400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-ана, ұстаз, орта- тәрбиеге басты өлшем

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ана, ұстаз, орта- тәрбиеге басты өлшем баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әл –Фараби атындағы № 21 мамандандырылған гимназия



















БАЯНДАМА



ТАҚЫРЫБЫ : Ата-ана, ұстаз, орта- тәрбиеге басты өлшем.





















Сынып жетекшісі Сулейменова Р.Т.













 

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, ана да балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. 

Мұғалімдер – білімнің қайнар көзі, Жас ұрпаққа өнеге әрбір сөзі. Жүректерге гүл етіп солмайтұғын Ғылымға жол бастаған соның өзі.

Ұстаз бен бала арасында тығыз байланыс болу қажет. Ата-анамен бірлесе отырып берген тәрбие ғана нәтижелі болады. Себебі екеуі де баланың жан-жақты дамыған саналы тұлға болып шығуын армандайды. Сол үшін мектеп –ата-ана- оқушы арасында тығыз байланысты үшбұрыш болуы тиіс.

Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында. Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет .
Жасөспірім баланың мінез -құлқы сізді ренжітуі мүмкін. Есіңізде болсын, жасөспірімдер — ұялшақтықпен сипатталатын сенімсіз тұлғалар. Олар сондай -ақ өздерінің даралығын көрсетуге тырысады. Бұл олардың бүлікшіл көзқарасын түсіндіруі мүмкін. Бұдан басқа, жасөспірімнің миы әлі де дамып келеді, сондықтан оған шешім қабылдау мен эмоциясын бақылау қиынға соғады. Егер сіз жасөспірім ұлыңызды түсінуге қиналсаңыз, өзіңізді оның орнына қоюға тырысыңыз. Жасөспірім кезіңізде өзіңізді еске түсіріңіз.

  • Жасөспірімдер туралы тиісті ақпаратты оқыңыз. Гормоналды өзгерістерге және жасөспірімдердің көңіл -күйінің өзгеруіне байланысты ақпаратты Желіде зерттеңіз. Осының арқасында сіз қазір балаңызға қаншалықты қиын екенін түсіне аласыз.

  • Жасөспірімнің физикалық өзгерістері туралы ақпаратты оқудан басқа, жасөспірім ұлдарға арналған көркем әдебиеттерді оқыңыз. Көркем әдебиет кітаптары жасөспірім кезіңізде қандай эмоцияларды бастан өткергеніңізді еске түсіруге көмектеседі.

  • Дегенмен, әр жасөспірім әр түрлі болатынына назар аударыңыз. Сондықтан сіз алған барлық ақпаратты ұлыңыздың жеке басымен байланыстырмауыңыз керек. Түсінуді үйрену маңызды оның жасөспірім ұл. Әдебиеттен алынған білімді ғана басшылыққа алмау керек. Балаңыз қызықтыратын нәрсеге қызығушылық танытыңыз. Бұл сізге оны жақынырақ тануға көмектеседі.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.06.2025
76
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі