жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ата-аналар жиналысы
К
асимова Маран Тунгышбековна
Математика пәнінің мұғалімі
Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі
Аннотация: Берілген жұмыс орта буындағы кез келген сынып үшін әмбебап болып табылады. Мазмұнының түрлілігі ата-аналарды жалықтырмай, керісінше шығармашылық шабыт береді. Күнделікті күйбің тіршілікпен жүрген ата-аналар бір сәт серпіліп, бала тәрбиесіне қатысты ойларын жинақтап, отбасы құндылықтарын еске түсіреді. Бұл ата-аналар қауымына өзара қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасуға тамаша мүмкіндік береді.
Ата-аналар жиналысының бағдарламасы
Тақырыбы: «Ұстаздың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті»
Мақсаты: Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
Ата – аналарға отбасында орын алған қиындықтарды тиімді жеңуге көмектесу.
-
Ата – анаға отбасы жағдайын бала көзімен көрсету.
-
«Мектеп – бала – ата-ана» үштік одақты нығайту.
Қажетті құрал-жабдықтар: презентация, бейне-ролик, шырақтар, түрлі-түсті фломастерлер мен қарындаштар, ақ қағаздар, 6 түрлі – түсті шляпа.
Өткізу жоспары:
-
Сәлемдесу «Жүректен-жүрекке – жалынды сәлем!»
-
Бейне-ролик тамашалау «Бала мен ата-ана арасындағы идеалды қарым-қатынастың интерактивті картасы»
-
Топпен жұмыс. Педагогикалық жағдаяттарды шешу.
-
«Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?» бала тәрбиесіндегі шетелдік тәжірибеге саяхат.
-
«Музыкалық сәлемдеме»
-
Рефлексия: «Алты шляпа» әдістемесі
Барысы:
Қайырлы күн құрметті ата-аналар! «Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген екен Абай атамыз. Сіз бен біздің ортақ мақсатымыз – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда ортақ ісіміз жемісті болсын деген тілекпен бүгінгі ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер деймін.
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен ұқсамаймыз. Бізде әртүрлі мінез-құлық, өмірге деген көзқарасымыз әртүрлі, бірақ сіздер мен біздерді біріктіретін біздің балаларымыз. Балаларымыз да бір-біріне ұқсамайды. Ендеше өз балаларымызды экраннан тамашалайық (балалар сабақта, ертеңгілікте, слайдтары көрсетіледі).
-
Сәлемдесу «Жүректен-жүрекке – жалынды сәлем!»
Қатысушылар ортаға шеңбер құрып отырады.
Жүргізуші: «Құрметті қатысушылар. Әлемде сәлемдесудің көптеген түрі бар екендігін білесіздер. Сәлемдесу қарапайым бас изеуден бастап, хал-жағдайды сұрасуға дейін күрделенуі мүмкін. Бүгін мен сіздерді сәлемдесудің мына бір жаңа түрімен таныстырғым келіп отыр. Олай болса, біздің сәлемдесу шеңберіне қош келдіңіздер! Қазір әр қайсыларыңыз қолдарыңызды созып, ортада тұрған ыдыстан кішкентай шырақ шамдарды және ұсынылып тұрған қағаздардың біреуін таңдап алыңыздар». Қатысушылар ортада тұрған шырақ шамдарды және ұсынылып тұрғанның ішінен бір-бір қағаздан алады.
«Қағаздарыңызды ашыңыздар. Байқасаңыздар, қағаздарда сөздер жазылған. Ендеше қазір барлығымыз, кезектесе отырып, ортадағы шырақ шамнан от алып, қағаздағы сөдерді мұқият және нық оқимыз. Қандай интонациямен оқимыз десеңіздер өз еріктеріңізде».
Қағаздарда жазылатын сөздер үлгісі:
«Мен сүйкімді . . . (көп нүктенің орнына өз есіміңізді қосыңыз). Барлықтарыңызға . . . (көп нүктенің орнына өз есіміңізді қосыңыз) ЖАЛЫНДЫ СӘЛЕМ!!!».
Сәлемдесу рәсімі аяқталғаннан кейін, қатысушылар өз орындарына отырып, теориялық бөлімді тыңдауға ыңғайланады.
-
Бейне-ролик «Бала мен ата-ана арасындағы идеалды қарым-қатынастың интерактивті картасы»
Берілген бейне – роликті тамашалау барысында әр ата-ана белгілі бір сезімге түсті. Өзіндік бір ой қорытынды жасады. Әр кім өз отбасындағы тәрбиелеу әдісін ойша саралап өтті. Осы орайда әр ата – атаның ойы, пікірі тыңдалды. Ата-аналар бейне – роликті тамашалау барысында түйіндеген ойларымен бөлісті.
-
Топпен жұмыс. Педагогикалық жағдаяттарды шешу.
І топ:
-
Егер бала тындамаған жағдайда не істеуге болады?
-
Неліктен балалар өтірік айтады, өз әрекеттерін ата-аналарынан неге жасырады?
-
Балалар көмек көрсеткенді, кеңес бергенді қажет етеді. Сіз қаншалықты көмек көрсетесіз? Көмектің қандай түрлерін көрсетесіз?
ІІ топ:
-
Ата – аналары баласы үшін ғана емес, сонымен қоса қоғам алдында да жауап беретінін бала не үшін білуі керек?
-
Қандай жағдайларда балаға кей кездері қатал түрде талап қоюға болады?
-
Отбасында бедел не үшін қажет?
-
Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?

Әр елдің балалары бір-біріне ұқсамайды. Оларға берілетін тәрбие әрқилы болса да, бала атаулыға бірдей нәрселер қажет. Олар: туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. Сонымен, әлем балаларының елдеріне саяхат жасап көрелік.
Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс, деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.
Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналары арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді.
Үндістан балалары. Үндістер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ержеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.
Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақты түсіндірсе, онда ертенінде балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.
Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір есігін ашқаны ауғандықтар үшін - үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде «ат байлар» ұлдың құрметіне барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады.
Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді», деп түсіндіреді. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін, дегені.
Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Көбінесе, сәби өмірге келген соң, ол ата – анасымен ауылда болады. Балақай екі-үш жасқа дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып өседі.
Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала, деп бөле-жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті, бес жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал, бес жастан кейін ғана олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік жасайды.
Румын балалары. «Үлкендерге құрмет көрсету керек», «ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек», сонымен бірге «әрқашан әділ болу» керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады.
Лаос балалары. Лаостықтар балаларын өздері тікелей тәрбиелегеннен гөрі бауырлары, туыстары, басқа да жақындарының ықпалы арқылы әсер етіп, өсіргенді дұрыс көреді. Балалары ержетіп үйленер жасқа жеткенде де осы әдісті қолданады. Яғни, ата-анасы туыстары арқылы сөзін жеткізіп, балаларына үйленуге рұқсат береді.
АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейлге, тіпті түнгі клубқа барамын, десе де, ата-аналар ертіп апарады.
Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл - әскери шен. Яғни, ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін, өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.
-
«Музыкалық сәлемдеме»
Әр бір топқа таңдау бойынша отбасы туралы өлең жолдары ұсынылады. Содан кейін оларға сол өлең жолдарын айтатын әуен тыңдатылады. Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Дайындық аяқталғаннан кейін қатысушылар шығып, өздері таңдаған әуенге салып, өлең жолдарын оқиды.
-
Ыстық – ау кім – кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқтығымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына,
Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз
Біз бүгін әкелердің арқасында ( «Жан әке» М.Садуақасаова)
-
Ана деген асыл сөз,
Үш әріптен құралған,
Ана деген ғаламат.
Қасиетті ұғымсың.
Жер бетінде анаға,
Табынады адамзат.
Дүниеде жалғыз жан,
Анашым бір өзіңсің.
Әрбір ана сүйеді,
Өз баласын үнемі
Одан асқан жан жоқ деп,
Жер бетінде біледі. («Асыл ана» С.Майғазиев)
3) Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам. (өз мелодиясымен)
-
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
«А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты,
«Б» деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі. («Армандастар»)
-
Рефлексия: «Алты шляпа» әдістемесі.
«Алты шляпа» әдісі таныстырылып өтіледі. Әр бір ата – ана шығып, қалаған түсті шляпасын алып өз ойын білдіреді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген