400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ата-ана мен бала арасындағы қатынас»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

№1 ТҮЗЕУ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ










Тақырыбы:



«Ата-ана мен бала арасындағы қатынас»









Орындаған: Абенова К.М.

















Қазіргі кезде тәрбие мәселесі өзінің өткірлігі жағынан еліміздегі Арал, Балқаш сияқты экологиялық проблемалардан кем емес, сондықтан тәрбие мәселесін экологиямен қатар қоюға тиіспіз деп ойлаймын.

Ал бала тәрбиесінде - отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі.

“Алып анадан туады” деген нақыл, тек нәрестенің дүниеге келуіне байланысты айтылған нақыл емес. Қазіргі кездегі қоғамымыздың рухани жағынан бала тәрбиесіне көңіл бөлінбеуіне және отбасындағы тәрбие саласында , әйелдердің рөлінің төмендеуінен француз қиялшысы Ш.Фурье: “Қоғамның рухани саулығы , даму дәрежесі әйелге деген көзқарасынан танылмақ” деген, ал қоғамымыздың рухани жағдайы әйел жағдайына тең деген, онда қоғамымыздағы әйелдердің жағдайы қандай? Қазіргі тапшылық заманда уақыттың көбі тіршілік тауқыметін шешуге кетеді. Сондықтан да балалар тәрбиесіне уақыт та жетіспейді, көңіл де бөлінбейді. Ал қоғамның рухани дәрежесі жаңағы аналар тәрбиелеген балалардың рухани дәрежесімен өлшенеді. Қазіргі ұғым бойынша аналық міндет қоғамдық қызметке жатпайды. Жақсы бала тәрбиелеген анаға ешқандай ресми баға жоқ.

Қысқаша айтсақ , бала тәрбиелеу міндетін қоғамдық қызметпен, өндірістегі жұмыспен тең әйелдерге қамқорлық жасау керек. Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Сондықтан бала тәрбиесінде аналардың білімділігі(дипломы емес) , ақыл-парасаттылығы, көрген-түйгені (өмірлік тәжірибесі) мол, ұлттық игі қасиеттерден хабардарлығы үлкен рөл атқарады.

Өмірдегі жағдай әлдеқайда күрделі. Кісі өлтіру, ұрлық, өтірік айту қылмыс болғанмен себептерге байланысты жақсы адам да осыны істеуі мүмкін емес пе? Сондықтан жақсы қылық пен жаман қылыққа айдар тағу қиын.

Жасыратыны жоқ , қазіргі кезде көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне уақыт жетіспеуін, көңіл бөлмеуін балалардың көңілін аулау арқылы толтырғысы келеді. Бірақ , балаға деген көңілдің орнын ешқандай сыйлықпен немесе ақшамен алдау арқылы толтыру өз-өзіңді алдаумен тең. Кейін баланың ата-анаға деген сыйластығы, сүйіспеншілігі суыйды. Содан бастап, үлкендерді сыйламау, тыңдамау, қарттар үйіне тапсыру деген сияқты қолымызда жат қасиеттер пайда болады. Қазірден бастап үлкендерді сыйламау, кейін ата-анасының жылдар бойы қасықтап жинаған абыройын, рухани байлығын шелектеп бірден төге салуын оңайлатады. Сондықтан «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші адамгершілік қасиеті мол бала тәрбиелеу ата-аналары мен мектептің міндеті. «Ертең бүгіннен басталады» дегенді ойымызға шанши отырып, бала тәрбиесімен қазірден бастап дұрыстап айналысуымыз керек деп ойлаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі