Материалдар / Ата-аналар жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2024
96
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ата - ананың басты қуанышы - бала»

Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

1. Аңыз «Мәңгілік серік»

Өмірден әбден шатасып, шатасып әбден шаршаған адамдар өмірдің шыңырауына жақындайды, амалдары қалмай не істерлерін білмей, бізді кім қорғап қандай ақыл жол тауып берер екен,- деп абыржып, бір парасатты данышпан адамнан ақыл сұрап барады. Ол оларға, таңның ең алғаш шыққан жұдызымен сіздерге мәңгілік серік алдарыңыздан шығады, сол сіздерді қорғап қалады,- дейді. Мәңгілік серікті күтіп алу үшін адамдар түні бойы жолдың үстінде тұрып таңның алғашқы жұлдызының шыққанын күтеді. Таңның атысымен алыстан келе жатқан көлеңкелерді көріп әне келеді, міне келеді деп, бірінің үстінде ақ шапаны жоқ, бірінде таяғы, бірінде ақ сақалы жоқ, ол да емес, дейді. Сөйтіп тұрғанда алғашқы жұлдыз да шықты. Бір жерде тырналар өлендетті,бір жерде баланың жылаған дауысы естілді.Таңғы жұдыз жарқырай түсті. Ол кім? Қашан келеді өзі, -деп күбірлесіп тұра берді. Кенет тағы да алыстан шулаған қаздың дауысы, құлындардың шыңғырған дауысы, жылаған баланың дауысы естілді. Бірақ еш нәрсеге мән бермей адамдар екі көздерін жолдан алмай мәңгілік серікті күтумен болды. Ақыры шыдамдары тауысылып әлгі данышпанға келіп өздерінің реніштерін білдірді.

Сенің айтқан мәңгілік серігің қайда,ешкім де келмеді,-дейді.

Сіздер баланың жылаған дауысын естідіңіздер ме?,- деді данышпан.

Иә, бірақ ол сәбидің дауысы ғой?,- дейді.

Сол сәби сіздердің мәңгілік серіктеріңіз! Сол сіздердің қорғаныштарыңыз,-деп жауап береді.

  • Баланы не себепті мәңгілік серік, қорғаушы деп атады?

  • Қандай қорытынды жасауға болады?

2. Ата-аталарға  арналған «Ситуациялық  жағдаят»  беру.

 1-жағдаят.  Алақай,  мен  бес алдым!

Мұғалім бізге не  айтқанын білесің бе?- деп сынып  оқушысы  өзінің  алғашқы  жетістіктері  жайында қуанышы  қойнына  сыймай  анасына  айтып  жатыр. Бірақ  күндер  өте  береді «Алақай,  бес  алдым»  деген  баланың  қуанышты  сөздері  сирек  естілетін  болды.

Сіздің  ойыңыз  қандай?


2-жағдаят.Қызы  мектептен келіп анасына:

«Сізге  маңызды  бір  нәрсе  айтқым  келеді»  десе  анасы: «Сенсіз де  басым басым  ауырып тұр, мазамды  алма»  депті.

Сіз не  деп жауап  берер  едіңіз?


3-жағдаят.  Сіз  балаңызға  дүкенге  барып  келуін  өтінесіз  ол «ән  тыңдап  отырмын»  деп  барудан  бас  тартты. Не  істер  едіңіз?



3. «Қызықты сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу

1. Балаңыздың туылған күні?
2. Балаңызың бойы, салмағы қанша?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

2 тоқсан қорытындылау,табельға қол қою

4. ЖАМАН БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ? пікірталас

5.Қорытындылау

Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

Кіріспе: Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін  қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?

Аңыз: Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен. 

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі. -Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма? Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті: 

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін.

Аты-жөні:

1. Балаңыздың туылған күні?
2. Балаңыздың қай пәнге қызығушылығы жоғары?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10.Балаңыздың ең жақын досы кім?

11.Балаңыз болашақта қандай маман иесі болғысы келеді?

12.Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?

13.Отбасыңызбен бірге бірігіп жиі жұмыстар атқарасыз ба?



Аты-жөні:

1. Балаңыздың туылған күні?
2. Балаңыздың қай пәнге қызығушылығы жоғары?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

11.Балаңыз болашақта қандай маман иесі болғысы келеді?

12.Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?

13.Отбасыңызбен бірге бірігіп жиі жұмыстар атқарасыз ба?



Аты-жөні:

1. Балаңыздың туылған күні?
2. Балаңыздың қай пәнге қызығушылығы жоғары?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

11.Балаңыз болашақта қандай маман иесі болғысы келеді?

12.Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?

13.Отбасыңызбен бірге бірігіп жиі жұмыстар атқарасыз ба?



Аты-жөні:

1. Туылған күнің?
2. Қай пәнге қызығушылығың жоғары?
3. Аяғыңың өлшемі?
4. Парталасың кім?
5. Сүйікті асың қандай?
6. Қандай түсті жақсы көресің?
7. Бірінші сыныпқа қай жылы бардың?
8. Ата-анаң еркелеткенде қандай сөздер пайдаланады?
9. Ата-анаң ашуланғанда аузына ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Ең жақын досың кім?

11.Болашақта қандай маман иесі болғың келеді?

12.Бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың?

13.Отбасыңызбен бірге бірігіп жиі жұмыстар атқарасыз ба?




Аты-жөні:

1. Туылған күнің?
2. Қай пәнге қызығушылығың жоғары?
3. Аяғыңың өлшемі?
4. Парталасың кім?
5. Сүйікті асың қандай?
6. Қандай түсті жақсы көресің?
7. Бірінші сыныпқа қай жылы бардың?
8. Ата-анаң еркелеткенде қандай сөздер пайдаланады?
9. Ата-анаң ашуланғанда аузына ең алдымен қандай сөз түседі?
10.Ең жақын досың кім?

11.Болашақта қандай маман иесі болғың келеді?

12.Бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың?

13.Отбасыңызбен бірге бірігіп жиі жұмыстар атқарасыз ба?





Аты-жөні:

1. Туылған күнің?
2. Қай пәнге қызығушылығың жоғары?
3. Аяғыңың өлшемі?
4. Парталасың кім?
5. Сүйікті асың қандай?
6. Қандай түсті жақсы көресің?
7. Бірінші сыныпқа қай жылы бардың?
8. Ата-анаң еркелеткенде қандай сөздер пайдаланады?
9. Ата-анаң ашуланғанда аузына ең алдымен қандай сөз түседі?
10.Ең жақын досың кім?

11.Болашақта қандай маман иесі болғың келеді?

12.Бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың?

13.Отбасыңызбен бірге бірігіп жиі жұмыстар атқарасыз ба?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!