Материалдар / Ата-аналар жиналысы "Алғашқы ұстаз ата-ана"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата-аналар жиналысы "Алғашқы ұстаз ата-ана"

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сыныпта алғашқы ата-аналар жиналысын ұйымдастырушы жас маманға, ұстаздарға көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2020
2769
22 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

--------------------------------------------------------------Ата- аналар жиналысы

Тақырыбы: «Алғашқы ұстаз ата-ана »

Мақсаты:

           Ата-аналармен танысу;

 Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Бір ұжым ретінде, отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру;  Алғашқы ұйымдастыру жұмыстарыстарымен таныстыру. Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы, жол және өмір қауіпсізді туралы түсініктер беру, ережелермен таныстырып, қол қойдыру

Түрі:  топтастыру

Көрнекілігі: жіп, А4 форматтағы қағаздар, презентация, үнтаспа, күн, бұлт, күн сәулелері, стикерлер, күнделік. Kz-ке кіру ата-анаға, балаға логин, парольдері.

Күтілетін нәтиже: Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынас және мектеп, мұғалім, ата-ана арасындағы байланыс нығая түседі.

Жоспар

1.  Тренинг: шаттық шеңбері «Өрмекші торы» тренингі

2.  Кіріспе сөз: «Алғашқы ұстаз ата-ана»

3.  Ата аналармен ойын өткізіледі. «Алақан» әдісі

4. Ата-аналар комитетін сайлау.

5.  Алғашқы ұйымдастыру жұмыстарыстарымен таныстыру. Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы, жол және өмір қауіпсізді туралы түсініктер беріледі, ережелермен таныстырып, ата-аналарға өауіпсіздік ережелерінем қол қойдыру.

Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар! Бүгінгі жиналыста сіздерді амандықта, саулықта көргеніме қуаныштымын.

Музыка қосылады. Бүгінгі отырысымыз көңілді, әсерлі өту үшін орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық «Көңілді күн» сергіту сәті арқылы билету.

Тренинг «Өрмекші торы»: Ата-аналар ортаға шақырамын. Дөңгеленіп тұрғызып, осы сыныпқа қош келдіңіз айтып, бір-бірімізбен танысу мақсатында жіптің келесі шетін өзіңіз қалаған, жақсы танитын анаға немесе әкеге ұсыну арқылы жақсы тілек, қаншалықты танисыз, ол кісі туралы не білесіз қысқа ғана айтып ұсынасыз.

Мұғалім: - Міне, арамызда үлкен өрмекші торы қалыптасты. Біз осыдан 4 сыныптың аяғына дейін бірге қол ұстаса тығыз жұмыстанамыз. Арамызда түсіністік, бірлік, адалдық, сыйластық қарым-қатынас орнайды деп сенемін. Сыныптағы барлық проблема, жақсылықтарды бірге шешеміз. Арамыз ажырамасын, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірлікте жұмыстануға шақырамын.

2. «Алақан» әдісі.

Ата-аналарды бір-бірімен жақынырақ таныстыру, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында өткізілді.

А4 ақ бет үйлестірілді. Ата-аналар ақ қағазға қолдарын бастырып сызып, аты-жөндерін жазады. Мұғалім басталды деп белгі бергенде алдарындағы ақ қағазды бір-біріне береді. «Стоп кадр» деп айтқанша ата-аналар алақанға сол адамның бойындағы жақсы қасиеттерін теріп жазады да, келесі адамға бере береді. Алақан барлық ата-ананың алдынан өткенін байқаған мұғалім «Стоп кадр» деп белгі береді. Әр ата-ана өзінің салған алақанын алып, ортаға шығады. Бір-біріне көрінетіндей жағдайда қағазды кеуде тұстарына ұстап тұрады. Бұл жазылған сіз туралы пікірлер сіздің бойыңызда бар ма, ойлармен келісесіз бе? Бойыңызда осы жақсы қасиеттер балаларыңызға дарысын. Көңіл-күйлеріңіз әрқашан дәл қазіргідей көтеріңкі болсын!

3. Құрметті ата-аналар, мінекей, балаларыңыз екі аптаның үстінде мектеп өміріне араласып, білім алуда. Осы аралықта сіздерді мазасыздандырған іс-әрекеттер немесе толғандырған мәселелер, мектепке, сынып жетекшісіне, мектеп психологына ұсыныс, тілектеріңіз болса алдарыңыздағы стикерлерге жазба ретінде түсіріп, тақтадағы «Әсерлі бұлт»-қа апарып орналастырыңыз.

Ал, мұғалімнің балаларыңызбен қарым-қатынасы, үйретуі, жалпы жұмысы, балаларыңыздың мектепке қарым-қатынасы, көңіл-күйлері көңіліңізден шықса, алдарыңыздағы күн сәулелерін тақтадағы «Көңілді күн»-ді одан әрі айналасына шуағын шашып әдемілене түсуіне жағдай жасап, күн шапақтарын айналасына дұрыс жапсырып орналастырайық.

Мектептегі бала өмірінен, пәндерді оқыту барысындағы кездескен қиындықтар мен жетістіктер, керекті көрнекіліктер туралы ой бөлісу.

Сыныптың жылдық жоспарларымен таныстыру.

Сыныптың ата-аналар комитетін құру.

5. Алғашқы ұйымдастыру жұмыстарыстарымен таныстыру. Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы, жол және өмір қауіпсізді туралы түсініктер беріледі, ережелермен таныстырып, ата-аналарға қауіпсіздік ережелеріне қол қойдыру.

Сыныпта өтетін тәрбиелік шаралар түгелдей ата-аналардың қатысуымен өтетіндігін айту.

Күнделік. кz туралы айту, таныстыру. Логин, парольдарын беру, жұмыс істеу барысын түсіндіру.

Тренинг: «Мен жасай аламын»

Үйлестірілген ақ қағаздың екінші бетіне қойылған бес сұраққа жауап жазады.

Кері байланыс

Сынып жетекшісіне тілек, ұсынбаларын айтады.

Қорытынды:

-Құрметті ата-аналар, бүгінгі күнде дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды да негізгі мәселе екені анық. Қандай жағдай болса да ұрпағын жауын мен жер өтінен, жаман әсерден қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызымен бірге ұлттық дәстүр қайнарынан қандырып өсіру әке мен шешенің ұлы борышы. Бүгінгі жиынымызға белсене қатысып,

ой бөлісіп, пікір алысқандарыңызға көп рақмет.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!