жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата аналар жиналыс
Ата-анамен жұмыс
(Ата-аналар жиналысында оқылған
баяндамалар)
Жас балалардың ішімдікке әуестігінің
алдын алу шаралары
Адамды тәрбиелеу парыз, әрі борышың. Ф. М. Достаевский
Бастауыш сыныптарда ішімдікк әустену көбінесе ата-аналары ішімдікке әуес, не болмаса баланы қызықтап ішімдік беретін жанұялардың балаларында кездеседі.Алғашқы жанұялардың балалары үлкендерге еліктеп, шөлмек, стакан түбіндегі қалған-құтқанды жалап, аяқтанса, соңғыларын әке-шешелері өздері ауыздандырады. Әуелі аз-аздан басталған әуестік үшінші-төртінші сыныптарда нағыз ішімдікқұмарлыққа айналады. Олардың ата-аналарына ескерту жасасаң, өздерін не балаларын ақтау мақсатымен: «Ер жеткен соң өзі-ақ қойып кетеді. Қазір әлі жас қой. Ақылы кірген соң түзетерміз»- деп, не болмаса:» Қайталамайды»- деп, сені алдап сулап шығарып салады. Бұл әдеттен құрғақ үгітпен қойдыра алмаймыз және жауапкершілікке тартуға келмейді. Егер ондай балаларды балғын кезінен тыймаса, кейін кеш қаламыз. Сондықтан мен осындай жағдайға тап болсам, не істейтінімді былайша топшылар едім.
Маман нарколог дәрігерге барып, барлық мән-жайды түсіндіріп, бірігіп қимыл жасау бағдарламасын құрар едім. Оның бір нұсқасы мынадай болар еді.
Дәрігер кәдімгі өздерінің жоспарлы шаруасы ретінде медициналық байқау өткізеді. Содан соң мен нұсқаған топты не оқушыны тағы да екі-үш оқушымен бірге анализ тапсыруға шақырады. Әлгілердің қан құрамын зерттеген болып, қорытынды береді: «Баланың қан құрамында өзгеріс байқала бастаған. Егер қазірден күтініп, алдын ала сақтық шараларын қолданбаса, баланың анемиялық ауруларға қаны ағаруға шалдығуы күдіксіз нәрсе. Сондықтан бала сүт, көкөністі көп пайдаланып, таза ауада дене қимылдарымен айналысуы тиіс. Никотин, алкогольді пайдаланбақ тұрсын, иісі келсе, бірден аталған жазылмас дертке ұрынады. Сондықтан бұлар отырған жерде үлкендер де ондай нәрселерді пайдалануға болмайды . Бала белгілі мерзімді дәрігер бақылауында болуы керек. » Осы қорытынды асқан шеберлікпен ата-анаға жеткізілуі тиіс.
Міне, осындай жағдайда ешбір ата-ана өз баласына қастық жасай алмай, дәрігердің айтқанын орындайды. Балаға шарап бермек түгілі, өздері қарсы үгіт жүргізіп, өз қателіктеріне өкінеді. Әрине, дәрігер де, мен де олардың бұрынғы әдеттерін білмеген түр көрсетеміз.
Содан соң бір тәрбие сағатын алкоголь мен никотиннің зиянын, не болмаса, салауатты өмір салты жайында өткізіп, әлгілрді баяндама тапсыруға да болады. Сонда бала бәрін де түсініп жаман қылықтардан саналы бас тартар еді. Әрине, бұл нұсқада құпия сақталуы керек.
Мүмкін әркім жағдайына қарай, түрліше әдістер қолдануы мүмкін. Өз басым бұл істе тыйым салу, зекіру, шара қолдану, талқылау баланы ерегестіріп жіберуі мүмкін деп ойлаймын. Сондықтан халқымның :» Түйінді кескеннен гөрі, амалын тауып шешкен пайдалы,» «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең, мұсылман діннен шығады «- деген данылық қағидаларын қолданып, істі осылай тындырған дұрыс деп ойлаймын.
Ләйім, болашағымыз арақпен уланып, темекімен тұншығып, есірткімен есуастанбағай деп тілеймін. Салауатты болашақ үшін күш-жігерді аямау әр ұстаздың міндеті деп білемін.
Кітап – ұстаз, ақылшы дос.
Білім бұлағы кітапты сүйіңіздер! Горький.
Өсіп келе жатқан балаға кітаптың берері мол. Оның ой-өрісін дамытуда. сөз байлығын көбейтуде, сонымен қатар еңбекқорлыққа және адамгершілікке әсемдікті түсіне ,сүйе білуге үйретуде, экологиялық білім беруде де орны бөлек ұстаз кітап болып табылады.
Жас кезінен кітап оқуды серік етіп оқығанының дұрыс немесе бұрыстығын өзі ұғып сараптай білуге, оны өзгеге де дәлелді түрде жеткізе білуге үйренудің алғашқы сатысын мектеп қалайды.
Балалар өте әсершіл. Алған әсерлерін көпке дейін ұмыта алмай әңгімелеп жүреді және жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына шын көңілмен реніш білдіріп отыратынын өздеріңіз де білесіздер ғой. Олар еліктегіш те.Кітаптан жақсылықтың үнемі жеңіске жетіп, жамандықтан басым түсіп,т салтанат құратынын ұғып, өздері де жаман қылық көрсетуден аулақ болады деп ойлаймын. Балаларға арналған кітаптардың түрлі-түсті болып келуі және мазмұнды да , әсем безендірілген суреттерге толы болуы да кітапқұмарлықты оятады.
Кітаптың тек қана суретін көріп қою жеткіліксіз . Бұл суреттердің не үшін салынғанын анықтап айтып, сен қалай ойлайсың деп қызықтыра білген абзал. Салынған суреттермен дұрыс жұмыс түрі ұйымдастырылса ғана оқыған кітаптың мәні ашылып , мағынасы санасына жететін болады.
Барлық әдет атаулының бала жастан бастап қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеген.Таңертеңгі тазалық талаптарын орындаудан бастап, дене қимылдарымен айналысуды да осы кезде бастайды.Адам өміріндегі ең маңызды нәрсе- күн тәртібін сақтау. Күнделікті жасалатын жұмыстардың ретін сағатына, минутына дейін дәл есептеп үйренуге бала кезінен бастап әдет қалыптастырады.
Өмірі көрмеген аң не құс туралы да ең бірінші болып кітап таныстырады.Жер бетіндегі тамаша жерлердің сұлулығын сипаттауда кітапқа жететін көмекші жоқ..Кітапты тек қана бала оқу керек деген ұғым түбірімен қате. Балаңызбен бірге өзіңіз де қолыңызға кітап алып, ондағы оқиғаларға араласып кетіңізші.Сіз бір жұмбақ әлемге еніп кеткен сияқты болып, одан бас көтере алмай қаласыз.
Кітаптың назарынан ешбір тақырыптың да тыс қалмайтынын сіз жақсы білесіз.Бүгінгі күні белең алып келе жатқан жаман әдеттермен күрестің де белсенді мүшесі кітап екенін ұмытпаңыз. Егер балаңыз жат қылықтан бойын алыс ұстап , емін-еркін шат өмір сүрсін десеңіз осыны ескеріп қойыңыз
Осындай тамаша досты балаңызға таныстырып, оған кітап оқып беріп жүрсіз бе?Кеш қалмаңыз! Әлде…( 332 рет оқылды.)
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген