Материалдар / Ата аналар жиналысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
А Жаңа форматта ата аналармен жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2024
110
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Бақытыңды балаңнан ізде.»
Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру
Әдісі: Жаңа формат «Тәтті шай»

/пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, ситуациялық сұрақтар/
Түрі: пікірталас, әңгіме

Амандасу тренингі: «Балалық шаққа саяхат»

Аналарымыздың балалық шағын еске түсіру мақсатында Мак ойыны түрінде алынды.

1. Балаңыздың жағымды 1 қасиетін айтыңыз

2. Ойыңыздағы 2 арманыңыз

3. Ата-аналарға 3 тілек айтыңыз

4. Балаларымызға 4 өсиет айтсаңыз

5.Балаңызды еркелеткенде айтатын 5 жылы сөз айтыңыз

6. Осы жердегі 6 адаммен амандасыңыз

7.Класс жетекшінің толық аты-жөні.Бекенова Г

Топқа бөлу:тағамдар арқылы


Барысы: Класс жетекшісі:-Құрметті ата - аналар «Бақытыңды балаңнан ізде» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде?
Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек?
Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан ізде» атты ата-аналар жиналысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Мен бүгінгі шарамызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.

Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
-Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.


1.Сізге хат келді тренингі. (Оқушылардың хаттары таратылады)

«Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты.

/ Ата-аналар балаларының жазған хаттарымен бөліседі. Ата-аналардан хатты оқығаннан кейінгі әсерлерімен бөліседі.

2. Сұрақ-жауап. /Стол басында шай ішіп отырып сұрақтарға емін еркін жауап береді./

- Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата - аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.

1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
4. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
5. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай


3.Ата-аналарға жадынама: Осы жерде мен ата - аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр./Ата-аналарға таратылып беріледі/
Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз
1 – қателік: «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2 – қателік: «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»
4 – қателік: Балаларды тым еркелету
5 – қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6 – қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету
7 – қателік: Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау.

- Ата - анаға жадынама (Үлестірмелер таратып беру)
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
- Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады
- Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады
- Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады
- Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді
- Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады
- Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүреді



Класс жетекшісі:-Міне құрметті ата - аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
«Ата - ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата - ана баласының түйсігіне қандай із салса бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.

Келесі кезекті ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасқа арналған ойынға береміз
3.Ойын «Жазалау» деп аталады. /Ортаға 3 ата - ананы шақырамыз/
1. Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты
2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты, оны көршіңіз сізге келіп айтты
3. Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты, оны мұғалімнен естідіңіз
Ата - аналар енді сіздер балаларыңызды жазалауларыңыз керек

Класс жетекшісі: -Бұл жердегі түйін:"Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт" деген орыс мақалы бар. Сіз балаңызға ақылды қалай айтасыз?


4.«Баламды көзінен танимын....» сурет қиындыларынан балаларын табу.


Класс жетекшісі:--Құрметті ата - аналар! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»деп елбасы Н. Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан балаларыңыз елін, Отанын сүйген азамат болып өсіп сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер!


- Ата - аналардың пікірлері тыңдалады.
Бүгінгі шарадан қандай әсер алдыңыз?




5.Рефлексия: «Тілек ағашы»

- «Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп , өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші рол атқаратыны белгілі.


-Осы ағаштың тамыры ата-ана, діңгегі- мұғалім, жапырағы- балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз мықты болады.

Сіздерден осы ағашқа мұғалімге, балаларыңызға тілектеріңізді жазсаңыздар!


- Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны таныр қиядан
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы - жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты.
Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып «Бақытыңды балаңнан ізде» атты ата-аналар жиналысына менің тәтті шайыма келіп,дастархан басында керемет әсерлеріңізбен бөліскендеріңізге көп-көп рахмет аяқтаймыз.
























Picture 7 Picture 5



Ата-аналардың жазғандарынан



Шығаратын қағаздар!!!!

































1. Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты






2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты, оны көршіңіз сізге келіп айтты





3. Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты, оны мұғалімнен естідіңіз









Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?


Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?



Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?



«Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?


















Shape1

«Бақытыңды балаңнан ізде....»

Рисунок 8

«Хат келді» тренингі







Амандасу тренингіндегі сандар





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!