап,

жауаптарыңызды  қағаз бетіне түсіріп яғни не суреттеп, не жазып  отырыңыз.

Сіз  таза ауада орманда қыдырып, демалып жүрмін деп ойлаңыз.  Сіздің

ойыңызша орман қандай? Күннің көзі бар ма? Белгілі Сізге бұл жер ұнай ма?

Сіз келе жатырсыз бір кезде шөптің арасынан кілтті

кездестірдіңіз. Кілт қандай? Сіз кілтті алдыңыз ба, әлде алмадыңыз ба? Бұл кілт сізге қуаныш әкелді ме?

Сіз осылайша келе жатырсыз, алдыңызда забор яғни қоршауды көрдіңіз. Ол қоршау қандай биік пе, әлде аласа ма? Оның материалы қандай?

Енді сіз көрген осы қоршаудан өтуге тура келеді. Сіз өттіңіз бе? Қиындықтар кездесті ме?

Келе жатырсыз алдыңыздағы жолда үңгір бар. Ол үңгір қандай үлкен бе, әлде кішкентай ма? Бұл үңгірді қазған қандай аң екенін білдіңіз бе?

Осылайша жүре жүре өзеннің жағалауына келдіңіз. Судың түсі қандай? Таза, мөлдір ме? Судың астынан тастары көріне ме, жоқ па? 

Осындай ұзақ жолдармен өте келе, сіз үйді көрдіңіз. Үйдің көлемі қандай екен?

Үйге жақындай келе есіктегі жазуды оқыдыңыз. Онда былай деп жазылыпты: «Бұл үй сіздікі»

Сіз есікті аштыңыз, үйге кірдіңіз. Жан жағыңызға қараңыз. Үй таза ма? Бұл үйде неше бөлме екен? Жалпы үй қандай екен?

Сіз сарайға келдіңіз. Сарай қандай? Бұл жерде не сақталған? Керекті зат бар ма екен?

Ослайша сіз үйден де шықтыңыз. Сонымен алдыңызда теңіз көрінді. Теңіз қандай?

Теңіз үстінде шағалалар шиқылдап ұшып жүр. Сіз олардың дауысын естідіңіз бе? Қазір қандай сезімдесіз?

Сіз корабльді көрдіңіз. Ол алсыта ма, әлде жақын жерде ме? Оның түрі қандай? Сіз оған мінесіз бе?

Интерпретация.

Орман   – сіздің балалық шағыңыз.

Кілт  - кілтті алсаңыз өмірдегі барлық өзгерістерді дұрыс және пайдаңызға шешуді

білесіз. Сіз өзгеріске дайынсыз. Сіздің қатып қалған қағидаңыз жоқ.

Өзен  – сіздің өміріңіздің ағысы.

Қоршау – сіздің өмірдегі қиыншылықтарыңыздың көрініс.

Үңгір – сіздің қабылдауыңыз. Егер үңгірді қарап, зерттеп ненің ізі екенін қараған

болсаңыз, онда сіз ізденпаз, қызығушылығыңыз мол адамсыз.

Үй – ол өзіңізсіз.

Есіктегі жазба сіздің осы өмірдегі орныңыз.

  Сарай  - біліміңіз, мәдениетіңіз, рухани құндылығыңыз.

Шағала– бұл сіздің туған туыстарыңыз

Теңіз – сіздің сезіміңіз

Корабль – бүгінгі күнге дейінгі арманыңыз. 

Кері байланыс орнату: Стикерлерге жазу.

         Бұл тренингте не ұнады?

        Бұл тренингте не ұнамады?

        Бүгінгі кездесудің сіз үшін маңыздылығы болды ма?

        Психологқа сіздің кеңесіңіз бен ұсынысыңыз?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2018
1127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі