жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-аналар жиналысы: "Бала бәрімізге де ортақ"
Тақырыбы: Бала бәрімізге де ортақ
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана мен мектеп ынтымақтастығының маңыздылығы зор екенін ұғындыру, қарым –қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Бала тәрбиесінің жауапкершілігі барлығына ортақ және де балаларымен қоса олардың достарының тәрбиесіне ықпал ете алатындығын көрсету.
Күтілетін нәтиже: Баланың дамуында және жеке тұлға болып қалыптасуында мектеп пен ата-ана арасында ынтымақтастық орнайды. Бала тәрбиесіне оң ықпалын тигізеді.
Әдіс-тәсілдері: пікір алмасу, ситуациялық тапсырмалар, сұрақ жауап.
Ресурстар: интербелсенді тақта, стикерлер, үлестірмелі қағаздар.
Барысы:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің «Бала бәрімізге де ортақ» атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі –баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі,оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына
күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл
–ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол
шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты
тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата
–ана.
1.«Жылы ұя» жаттығуы.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
2.Топқа бөлу.
Ата-аналар сол тұрған күйінде түрлі тәттілер таңдайды. Тәттілер бойынша «Мейірім», «Күн шуақ», «Сиқыршы» топтарын құрап , үстелдерге жайғасып отырады.
3. Психологиялық ахуал.
-Алдарыңыздағы парақшаға сол парақшаның көлеміндей жүректін суретін салыңыздар. Жүректің сол жағына балаңызға ашуланған кезде айтатын сөздеріңізді, ал оң жағына қуантқан кезде айтатын сөздеріңізді жазыңыздар.
Барлығы болғасын «Шегенің іздері» атты видеоликке назар аударады.
-Бұл видеоролик туралы ойларыңыз қандай? Қандай әсер алдыңыздар? (ата-ана жауабы тыңдалады)
-Осы ашулы кезде айтылатын жағым сөздерден арылып, тек мейірімге толы жылы сөздеріміз қалсын деген мақсатта жүректің сол жағын жыртып алып тастаймыз. Енді осы жылы сөздерімізбен жиналысымызды әрі қарай жалғастырамыз.
4.Ситуациялық сұрақтар.
Үш топқа тақырып беріледі. Ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
«Мейірім» тобына: «Егер адамды танып білгің келсе, онда оның досын таны»,- дейді. Сіз балаңыздың досын тану үшін не істер едіңіз? Неліктен?
«Күн шуақ» тобына: Балаңыздың
досының теріс әрекетін байқасаңыз сіз не істейсіз? Балаларыңыздың
достығының жалғасуына жол бересіз ба? Не себепті?
«Сиқыршы» тобына: Бала үшін мұғалім мен ата - ана арасында қандай
байланыс болуы керек? Егер бала үнемі үйге мұғалімін жамандап
келсе, ылғи жалып жасаса, сіз не істейсіз? Не
себепті?
5. Балаларымның сәби кезі.
Ата-аналардың қолына өз баласының емес баласының досының сәби кезіндегі суреті беріледі. Ата-ана сол баланы танып ким екенін және қалай танығанын айту керек. Ата-ана қай баланы атайды, сол баланың ата-анасының жауабының дұрыстығы сұралады?
6. «Менің балам» атты
сауалнама:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Балаңыздың ең үлкен арманы?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5. Балаңыз кеше қандай баға алды?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз
түседі?
10.Балаңыздың ең жақын досы кім?
Ата-аналар сауалнамаларды толтырып, алдын-ала балалардан алған
сауалнамамен жауабын салыстырады.
-Бұл сауалнама мақсаты ата-аналарды балаларымен жиі сұхбаттасып, сырласуға шақыру. Балаларыңызбен бірге жиі армандаңыздар. Оларға әркез шабыт беріп, қанаттандыруды ұмытпаңыздар. Себебі бұл бала үшін де, ата-ана үшін де өте маңызды.
Сабақ соңы.
«Ашығын айтсам ».
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.
Сабақтың жүргізілген күні
Менің
есімім_______________________________________________________
Менің тренинг барысында
түйгенім____________________________________
Маған
ұнағаны_____________________________________________________
Маған
ұнамағаны___________________________________________________
Мұғалімге
ұсыныс__________________________________________________
Тренингті
қорытындылау____________________________________________
Қолы____________
Қорытынды.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.Гүлденіп ой-өлкесі, - деп Абай атамыз
ата-ананың
қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, баламыздың досына өз баламыздай қарасақ, тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Құрметті_________________________________
Cіздерді 20.09.2018ж. сағат 16:00-де №7 мектеп-лицейінде өтетін «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық Ата-Ана: өз балаңа үлгі бол» Республикалық ата-аналар конференциясына шақырамыз.
Мектеп әкімшілігі
Құрметті_________________________________
Cіздерді 20.09.2018ж. сағат 16:00-де №7 мектеп-лицейінде өтетін «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық Ата-Ана: өз балаңа үлгі бол» Республикалық ата-аналар конференциясына шақырамыз.
Мектеп әкімшілігі
Құрметті_________________________________
Cіздерді 20.09.2018ж. сағат 16:00-де №7 мектеп-лицейінде өтетін «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық Ата-Ана: өз балаңа үлгі бол» Республикалық ата-аналар конференциясына шақырамыз.
Мектеп әкімшілігі
Құрметті_________________________________
Cіздерді 20.09.2018ж. сағат 16:00-де №7 мектеп-лицейінде өтетін «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық Ата-Ана: өз балаңа үлгі бол» Республикалық ата-аналар конференциясына шақырамыз.
Мектеп әкімшілігі
Құрметті_________________________________
Cіздерді 20.09.2018ж. сағат 16:00-де №7 мектеп-лицейінде өтетін «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық Ата-Ана: өз балаңа үлгі бол» Республикалық ата-аналар конференциясына шақырамыз.
Мектеп әкімшілігі
Құрметті_________________________________
Cіздерді 20.09.2018ж. сағат 16:00-де №7 мектеп-лицейінде өтетін «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық Ата-Ана: өз балаңа үлгі бол» Республикалық ата-аналар конференциясына шақырамыз.
Мектеп әкімшілігі
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген