Материалдар / Ата-аналар жиналысы 1 сынып

Ата-аналар жиналысы 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысының жаңа форматы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2024
510
3 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жақсы бала, ата-ана қуанышы (жиналыс) 

Жиналыстың мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру. 
Жиналыстың міндеті: Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу; ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Ата-аналар сыныпқа кірген уақытта мұғаліммен амандасу жасайды. Мысалы: құшақтап амандасу, қол амандасу, қол түйістіріп амандасу, сәлемдесумен амандасу түрлері.
Жүру барысы:  Қош келдіңіздер, құрметті ата – аналар! Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен жиналысымызды бастаймыз. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, отбасында ер жетіп, тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. 

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектебімізге келе беріңіздер демекпін! Сыныпқа кірген ата-аналарға шағын сергіту сәтін ұйымдастырылды.

1.«Баламды көзінен танимын»

Мақсаты: Ата- аналарды Тақтада балалардың көздері ілініп тұрады. Ата-аналар келіп тақтадан өз балаларын көздерінен танып, тауып алу керек.

Барысы: Әр ата-ана тақтада тұрған балаларының көздерінің суретін алады.
Жүргізуші: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл - Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана нәзік те, қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата - атаның парызы.
Тренингімізді бастамас бұрын ата - аналар
бір-бірлеріңізді таныстыру мақсатында тұлға ойынымызды ойнауды ұсынамын.
2.«Тұлға»
Мақсаты: Ата – аналар өздерін таныстыру.
Барысы: Ата-аналар өздерін таныстыру мақсатында өз сұлбасын қағаз бетінен қайшысыз қию арқылы жасайды. Жүрек тұстарына балаларының есімдерін жазады, оң қолдарына, сол қолдарына, басында, аяқтарына қазір не тұрғандары туралы жазады.Ортаға шығып таныстырады.

Ал  енді  А.С.Макаренко: « Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен ,оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде» , -деген ғой. Сіздердің отбастарыңызда да осындай дәстүр қалыптасқан шығар. Қазір шағын ойын өткізу арқылы балаларыңзды қаншалықты жақсы танитындарыңызды, олармен қаншалықты жақын қарым-қатынаста екендеріңізді тексеріп көреміз.

3.«Додекаэдр» әдісі

Мақсаты: Додекаэдр әдісі жиналыста психологиялық дайындық жүргізуде қолдануға болатын таптырмас әдіс. Жиналыста ата-аналар балаларын қаншалықты жақсы танитындықтарын тексеруге арналған әдіс.

Барысы: Шар түрінде жасалған сұрақтары бар ойын түрі. Ата-аналар балаларын қаншалықты жақсы танитындары туралы сұрақтарға жауап беру арқылы өткізіледі. Яғни, мұғалім ата-аналарға додекэдр шарын лақтырады қағып алған ата-ана шарда түскен сұраққа жауап беретін болады.

Қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Барлық ата-аналарды орындарыңызға отыруларыңызды сұраймын. Шағын ойыннанкейін бір мезет тыныштық сәтіне келіп, көздерімізді жұмып, баяу музыкамен көз алдарымызға керемет көріністі елестетсек.

4. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы» 

Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды. 

Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсіріп, ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазуды ұсынамын. 

Енді біздің шағын тренинг-жиналысымызды қорытындылай келе сіздерге ең алдымен балаларыңзды өз қолдарымен жасаған шағын сыйлықтарын ұсынғым келеді. (Балалар ата-аналарына открытка әзірлеген болатын соны таратып беремін.)
Қорытынды:

Бала нені білсе жастан,ұядан,

Өле өлгенше соны таныр қиядан – дегендей отбасындағы тәрбие балаға  өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың  саналы  тәрбие , білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.Себепсіз сабақты босатпауларын қадағалауларыңызды сұраймыз. Және барш жиналысқа келіп, белсенді қатысқан ата-аналарға өз атымнан шағын сыйлықтарды ұсынамын алғыс ретінде.


















КММ «Раисовка орта мектебі»

















ЖАҚСЫ БАЛА АТА-АНА ҚУАНЫШЫ

(ТӘТТІ ШАЙ)













Сынып жетекші: Кошегалина Т.Б.










2023-2024 жж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ