АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
АТА АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП»


Күн тәртібі:

    • Мектеппен ата-аналардың бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары туралы.

    • Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне туралы.

    • Сынып ата-аналары комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.


Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту

Өткізу мерзімі: 08.09.2025ж Ұзақтығы: 45 минут Модератор: Сынып жетекші


МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі): Құрметті ата-аналар!

Жаңа 2025–2026 оқу жылында мектебіміздің тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүргізіледі. Бұл бағдарлама оқушының адамгершілік құндылықтарын нығайтып, саналы әрі жауапты азамат ретінде өсіп-жетілуіне жол ашады.

Бүгінгі отырысымыз ортақ мақсатымыз бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен бірге жасалатын жұмысты ұйымдастыруға арналады. Осы орайда ата- аналардың бірлесе әрекет етуі маңызды.

Сынып ата-аналарын бір арнаға тоғыстыратын бірнеше маңызды себеп бар. Ең әуелі балаларыңыздың бір сыныпта оқуы, күн сайын бір ортада тәрбиеленіп, бірге өсіп келе жатқаны сіздерді де жақындастырады. Алайда, бәрінен де маңыздысы, сіздерді біріктіретін – балаға лайықты тәрбие мен сапалы білім беру ниеті.

Осы ортақ мақсат бізді бір-бірімізге серік, пікірлес, жанашыр болуға жетелейді. Сондықтан, ата-аналар тек жиналысқа қатысып қана қоймай, бір-бірімен тығыз байланыста болып, бала тәрбиесіне қатысты ойларымен бөлісіп, мектеп ұжымының бастамаларына белсене қолдау білдірсе дейміз.

Алғашқы жиынымыздың бастамасын бір-бірімізбен танысудан бастайық.

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі):

Әрбір ата –ана ұлының (қызының) есімінің бас әріпі қай әріптен басталса сол әріптен ұлының (қызының) жақсы қасиеттерін айту. (ата-аналар кезекпен сөз алады)

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі):

Жақсы айттыңыз, сіздің қызыңыздың мақтарлық қасиеті көп, мәселен ол сабағына өте ұқыпты (сыныпта белсенді, ешқашан кешікпейді, кішіпейіл, достарын құрметтейді, ұстаздарының айтқанын әрдайым орындайды т.б.) Келесі?

Әрі қарай барлық ата-анаға өзін және ұлының немесе қызының жақсы қасиеттерін айтады

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі): Баршаңызға рақмет!

Отырысымыздың негізгі күн тәртібіне көшейік.

Алғашқы сөз мектеп әкімшілігінің өкіліне (директор немесе орынбасары) беріледі


МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ ӨКІЛІ (директор немесе орынбасары):

Құрметті ата-аналар!

Ата-аналар комитеті мектеп пен ата-ана арасындағы алтын көпір. Биылдан бастап комитет жұмысы трансформацияланып, ата-аналар тек көмекші емес, мектеп өмірінің белсенді бастамашысына айналады. Бұл баланың жан-жақты дамуына ықпал етіп, мектеп өміріне ата-аналарды шынайы серіктес ретінде тартудың тәсілі.

Комитет мүшелері мектептің тәрбиелік іс-шараларына ат салысып, маңызды мәселелерді бірге талқылайды: балалардың қауіпсіздігі, сынып ішіндегі ахуал, мектеп формасының сақталуы, тамақтану, экскурсиялар мен мерекелік шаралар.

Ата-аналар комиеті жыл бойы сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата-аналар атынан ұсыныстар айтып, бірлесе жұмыс атқарады деп сенеміз.

Баланың үлгерімі мен тәртібі отбасындағы талапқа да байланысты: ата-ана үй тапсырмасын бақылап, мұғаліммен байланыста болып, жазалаудан гөрі бағыт беріп, жетістігін мадақтаса жауапкершілігі мен оқуға қызығушылығы күшейеді.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты күшейту мақсатында осы оқу жылында тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда: (мектепте жоспарланған шаралар айтылуы тиіс, мәселен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты челленджі, Отбасы күніне арналған «Отбасылық дәстүрлер» апталығы, сондай-ақ «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» және «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» тақырыбындағы шеберлік сағаттары ұйымдастырылады). Бұл шаралар отбасының тәрбиелік әлеуетін арттыруға және ата-аналардың бала тәрбиесіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!

Жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жетіп, балаларымыздың жетістіктеріне бірге куә болайық!

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі):

Құрметті ата-аналар!

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге көшейік.

Ата-аналар комитетінің алғашқы отырысында бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты бірқатар маңызды тақырыптарға тоқталуды жөн деп санаймын.

Бірінші, ысырапшылдық пен орынсыз бәсекелестікке қатысты.

Ата-аналардың балаға қымбат телефон, қажетсіз артық ақша беруі, сәнді мейрамханаларда шаралар өткізуі – тәрбиеде жиі кездесетін келеңсіз жағдайлар.

Мектепте ақша жинауға жол берілмейді, ал ата-аналар ысырапшылдыққа жол бермеуі тиіс. Мұндай орынсыз мақтан мен ысырапшылдықтан арылып, ата- аналар комитеті мектептегі ақша жинау, ысырапшылдыққа жол беру сияқты бастамаларды түп-тамырымен жоюға тікелей атсалысуы қажет.

Ата-аналар комитеті чатында тек оқу мен тәрбиеге қатысты мәселелер көтеріліп, ұстаздарға деген құрмет пен позитивті көзқарас сақталуы маңызды. Туындаған жекелеген сұрақтарды ортақ чатта емес, сынып жетекшімен жеке байланыс арқылы шешілуі тиіс.

Екінші, ата-ананың жауапкершілігі жөнінде.

ҚР «Неке және отбасы туралы» кодексіне сәйкес, әр ата- ана баласының денсаулығы, тәрбиесі, қауіпсіздігі мен білім алуына толық жауапты. Бұл міндет орындалмаса, ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кәмелетке толмаған баланың түнде үлкендердің қарауынсыз жүруі айыппұл мен материалдық жауапкершілікке әкеледі. Ата-ана тек асыраушы емес, баласына бағыт беретін, болашағына жауапты тұлға.

Әкелердің ата-аналар комитетінің жұмысына белсене араласуы – баланың оқуындағы жетістігі мен тәрбиесіне тікелей оң әсер етеді. Біз сыныпта да, мектепте де ата-аналар комитетінің қатарында әкелерді көргіміз келеді, өйткені әке тәрбиесі баланың тұлғалық дамуы мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуында ерекше рөл атқарады.

Үшінші, мектеп формасына қойылатын талаптың сақталуы маңызды.

Мектеп формасы тәртіп пен ұқыптылықты айқындайтын, оқушының назарын сабаққа шоғырландыратын, әлеуметтік теңдікті сақтайтын, мәдениетті қалыптастыратын белгі. Ата-ана баланың таза, ұқыпты формада келуін қадағалап, ұлттық нақыштағы киімге қолдау көрсетуі жас ұрпақтың дәстүрге құрметін арттырады.

Төртінші, ата-аналар тарапынан балаларды педагогикалық қолдау.

PIRLS 2021 халықаралық зерттеуінің нәтижесі ата-ананың кітап оқуға деген қызығушылығы баланың оқу үлгеріміне тікелей әсер ететінін дәлелдеп отыр. Кітапты жақсы көретін ата-ананың баласы орта есеппен 524 балл жинаса, оған мән бермейтін ата- аналардың балалары 478 баллмен шектелген. Демек, ата- ананың кітап оқуға ынтасы баланың білімге құштарлығының қайнар көзі.

Бесінші, бала қауіпсіздігі ата-ананың жауапкершілігінен басталады.

Бала тәрбиесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі оның қауіпсіздігі. Бұл ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігі.

Мектеп оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апта сайын сынып сағаттарында «Қауіпсіздік сабағын» өткізеді. Бұл сабақтарда балаларға күнделікті өмірде кездесетін түрлі қауіптердің алдын алу жолдары үйретіледі.

Алайда мұндай түсіндіру жұмыстары тек мектеппен шектелмеуі керек. Ата-ана балаға көшеде жүрудің қарапайым ережелерін үйретіп, өзі де үлгі болуы тиіс. Бұл бала өміріне жауапкершілікпен қараудың қарапайым әрі тиімді тәсілі.

Егер шұғыл жағдай болса – 111 балаларға арналған сенім телефонына хабарласыңыз. Балаға дер кезінде көңіл бөлмеу

мен үнсіз қалу оны түсінбеуге, сізді балаңыздан алыстатуға әкелуі мүмкін.

Алтыншы, буллингтің алдын алу және мұндай жағдайда балаға қолдау көрсету.

Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында балалар арасындағы буллинг әлеуметтік мәселе болып отыр. Ата-аналар баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге, мектепке барудан бас тартуына, тұйықталуына және үрейлі күйге түсуіне ерекше назар аударуы тиіс.

Құрметті ата-аналар, үйде күнделікті балаға уақыт бөліп, қолдау көрсетіп, жылы сөздеріңізді арнап отыру маңызды!

Сіздердің назарыңызды аударғым келеді, балаңызға қай сөздерді жиі айтасыз? (сөз тіркестері экранға шығарылады немесе тақтаға жазылады, ойлануға 1–2 минут беріледіі).

«Мен әрқашан жаныңдамын!»

«Сен жалғыз емессің, біз бірге шешеміз!»

«Сенің не сезінетінің мен үшін маңызды!»

«Мен сенімен мақтанамын!»

«Сенің қолыңнан келеді! Мен саған сенемін!»

«Сенің ойың маған қызық!»

«Сен мен үшін құнды адамсың! Мен сені құрметтеймін!» Осындай жүрекке жылу сыйлайтын сөздерді балаңызға қашан айттыңыз, нәтижесінде оның бойынан қандай өзгеріс байқадыңыз? (деп ата-аналарға өз пікірімен бөлісу ұсынылады):

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі): Қане кім бастайды? (ата-аналар кезекпен сөз алады)

Ата-аналардың пікірі тыңдалады.

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі):

Жақсы айттыңыздар, сіздердің ашық пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды.

Құрметті ата аналар!

Бүгінде балалардың психикалық және физикалық денсаулығына кері әсер ететін құбылыстар жиілеп отыр: созылмалы шаршау, ұйқының бұзылуы, гаджетке және компьютерлік ойындарға (лудомания) тәуелділік, эмоциялық тұрақсыздық. Мұндай мәселелер көбіне ересектердің бақылауының әлсіреуінен, баланың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауынан және эмоциялық күйзелістен туындайды. Алдын алу үшін ата-ана баласының ортасы мен қызығушылықтарын бақылауда ұстап, мектеп, медициналық ұйымдар және қоғаммен бірлесе әрекет етуі қажет. Сондай-ақ, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырып, фаст-фуд пен тәтті сусындардан гөрі пайдалы тағамдарға басымдық беру семіздік пен созылмалы аурулардың алдын алады.

Сынып жетекшісі ретінде баланың күн тәртібін реттейтін бірнеше ұсынымдармен бөлісемін:


  1. Ұйқы режимі. Бастауыш сынып оқушысы түнгі сағат 21:00–21:30, ал орта буын (5–8 сынып) 21:30–22:00 аралығында ұйықтауы тиіс. Ұйқы алдында 1 сағат бұрын теледидар мен телефонды қолдануды тоқтатып, тыныш орта қалыптастыру баланың тез ұйықтауына көмектеседі.

  2. Таңғы және кешкі тәртіп. Бала таңертең сабақ басталуына 1,5–2 сағат қалғанда оянуы керек. Бұл сергек оянуға, асықпай жиналуға және міндетті түрде таңғы ас ішуге мүмкіндік береді. Кешкісін үй тапсырмасын орындап болған соң кітап оқу немесе тыныш ойындар сияқты жайлы істермен күнді аяқтау ұсынылады.

  3. Оқу және демалыс балансы. Мектептен келген соң балаға 1 сағат демалыс беріп, содан кейін үй тапсырмасын орындауға кіріскен жөн. Әр 30–40 минут оқудан кейін 5–10 минут үзіліс жасау баланың зейінін сақтайды. Күніне таза ауада кем дегенде 1–1,5 сағат серуендеу денсаулық пен энергияның кепілі.

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі):

Құрметті ата-аналар!

Осы оқу жылында мектебімізде айтулы даталар мен мерекелерге арналған іс-шаралар өтеді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылатын іс-шараларды назарларыңызға ұсынамыз.

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі):

Құрметті ата-аналар, бүгін сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасын сайлау және комитет мүшелерін таныстыру мәселесіне көшуді ұсынамын.

Төраға лауазымына өз кандидатурасын ұсынғысы келетіндер бар ма? Ұсыныстар тыңдалады.

Дауыс беру жүргізіліп, дауыстар саны есептеледі, нәтижесі тіркеледі. Төраға мен комитет мүшелері сайланған соң, ата- аналарға ресми түрде таныстырылады.

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі):

Келесі сөз кезегін Ата-аналар комитетінің жаңадан сайланған төрағасына беремін.

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі):

Құрметті ата-аналар Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Қосымша сөз сөйлеймін, ұсыныс білдіремен деушілер бар ма? Ата-аналардың қорытынды пікірі тыңдалады.

МОДЕРАТОР (сынып жетекшісі):

Алдағы жұмыстарымызды алдын-ала ақылдасып жоспарлап отыратын боламыз.

Бүгінгі отырысымызға қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға алғыс білдіремін!


































«Қ.Әбдалиев атындағы жалпы білім
беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі







«АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП»


А Т А – А Н А Л А Р Ж И Н А Л Ы С Ы




5 «А» СЫНЫП













СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: КОБЕКБАЕВА Г.Р







2025 - 2026 ОҚУ ЖЫЛЫ









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2025
61
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі