400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

АТА-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек беру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Балабақшадағы еңбек түрлері»

Мақсаты: Ата-аналарға балаларды еңбекке баулу оның бала өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

Жиналыстың жоспары:

1. Қуаныш шеңбері

2. «Балабақшадағы еңбек түрлері» кеңес оқу.

3. «Терезе алдындағы бақша» балалардың жұмыстарын бағалау.

(«Гүлденген алаң» гүлдер отырғызу)

5. Әр-түрлі


1. Қуаныш шеңберіне тұру.

Ата-аналар тәбиешімен бірге үлкен шеңбер құрып тұрады. Тәрбиешінің қолында бір шоқ гүл. Осы гүлді қолына ұстап тұрып ата-анаға жақсы бір тілегін айтады. Бір шоқ гүлді қолына алған ата-ана келесі ата-анаға береді. Осылай «Қуаныш шеңбері» жалғаса береді.

2. «Балабақшадағы еңбек түрлері» кеңес оқу.

Балалар бақшасындағы еңбек тәрбиесі – тәрбиенің ең маңызды құралы. Еңбек тәрбиесі арқылы баланың әдет-дағдысы және дағдылылығы, байқампаздығы, айналаны қоршаған өмірге қызығушылығы дамиды, адамгершілік қасиеттерімен бірге іскерлік, еңбекке мәдениеттілік қасиеттері де қалыптасады.

Бағдарламалық талапқа сай ұйымдастырылған еңбек сабағы баланың жасына қарай бөлінген топтарға бағдарламада көрсетілген білім көлемі негізінде сабақта, сабақтан тыс мерзімде өтеді.

Еңбекті ұйымдастыру кезінде тәрбиеші жасына қарай ұйымдастырылған әрбір жас топтарда балалардың еңбек әрекетінің мазмұнын белгілейді.

Мектепке дейінгі педагогика балалары еңбекке тәрбиелеудің мынадай негізгі міндеттерін бөліп көрсетеді: ересектердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу; қарапайым еңбек іскерлігі мен дағдыларына үйрету; еңбекке ықыласшылдыққа; еңбек сүйгіштікке және дербестікке тәрбиелеу; еңбекті қоғамдық бағыттау; ұжымда және ұжым үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.

Балалар бақшасында, отбасында, бала бағатын қоғамдық орындарда барлық жерде бала ересектердің еңбегімен ұштасып, оның нәтижелерін пайдаланады. Алғашында балалардың сыртқы көріністері ғана: еңбек әрекеттері процесінің өзі, механизмдердің қозғалысы, машиналардың қозғалысы қызықтырады.

Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы әрбір жас тобындағы балалар меңгеруге тиісті еңбек дағдылары мен іскерліктердің көлемін ашып береді. Мәселен, мектепке дейінгі сәби балаларды шаруашылық-тұрмыстық еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырған кезде тәрбиеші оларға ойыншықтарды ылғал шүберектермен сүртуді, қуыршақтардың көйлектерін жууды үйретеді. Естияр топтағы балалар ойыншық сүрткен шүберектерді жуып сығады, қуыршақтардың көйлектерін сабындап жуады.

Мектепке дейінгі ересектер ойыншықтарды сабын жағылған губкамен жуады, ұсақ заттарды жуады, сабаққа, еңбекке, ойынға қажетті заттарды дайындайды, содан соң оларды тәртіпке келтіреді.

Балаларға еңбек іскерліктерін үйретудің мазмұны мен бірізділігін белгілей отырып, тәрбиеші олардың жас ерекшелігін, ұсынылып отырған еңбектің мазмұнына шамасы келетін- келмейтінін, оның тәрбиелік құндылығын, сондай-ақ оны ұйымда стыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды ескеруге тиіс.

Балалар өсіп, дамыған сайын олардың еңбек қызметінің сапасына, ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талап күшейтіле береді, орындалатын жұмыстың мөлшері ұлғайтылып, қарқыны тездетіледі.

Еңбек дағдысына үйрету барысында тәрбиеші балалардың бойында шамасы келетін нәрселердің бәрін өз бетінше дербес орындау ынтасын қалыптастырады. Қажет болғанда дереу барып көмектесіп отырады.

Балалар бақшасындағы балалар еңбегі әртүрлі. Бұл олардың қызметке ынтасын сақтауға, оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі қызмет көрсету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және қол еңбегі.

Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар.

Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттілігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап иереді; өзіне-өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.

Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгілі қиыншылықтарға байланысты, ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға құлықсыздығын туғызады. Тәрбиеші осы балалардың өзінде-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауға ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттенеді.

Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуін басқара отырып, тәрбиеші әрбір баламен жеке-дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл-күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлі қажетті бөлшектерінің қажетті әрекеттердің аттарын атай отырып, балалардың сөздік қорын кеңейтеді. Балалар өздерінің қамқорлық жасағанын сезінеді, өздерін киіндірген ересектерге сүйіспеншілік сезімге бөленеді.

Мектепке дейінгі естиярлар тобында балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндеттеріне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді көмектескені үшін алғыс айтуды үйретеді.

Мектепке дейінгі ересектер тобында өзіне-өзі қызмет көрсетудің жаңа үлгісі: төсегін жинау, шашын, аяқ-киімінің кір жерлерін жуып күту дағдылары игеріледі. Бұларға байланысты процестер неғұрлым күрделі тәрбиелік міндеттерді балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдістерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Басқа балалардың қасында тұрып, өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайдағылардың қажеттері мен қиыншылықтарын түсінуі тиіс.

Мектепке дейінгі сәбилік шақта тәрбиеші балаларға қарапайым шаруашылық-тұрмыстық дағдыларды, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу, учаскедегі жапырақтарды жинау, орындықтардағы қарды сыпыру және тағы басқа дағдыларды дарытады.

Естиярлар тобында шаруашылық-тұрмыстық еңбектің мазмұны едәуір ұлғаяды: балалар үстел үстінде ыдыс-аяқты түгел өздері жайғастырады. Оқуға қажетті барлық нәрселерді дайындайды, қуыршақтардың киім-кешектерін жуады тағы басқа. Балалардың ұлғайған мүмкіндіктерін пайдаланып және қалыптасқан дағдыларды ескере отырып, педагог балаларды еңбекке күш-жігер жұмсау қажеттілігін түсінуге үйретеді, тапсырылған істі орындауда дербестігін, белсенділігі мен инициативасын дамытады.

Ересектер тобында шаруашылық-тұрмыстық еңбек мазмұны бұрынғыдан да молығып жүйеленеді, көбіне кезекшілердің тұрақты міндеттеріне айналады. Балалар бөлме мен учаскеде тазалық сақтайды, ойыншықтарды, кітаптарды жамап-жақсайды, сәбилерге көмектеседі. Мектепке дейінгі ересек балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбек ерекшелігі оны өздерінің дербес ұйымдастыра білуінде: қажетті құралдарды, саймандарды өздері іріктеп, оны ыңғайлы орналастырып, жұмыстан соң бәрін тәртіпке келтіре білуінде. Еңбек процесінде балалар ыждағаншылық, жақсы нәтижеге жетуге ынталылық көрсетеді, құрбыларына игі тілектестікпен қарайды.

Табиғаттағы еңбек балалардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қатысуын, табиғат мүйісінде бақшада, гүлзарда өсімдіктер өсіруін көздейді. Еңбектің бұл түрінің байқағыштықты дамытуға, тірі нәрсенің бәріне ұқыпты қарауға, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу үшін ерекше маңызы бар. Ол педагогтың балаларды дене жағынан дамыту, қозғалыстарын жетілдіру, төзімділігін арттыру, дене күшін жұмсау қабілетін дамыту міндеттерін шешуіне көмектеседі.

Сәбилер тобында балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем береді, бөлмеде өсетін өсімдіктерді суарады және жуады, пияз отырғызады, ірі ұрықтар себеді тағы басқа жұмыстар атқарады. Бөбектердің еңбегін басқара жүріп, тәрбиеші еңбекте атқарылып жатқан әрекеттердің аттарын атайды, бұл – баланың сөздік қорын молайтады, белсенділігін арттырады.

Естиярлар тобында еңбек күрделенеді, тәрбиешінің көмегімен жануарлаға жем әзірлейді. Балалар өсімдіктердің өсуі мен дамуы, жануарлардың жай-күйі күтімге байланысты екенін, олар үшін өздерінің жауапты екенін сезіне бастайды.

Ересектер тобы үшін табиғат мүйісінде неғұлым күрделі күтім тәсілдерін керек ететін өсімдіктер мен жануарлар орналастырылады, бақшада өсу мерзімі әртүрлі көкөністердің алуан түрлері орналастырылады, мұның өзі еңбекті неғұрлым жүйелендіріледі.

Қол еңбегі балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, ойын атрибуттарын; қайықтар, машиналар, үйлер, жиһаздар, жануарлар жасайды. Қол еңбегі балалардың құрастыра білу қабілетін, ой-қиялын, өнер тапшылығын дамытады.

Мектепке дейінгі балалардың балалар бақшасындағы еңбегі негізгі үш формада: тапсырма беру, кезекшілік, ұжымдық еңбек іс-әрекеті формаларында ұйымдастырылады.

Сәбилер тобында тапсырма жеке-дара, нақты және қарапайым болады, бір-екі іс-әрекеттен тұрады. Тапсырма тәрбиешінің балаларды басқару тәсілдерін даралауына, біреуіне көмектесуіне, екіншісін үйретуіне мүмкіндік береді.

Естиярлар тобында тапсырмалардың саны балалардың әлі іскерлігі жеткілікті дамымаған еңбек түрлерінде немесе оларды жаңа іскерліктерге үйреткен кезде ұйымдастырылады.

Кезекшілік балалар еңбегін ұйымдастырудың формасы, ол баланың ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған жұмысты міндетті түрде орындалуын көздейді. Кезекшілік бірте-бірте енгізіледі.

Естиярлар тобында жылдың басынан асханада кезекшілік енгізуге болады. Күн сайын әр үстелде бір кезекші істейді. Жылдың екінші жартысында оқуға дайындық жөнінде кезекшілік енгізіледі. Тәрбиеші 2-3 баланы (жұмыстың мөлшеріне қарай) кезекші тағайындап, оларға жұысты өзі бөліп береді, көмектесе жүріп балаларды басталған істі ақырына дейін жеткізуге, құрал-жабдықтарды пайдалануға үйретеді.

Ересек топта табиғат мүйісі бойынша кезекшілік енгізіледі. Кезекшілер күн сайын алмасады. Балалардың әрқайсысы кезекшіліктің барлық түрлеріне үнемі қатысып тұрады. Әдетте балалар екі-екіден кезекшілік атқарады.

Кезекшілерді іріктеген кезде балалардың арасында өсіп келе жатқан достық байланыстар ескеріледі, олардың мен пәленшемен істейінші деген тілегі қанағаттандырылады. Тәрбиеші балаларды өз әрекеттерін үйлестіре білуге, не істеу керек екенін анықтауға, жолдасының іс-әрекетін ескере отырып, жұмысты кім және қайсы бөлігін орындайтынын келісіп алуға үйретеді, өзін-өзі бақылай білуге, еңбектің уақыт пен күш жұмсау жағынан үнемді тәсілдеріне баулиды.

Еңбек жүйелі сипатта болса және оған барлық балалар қатысса, тәрбие құралына айналады. әрбір бала әр түрлі тапсырмаларды мейлінше жиі орындап тұруға, кезекші болуға, ұжымдық еңбекке қатысуы тиіс.

Сондықтан балалардың еңбек қызметін жоспарлап, бір жасқа дейін және жастан- жасқа өткен сайын тәрбиелік міндеттерді бірте-бірте қиындата беру, мектепке дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа талдау жасап, баға беріп отыру қажет.

3. «Терезе алдындағы бақша» Балалардың жұмыстарын көрүді ұсынады.

Әр баланың жасаған жұмыстарына тоқталып өтеді. Үйде, саяжайларында балармен бірлесіп бақша , гүлдер отырғызуға кеңестер беру.


5. Әр-түрлі мәселелер.

Бала тәрбиесіне бірігіп атқарудағы көмектеріңізге алғыс айтамыз.

Келісім шартты сақтау, балаларды жыл мезгіліне сай киіндіру.

«Балдарған» кітапшалар жасау, «Жанұя» газеттерін шығару.

«Жүректен жүрекке» шеңберіне тұрып: Отбасыларына денсулық, бақыт, сәттілік тілейді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі