400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-ана,бұл сіз үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама. Ата-аналарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

“М.Дауленов мектеп-интернаты”КММ











« Ата-ана, бұл сіздер үшін...»

(Баяндама)

























Орындаған мектеп психологы:

Толегенова Аяулым Толегенкызы







Бала тәрбиесінде қателесіп жүрмеңіз.

Мектеп – баланы үлкен өмірге даярлайтын, оның қасиеттерін ұштаймын орта. Ал мектептегі басты нәрсенің бірі – баланың жетістіктерге ұмтылуы. Қандай да бір жетістікке деген құштарлығы бар адамдар кез келген мәселені шешуге шығармашылық жолмен қарайды. Осы қасиет бойында жастайынан қалыптасқан балалар сабақты жақсы оқиды. Сондықтан да бұл істе мектептің атқаратын қызметі зор. Мына жайлар есіңізде болсын:

Отбасында жақсы тәрбие алған, тиісті қамқорлық, қолдау көрген, қандай да бір істе ата-анасы тарапынан түсіністікке ие болған балалардың сабаққа үлгерімі жақсы, олар алға ұмтыла түседі. Сондықтан олардың бойларына жақсы қасиеттер сіңіру өте маңызды.

Бала «екілік» алып келсе, оған қара аспанды төндіре ренжімеңіз. Қайта баламен ақылдасып, мұның неліктен болғанын анықтап, қалыптасқан жағдайдан қалай шығу керектігін екеулеп кеңесініз.

Сабаққа дайындалу барысында баланы басқа нәрсеге алаңдатпаңыз. Оны жастайынан нақты іске кіріскенде өзін соған жұмылдыра білуді үйретіңіз. Оған сабаққа дайындалу, демалу, ойын уақытын нақтылап көрсетіп біріңіз. Бұл оның бәріне де еш қиындықсыз үлгеруіне, жөнсіз шаршамауына көмектеседі. Осыдан кейін барып ол өзіне тиесілі шаруаларға дер кезінде, ешкімнің «шұқылауынсыз» кірісуге дағдыланады.

Баланы өзіне сын көзбен қарауға үйретіңіз. Ол өзін-өзі «сыртынан» көріп дағдылансын.

Мұғалімге өз отбасыңыздың бірінші одақтасы әрі досы ретінде қараңыз. Онымен кеңесіп отырыңыз.

Ата-ана жиналысына міндетті түрде қатысып тұрыңыз.

Балаңыздың үлгерімін күнделікті қадағалауды әдетке айналдырыңыз, ол нені үйретеді, қандай жаңа нәрселерді игерді, осы жағын да біліп отырыңыз.

Баланың үй жұмысын қалай орындайтынын қадағалаңыз, кейбір жаттығуларда қиналса, көмектесіп жіберіңіз. Бірақ оның жұмысының бәрін мойныңызға артып алмаңыз.

Білім мен өнер үйренуде баланы үздіксіз қолдап отырыңыз, оның қосымша нәрселер үйренуге деген құштарлығын қолдап-қолпаштап отырыңыз.

Сабаққа қатысты және одан тыс іс-шараларға балаңыздың міндетті түрді атсалысуына жағдай жасаңыз.

Бір мезгіл балаңыздың өзі және мектебі, құрбы-достары туралы әңгімелерін тыңдауға уақыт бөліңіз.

Мектепке, ұстаздарға қолдан келген жәрдеміңізді жасап тұруға тырысыңыз.

Ата-ананың өзіне, оқитын мектебіне мен ұстаздарына деген қамқорлығы және осыдан туындайтын жағымды жайлар баланың тәрбиесіне тікелей әсер етеді, оның жақсы, үлгілі оқушы болып қалыптасуына жол ашады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі