400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата анаға кеңес.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата анана арналған кеңестер,баланың қауіпсіздігі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата аналарга

Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі

Қылмыстың бір түрі – балаға зорлық көрсету. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.

Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтан да балаға мынаны түсіндірген жөн:

–         Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;

–         Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

–         Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.

Ал ата-аналарға осыған жауап:

– Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;

– Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;

– Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз;

– Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден білікті билік органдарына хабарлаңыз.

Арқасөмкелерін қалай дұрыс таңдау керек?

Кейде 1 сынып оқушысының сөмкелерінің ауырлығы екі килограммнан асып кетеді. 6-7 жасар бала үшін 1,5 киллограммнан асып кетсе, бұл ауырлық нормадан тыс. Сондықтан дорба алар кезде ата-ана ең алдымен оның салмағына назар аударуы керек. Таңдау жасар алдында әдемілік үшін жапсырылған түрлі суреттер, замок, шынжырлардың керек емес екендігін ойлаңыз. Ең дұрысы, жеңіл, арнайы ордопедикалық арқасы бар сөмкелерді таңдау керек. Мұндай сөмкелердің салмағы 500-800 граммнан аспайды. Олар өте қарапайым, әрі керексіз бөлшектері жоқ.

3 сыныптан бастап жинақталған портфельдің салмағы 2,2 килограммның жобасында болуы тиіс, 7-8 сынып оқушыларының портфель салмағы 3,2 килограммға дейін болуы керек. Түлектер денсаулықтарына зиян келтірмей 3,7 килограммға дейін көтеруі қажет. Сөмке салмағы өзінің кішкентай иесінің салмағының 10 пайыздық бөлшегінен аспауы тиістігін естен шығармау қажет. Портфель сынды мектепке қажетті затты алу кезінде сөмкенің ретке салынатын асқышының жұмсақ, әрі жалпақ болуы керек екендігін естен шығармағаныңыз абзал. Сапалы сөмкелердің арқаға асқышында иыққа батпасы үшін кішкене жұмсақ жастықшасы болады. Сонымен қатар денег қысым түспесі үшін дорбаның арқашасында да сондай кішкене жастықшасы болады. Сондай-ақ сөмкелерде жарыққа әсер ететін, қараңғыда жолда алыстан жарқырап көрінетін жолақшалардың болуы баланың өмірін сақтап қалуға өз үлесін қосар еді деп ойлаймын. 

Тест- болжам:   “Баланың қабілеті. Оны қалай тану керек?”

Бұл тақырыптық диагностика ата- аналарға өз балаларын жан- жақты тануына және дер кезінде оқушының қабілетін, дарынын әрі қарай жетілдіруге, дамытуға көмектеседі.

  1. Егер сіздің балаңыздың техника саласына қабілеті болса, онда ол:

–         Әр түрлі механизмдер мен машиналар туралы қызығады;

–         Әр түрлі құралдарды бұзып, оны қайта құрғанды және модель құрастыруды ұнатады;

–         Әр түрлі механизмдер мен машиналардың ақауын,сыну себебін анықтау үшін ұзақ уақыт отырады?

–         Жаңа модельдерді, қолдан бұйым жасауда  ескі бұзылған құралдарды қолданады;

–         Сурет салуды, сызуды ұнатады және салу біледі және механизмдер мен эскиздердің сызуын құрастырады.

–         Арнайы техникалық әдебиеттерді оқиды;

–         Өз қызығушылығына қарай достарды табады.

  1. Егер балада музыкалық қабілеті анық көрінсе, онда ол:

–         Музыка тыңдағанды ұнатады, оны тыңдау үшін бірнеше сағат бөледі, музыкалық жазбаларды сатып алады;

–         Концерттерге барғанды ұнатады;

–         Ән әуені мен ырғағын тез еске сақтайды;

–         Музыкалық аспаптарды ойнағанды, ән айтқанды ұнатады;

–         Өзінің ән әуенің шығарғанын ұнатады;

–         Музыкалық мәдениеттің әр саласын жетік біледі.

  1. Егер балада ғылыми қызметке қабілеті көрінсе, онда ол:

–         Абстрактілі ұғымдарды түсіну қабілеті байқалады;

–         Басқанын ойын немесе байқауын сөзбен жеткізу қабілеті бар,керек кезде жазбалар жүргізеді;

–         Ғылыми- әдістемелік жұмыстарды, сөздіктерді, кітаптарды оқығанды ұнатады;

–         Әлемдегі құбылыстар мен процестерге байланысты сұрақтар қойғанды ұнатады;

–         Айналаны қоршаған әлемдегі құбылыстар мен процестерге өзінің түсіндірмесін бергенді ұнатады;

–         Өз қызығушылығына байланысты ізденіс жұмыстарымен айналысуды, жобаларды жасауды ұнатады.

  1. Егер балада артистік қабілеті анық байқалса, онда ол:

–         Егер сөзі жетпесе, онда ол өз сезімін қимыл- қозғалыс , қолмен сермеу арқылы  білдіреді;

–         Өз қабілеті арқылы тыңдармандарды, аудиторияны өзіне қаратып алады;

–         Дауыс ырғағын өзгертіп, адамның іс- әрекетін қайталап көрсетеді;

–         Аудитория алдында сөйлегенді ұнатады;

–         Басқа кейіпкер образына енуді жақсы көреді.

  1. Егер балада интеллектісі жетік дамыса, онда ол:

–         Өз ойын жақсы пайымдап айтады;

–         Еске сақтау қабілеті жоғары дамыған;

–         Оқу материалын тез меңгереді, қызықты сұрақтар қояды;

–         Мектептен тыс әдебиеттерді оқығанды ұнатады;

–         Өз сыныптартарынан оқуда алда жүреді;

–         Өз жасынан артық әр түрлі облыстағы кеңейтілген білімді меңгереді;

  1. Егер сіздің балаңызда спорттық талант анықталса, онда ол:

–         Үнемі қозғалыста болғанды ұнатады;

–         Спорттық ойындарды және одан ұтқанды ұнатады;

–         Дене шынықтыру қабілеті жоғары, дене бітімі иілгіш;

–         Спорттық идеалы бар және оны үлгі етеді;

–         Коньки, шаңғытебуді, доппен ойнағанды және т.б спорттық құралдарды меңгергенді ұнатады.

  1. Егер балаңызда көркемдік қабілеті дамыса, онда ол:

–         Сурет және жапсыру арқылы өз сезімін көрсеткенді ұнатады;

–         Өнердің көркемдік шығармаларымен айналысқанды ұнатады;

–         Айналадан көркем мен сұлулықты көре біледі;

–         Бос уақытында сурет салуды, сызумен , жапсырумен айналысқанды ұнатады;

–         Үйде өте қызықты және  танымдық  жағдаяттарды қалыптастыруды ұнатады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі