400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-ана мен бастауыш сынып мұғалімінің тұлға қалыптастырудағы ынтымақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге ата-анамен бірлесе жұмыс жүргізіуіне пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейі

4 «А» сынып жетекшісі Налибаева Гульжаухар Есенжоловна


Ата-ана мен бастауыш сынып мұғалімінің тұлға қалыптастырудағы ынтымақтастығы

Күншығыс халқының нақыл сөзі:

«Бір жылын ойлаған күріш егеді,

Он жылын ойлаған ағаш егеді,

Жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді»

(ұстанымым)


Бала тәрбиесі-әрбір отбасы, қоғам, мемлекет үшін кезек күттірмейтін мәселе. Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты-әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, шығармашыл, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп қалыптастыру. Бұл мектеп, отбасы, қоғамдастық, ең алдымен оқушының бірлескен әрекетінің арқасында ғана мүмкін.Тәрбие қонбайтын адам жоқ. «Сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында?» деген сұраққа жауап іздеудің өзі қисынсыз. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- туған ұясы, жанұясынан алған өнегесі. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы- ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі маңызды рөл атқарады.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының негізгі формалары:

1.Ата-аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі өзі ата-аналармен танысады, өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат- міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесе жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Ата-аналарды оқу- тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:

1.Балалар мен ата-аналардың шығармашылығы күні

2.Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар

2. Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру.Ол келесі әрекеттер арқылы іске асырылады.

1.Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру.

2. Ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрмесін ұйымдастыру, оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.

3. Тренингтер

5.Қызығушылықтары негізінде лекторийлер: дарынды балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін.

3. Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту.

1. Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс әрекеттерге қатысу(жорық, серуен, турнир)

2. Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру

3. Отбасылық ойын байқаулары

4. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.

5.Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.

Ата-аналармен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері:

- Ата-аналар жиналысы

-Педагогикалық практикум

- Отбасыларына бару

-Психологиялық- педагогикалық кеңестер

- Психологиялық- педагогикалық консилиум

-Дөңгелек үстел

-Тәжірибе алмасу

-Педагогикалық ринг

- Ата-аналар лекторийлері

-Ата-аналар хабаршысы

-Ашық есік күні

-Ата-аналар комитеті

-Бірлескен мәдени –көпшілік шаралар

Ата-аналар жиналысының формасын әр түрлі етіп өткізу керек. Ата-аналар жиналысында тек сынып жетекшісі ғана сөз сөйлеп, ата-аналар тыңдаушы болып қалмау керек.Ата- аналар жиналысын коучинг түрінде өткізсе ата-аналардың белсенділігі артады деп ойлаймын. Ата-аналармен жиналысының үлгісін ұсынып отырмын.














Коучингтің қысқа мерзімді жоспары

Ата-аналар коучингі

Тақырыбы:Отбасы- тәрбиенің ұясы

Мақсаты:Ата –ананың бала тәрбиесіндегі ролі туралы ойларын білу. Мұғалім, оқушы, ата-аналар туралы ой пікірлерін байқау.Ата-ана мен баланың өзара түсіністіктерінің артуына жағдай жасау.

№

Кезеңдері

тәсілі

Мерзімі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1

☻Сәлемдесу.

☻Топқа бөлу.

Топқа бөлу»

1-топ «Бала»2-топ «Көк». 3- топ «Сары»




5 мин

Топқа бөлу барысында қандай әсерде болдыңыз?

Алдағы жұмыста қолайлы ахуал туғызу

Коучингке қатысушы ата-аналардың белсенді әрекетін туғызу.

2

Толғаныс: Абайдың қара сөзі бойынша

-Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Сіздердің ойларыңыз.


Ой толғаныс

5 минут

Ата –ананың бала тәрбиесіндегі ролі туралы ойларын білу.

Ата –ананың бала тәрбиесіндегі ролі туралы ойлары анықталады.

3

Жағдаятпен жұмыс

1-топ Көктем мезгілі. Бала сабақ оқуын азайтып, ойынға көп көңіл бөлгендіктен оқу үлгерімі төмендеді.

2-топ Балаңыз досының туған күніне барғысы келеді. Мұғалім туған күнге жібермеуін өтінді.

Топтық жұмыс

5 минут

Ата-ана мен баланың өзара түсіністіктерінің артуына жағдай жасау.

Ата-ана мен баланың өзара түсіністіктеріні артады.

3

Социограмма

«Мен баламды қаншалықты танимын»

Жеке жұмыс


Баласының ортасы, қызығушылықтары жайлы ата-анасының қаншалықты хабардар екенін байқау.

Баласының ортасы, қызығушылықтары жайлы ата-анасының қаншалықты хабардар екені анықталады.


Сергіту сәті.

Би

3 минут

«Макарена» сергітуі

Коучингке қатысушылар сергіп қалады

4

Постер жасау.

1-топ «Мінсіз мұғалім»

2-топ «Мінсіз оқушы»

3-топ «Өнегелі отбасы»

Жеке жұмыс

10 минут

Мұғалім, оқушы , ата-аналар туралы ой пікірлерін байқау.

Мұғалім, оқушы , ата-аналар туралы ой пікірлері анықталады.

5

«Үйлесімді отбасы» қытай аңызы бойынша



5 мин

Отбасының бала тәрбиесі үшін

маңыздылығын түсінуге жағдай жасау.

Отбасының бала тәрбиесі үшін

маңыздылығын түсінеді.

5

Бейнебаян


3 минут

Жылы сөздер, жақсы қарым –қатынастың бала үшін маңыздылығын түсінуге жағдай жасау.

Жылы сөздер, жақсы қарым –қатынастың бала үшін маңыздылығын түсінеді.

5

Рефлексия (кері байланыс)

жазу

3 минут

  1. Сізге бүгінгі коучингтен не ұнады, не ұнамады?

Кері байланыс орнатылады



1. Толғаныс: Абайдың оныншы қара сөзі бойынша

-Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады?

Сіздердің ойларыңыз.

2.Жағдаятпен жұмыс

1-топ Көктем мезгілі.бала сабақ оқуын азайтып, ойынға көп көңіл бөлгендіктен оқу үлгерімі төмендеді. Сіздің әрекетіңіз.

2-топ Балаңыз досының туған күніне барғысы келді. Мұғалім туған күнге жібермеуін өтінді. Сіздің әрекетіңіз.

3-топ балаңыздың достарын ұнатпайсыз. Олардың дұрыс балалар емес екенін

Қанша түсіндіргеніңізбен балаңыз сізді тыңдамайды. Сіздің әрекетіңіз.

3. Социограмма

Алдымен оқушылардан социограмма алу керек.(ата-аналар жиналысынан бұрын)

Мысалы, Назым сыныбындағы оқушылармен қандай қарым-қатынаста, төмендегі сызық түрлерімен көрсетеді



Балаңыздың ең жақын 3 досы

Балаңыз оқыған 3 кітабы

Балаңыздың сүйікті 3 ісі

Жақсы көретін 3 пәні

Жақсы көретін 3 мұғалімі





4. Постер жасату

1-топ «Мінсіз мұғалім»

2-топ «Мінсіз оқушы»

3-топ «Өнегелі отбасы»

5. «Сынық құмыра» бейнебаян

6.«Үйлесімді отбасы» қытай аңызы бойынша «Не болады?»

1.Егер баланы үнемі сынап отырса (оқуға құлқы болмайды)

2. Баланы қолдап отырса (білімге ынтасы артады)

3. Бала төзімділікте өссе (өзіне сенімді болады)

4. Бала қауіпсіз жағдайда өссе(адамға сеніммен қарайды)

5.Бала кекшілдікте өссе (қатыгез болады)

6. Бала адалдықта өссе( әділ болады)

Қорытынды Абайдың қара сөзі бойынша

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады?

-Өлсем орнымды бассын дейді.

-Артымнан құран оқысын дейді.

-Қартайғанда асырасын дейді.

Рефлексия. Ата-аналардың пікірі.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
696
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі