Хаттама №1
«Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
6 «А» сыныбының ата-аналар жиналысы
3.09.2025 жыл
Сынып жетекші: Коставлетова
Педагог-психолог:С.Сейтбекова
Күн тәртібінде:
-
Ата-аналармен сәлемдесу
-
«Еркін микрафон» әдісі. «Жасөспірімнің дұрыс тамақтануы» ата-аналарды педагогикалық қолдау
-
«Қайшысыз адам бейнесі» тренингі
-
Өткен оқу жылына талдау жасау
-
Педагог-психологпен бірге тренингке қаатысу мен сауалнамалар толтыру
-
Әр түрлі мәселелер
Сынып жетекші А.Коставлетова ата-аналармен сәлемдесіп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биылғы оқу жылына сәттілік тіледі. Биылғы оқу жылында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының арнайы бағдарламаларының өзіндік ерекшелігімен, құндылығымен таныстырды. Бағдарламаның балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналғандығын тілге тиек етті. Отбасының әлеуетін ашуға арналған идеялар мен құралдар, сондай-ақ балалармен табысты қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы орта құруда ата-аналардың қолдауының маңызды екенін атап өтті.
Екінші мәселе бойынша «Еркін микрафон» әдісі арқылы «Жасөспірімнің дұрыс тамақтануы» тақырыбында өзара ой бөлісті. Қамтылған өзекті сауалдар:
1. Бүкіл отбасы үшін сау және бүтін тағамдарды таңдау.
2. Отбасы мүшелерінің ас-мәзірін дайындауға, тамақ дайындауға және өнімдерді сатып алуға қатысуы.
3. Таңертеңгі ас, түскі ас және кешкі ас өткізбей теңдестірілген тамақ.
4. Ес-түссіз шамадан тыс асыра сілтеу тақырыбы аясында өрбіді.
Иә, қазіргі таңда дені сау баланың ғана білімге құлшынысының болатынын ескерсек, әр баланың салауатты өмір салтына сай ас мәзірінің реттілігі баланың денсаулығына үлкен пайдасын әкеледі.
Үшінші мәселе бойынша «Қайшысыз адам бейнесі» тренингі жүргізілді.Ата-аналарға ақ қағаздар ұсынылып, қайшының көмегінсіз адамның сыртқы сұлбасын жасау ұсынылды. Мұндағы айтпақ ойымыз, әр балаға ақпарат бірдей беріледі.Бірақ әр бала өзінің қабілетіне қарай, өзінің жеке түйсігіне қарай ақпаратты түрліше қабылдайды, яғни бірдей ұсынылған тапсырманы әр бала өзінің деңгейінде түрліше орындайды.Бала өскен сайын оның қабілеті мен сана-сезімі түрлі деңгейде өзгеріп отыруы мүмкін.Сондықтан баланы тәрбиелеуде, білім беруде ата-ана, ұстаз, мектеп болып біріккенде ғана толыққанды дұрыс жолға саларымыз анық
Төртінші мәселе бойынша сынып жетекші А.Коставлетова өткен оқу жылындағы атқарылған іс-шаралардың нәтижесіне, оқушылардың жеткен жетістіктері, білім сапасының көрсеткішіне тоқталып өтті. Оқу жылының қорытынды есебі бойынша үлгерім 100 пайыз, сапа 45 пайыз
Биылғы оқу жылында өткен оқу жылында кеткен олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыла жұмыс атқару керектігін қатаң ескертті.
Бесінші мәселе бойынша мектеп психологі С.Сейтбекова «Сіз қандай ата-анасыз?», «Бала үшін сіз ғажап жансыз» тақырыбында сауалнамалар алып, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетіп, өзара ой бөлісті.
Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім.Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Осы орайда сауалнама нәтижесінде ата-аналарға төмендегідей кеңестер ұсынылды.
1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.
2. Таңертен сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.
3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз.
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.
7. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағатойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудін сәтті кезі.
8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
9. «Егер сен осы сабақты орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен,дәрігермен кеңесіңіз.
13.Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.
14.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жердеқұпиялы әңгімен айтпаңыз.
15.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.
16.Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.
17.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды үйретіңіз.
Сынып жетекші биылғы оқу жылында оқушылармен атқарылатын сыныптан тыс іс-шаралар тізімімен таныстырып өтті.Әр ай сайын пән мұғалімдері түрлі сайыстар мен жарыстар ұйымдастырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін де арттыруға күш салатындығын атап өтті.
Жарыс сөзге шыққан ата-аналар биылғы оқу жылында да ағылшын тілі, орыс тілі, математика сабақтарынан қосымша сабақтардың өтілуіне ұсыныс білдірді.
Жиналыс соңында 2025-2026 оқу жылына қойылатын мәселелер талқыланды
-
Мектеп ережесі
-
Оқулықтарды қаптау, таза ұстау
-
Білім сапасын арттыру
-
Оқушы қауіпсіздігі
Хатшы: Бейсембиева Кундыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ата-аналар жиналысы

шағым қалдыра аласыз