АТА-АНА
МЕН БАЛА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНА АРНАЛҒАН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
Маңғыстау
облысы Ақтау қаласы
«№3жалпы
білім беру орта мектебі»КММ
педагог-
психологы Караменова Гулден Болатқызы
Мақсаты:
қазіргі
кездегі баланың дамуына, жеке тұлға
болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің
әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,
қарым-қатынас орнату.
Міндеттері:
ата-аналардың
мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын
арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке,
ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын
көрсету. Бала
тәрбиелеу саласының аз да болса
жоғарлауына ықпал ету.
Қажетті
құрал-жабдықтар: үлестірме
қағаздар, А4 формат, қалам, ватман,
маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір
алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық
жаттығулар.
Тренинг
барысы: Психологтың кіріспе сөзі.
Қош
келдіңіздер, құрметті ата-аналар.
Отбасы-береке-бірліктің,
татулықтың, жарастықтың ұясы. Отбасы
мүшелері қашанда бір-біріне ақылшы,
қамқоршы, қолдаушы, тілекші бола білуі
керек. Өзара сыйластық, өзара түсіністік,
өзара көмек отбасы мүшелерінің
адамгершілік жағынан өсіп, дамуына
ықпал етеді. Ата-анасын сыйлап, құрметтеген
, үлкендердің алдында әдептілік сақтаған,
кішілерге қамқор бола білген бала
бақытты болады. Отбасында сенімділік,
ұстамдылық, әдептілік, сыпайылық,
сыйластық сияқты жақсы қасиеттерді
көрсете білу-мінезіңді жақсартып,
жақсылыққа жол бастайды. Ал, сіздер
ата-аналар, өміріңізде үш рет мектепке
баратындарыңызды естен шығармаңыздар.
Бірінші рет-өзіңіз, екінші рет-балаңыз,
үшініші рет немереңіз барады екен.
Ендеше бүгінгі отырысымызға қатысып
отырған ата-аналараға әрдайым осы
балаларыңыздың қорғаны болып, немере
сүйіп, мектепке келе беріңіздер демекпін.
Бүгінгі
біздің отырысымыз ерекше болады деген
ниетпен тренингімізді бастаймыз.
«Танысу»
жаттығуы: ата-аналар
шеңбер бойымен тұрып, әр
біреуінің
қолына жіп беріледі, сол жіпті айналдыра
өзін таныстырып
айтып шығады.
Талқылау: қандай
әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
Топқа
бөлу: ата-аналар
сол тұрған күйлерінде жемістерді
таңдайды. Жемістер бойынша топ құрып,
үстелдерге жайғасып отырады.
Ой
жинақтау: үш
топқа тақырып беріледі. Ата-аналар өз
ойларын ортаға салады.
І
топ. Баланың
сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан
жасалатын жағдайлар.
ІІ
топ. Балаларды
теріс әрекеттері үшін жазалаудың
түрлері.
ІІІ
топ. Бала
үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай
байланыс болу керек?
Ситуациялық
сұрақтар:
Ата-аналар
үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды
бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
Балаңыздың
өнері, қандай да бір іске қызығушылығы,
бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
Баламен
сөйлесе білу де өнер, 4-6 жастағы бала
күніне көптеген сұрақ қоятын көрнеді.
Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда
кетті, ұшақ қалай ұшады…деген сияқты
таусылмайтын сауалдарды көп қойса,
жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде,
елеусіз қалдырасыз ба?
Сізге
мектептегі мұғалімдерден «Сіздің
балаңыз басқа балаларды ұрады» деген
бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші
ата-аналардан да «біздің баланы ұрды»
деген сөз естуге тура келеді дейік. Не
істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Кейбір
ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне
көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен
істей алмайсың»,-деп айтып жататынын
байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға
беруге қалай қарайсыз?
Балаңыз
сабақтан қашып, мектептен ерте келді,
не істейсіз?
Қорытынды:
Ата-аналар
соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі
сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.
Оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен
мынадай сөйлемдер айтады:
-Менің
қайрымды жүрегіме рақмет!
-Менің
мейрімді жүрегіме рақмет!
-Менің жылы
жүрегіме рақмет!
-Менің жүрегімнің
адамдарды жақсы көргеніне рақмет!
-Менің
жүрегімдегі жақсы көру сезіміне
рақмет!
-Менің жүрегімнің қуана
білетініне рақмет!
-Менің жүрегімнің
жанашырлығына рақмет!