400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасылық Тәрбие Мектебі

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Отбасындағы қатынас»

Өтетін орны:

Ақтөбе қ. Мектеп №70ЖББОМ

Өткізді:

Сынып жетекшісі: Г.А.Иманова

Сынып: 3 «Б»

Жиналыс барысы:

1.Жиналыстың тақырыбы, мақсаттары мен міндеттерін жариялау

2.Кіріспе бөлім

3.Ми шабуылы

4.Жиналыс тақырыбының мәнін түсіндіру \ талқылауға арналған сұрақтар

5.Практикалық мысал

6.Қорытынды \ қорытынды шығару

7.Рефлексия \ Пікірлер

(Төменде аталған ата-аналар жиналысының кеңейтілген жоспарын қоса беремін)













Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы №70жалпы білім беретін орта мектептің

3 «Б» класс жетекшісі Иманова Гүлім Аманғалиқызының

«Мектеп пен отбасының бірлігі-үлгілі ұрпақтың іргетасы»

тақырыбындағы ата- аналар жиналысының


Есебі


12.09.2019ж күні 3 «Б» класында «Отбасындағы қатынас» тақырыбында ата- аналар жиналысы өтті. Ата- аналар жиналысының мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекшелігі. Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынастың қалыптасуы. Жиналысқа барлығы 25 ата- ананың 23 қатысты. Ұйымдастыру кезеңі бойынша ата – аналарды қарсы алып, «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізумен басталды. Тыныштық сәті ата-аналарға жағымды әсер қалдырды.

«Отбасындағы қатынас» туралы баяндама жайлы жалпы қысқаша айтып өткіздім.
Отбасындағы болып жатқан жағымсыз жағдай баланы психикасына кері әсер етеді. Басқа өмірді аңсайды немес теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз: Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендірдің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.

Одан әрі видеоролик көрсетілді. Көрсетілген видеоролик жөнінде ата- аналар комитетінің төрайымы өзінің ойын былай жеткізді: «Жалпы, қазіргі таңдағы қыз баланы да, ер баланы да тәрбиелеу оңай емес. Әрқайсысымыз баламызбен өзіміздің досымыздай сырласа білсек, олармен кез-келген уақытта сөйлесе білсек балаларымыз өздерінің отбасындағы орнының маңызды екенін ұғынар еді. Қазіргі таңда көп ата- аналар жұмыс бабымен жүріп балаларына көп көңіл бөле алмайды. Соның салдарынан баланың бойында жағымсыз ойлар қалыптасып жатады. Баланың болашағы өзіміздің қолымызда екенін ұмытпайық! »- деді.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуы үшін жағдай жасау керектігі, балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет екендігі жөнінде сөз қозғалды.







Ата-аналар жиналысының жоспары

  1. Тақырыбы: «Отбасындағы қатынас»

  2. Мақсаты:

  • Мектеп пен отбасының бірлігі-үлгілі ұрпақтың іргетасы туралы түсінік қалыптастыру

Міндеттері:

  • ата-аналар мектеп өмірінде үлкен өзгеріс бар екенін сезінді және соны қолдайтындықтарын бідірді;

  • жаңаша оқытудың мақсаты мен міндеттері, ерекшеліктері туралы түсінік алды;

  • жаңаша оқу – балаларын жетістікке жеткізетін қадам екенін ұғынды;

  1. Кіріспе:

Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар! Бүгін біз балаларымыздың тәлім-тәрбиесіне үлес қосу мен одан ары жақсы болуына көмектесу үшін жиналдық. Біз күннен-күнге, балаларымыздың әлемі қатал, мазасыз, төзімсіз болып бара жатқанын көріп отырмыз. Мұндай күйіктен қалай құтылуға болады? Өзімізге қалай зардап шекпеуге болады? Бір-бірімен қарым-қатынастағы,бұл баланстың алтын ортасы қайда?

  1. Ми шабуылы
    Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?

  2. Жиналыс тақырыбының мәнін түсіндіру \ талқылауға арналған сұрақтар

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Г.К.Тастанбекова сөз алды. Баяндама «Отбасындағы қатынас» Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек.  Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. 
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 5 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. 
Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? 

5. Практикалық мысал

  • Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру.

  • Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.

  • Ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру.

  • Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.

Рефлексия
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

 6.Қорытынды \ қорытынды шығару

«Отбасындағы қатынас» атты баяндама тыңдалды.

 Ата-аналар комитеті құрамы сайланды.

Ағымдағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.

Хатшы: Акбутаева.Г

Класс жетекшісі: Г.А.Иманова


Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы

№70жалпы білім беретін орта мектептің

3 «Б» класс ата-анасы Нұрбаева Гүлсім




ПІКІР




«Отбасындағы қатынас» атты ата- аналар жиналысы өте жоғары деңгейде өтті. Мұғалімнің ең бірінші амандасып, ұйымдастырған тренингінен бастап барлығы өте керемет ұйымдастырылған. Өмірдегі қарапайым нәрсенің өзіне біз жұмыс бабымен жүріп көп көңіл бөле алмаймыз. Дей тұрғанымен де баламыздың өмірі, тұлға болып қалыптасуы біздің, яғни ата- аналардың және ұстаздардың қолында екені анық. Бала тәрбиесіне бей жай қарауға болмайтыны барлық ата- ананың жадында. Баламыздың тұлға болып қалыптасуы үшін қолымнан келгенін аянып қалмаймын




Ата- ана: Нұрбаева.Г





















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
997
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі