400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналар жиналысы. Балам қалай оқып жүр? 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата –аналар бағалау түрлерімен (формативтік, суммативтік, критериалды ) танысады, критериалды бағалауды қолданудың тиімділігін біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Ата –аналар жиналысы.

Тақырыбы: «Балам қалай бағаланып жүр?»

Мақсаты:

Ата –аналар бағалау түрлерімен (формативтік, суммативтік, критериалды ) танысады, критериалды бағалауды қолданудың тиімділігін біледі.

Күтілетін нәтиже:

Ата – аналар бағалаудың түрлерімен танысады, мұғалімдер пайдаланатын бағалау түрлері туралы біледі.

Ата –аналар балаларының жаңаша бағалану түрлерін таниды.

Негізгі ұғым:

- қуаныш сезімін ояту.Балаларының теріс әрекетке түрткі болатын жаман әдеттен арылту жолдарын қарастыру.

- ата-аналарға балаларына ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту,

- Балаларын бағыттау, бағалаудағы әдістер туралы түсініктерін қалыптастыру.


Топқа бөлу (тамыр, діңгек, жапырақ)

Топ ережелерімен таныстыру (слайд)


Жұмысқа кірісер алдында мен сіздерді мынадай ережелер мен таныстырып кетсем:

  1. Әр ата- ананың сөйлеуге құқы бар,

  2. Барлығымыз ортақ жұмыс істегендіктен, біздерде көрермендер жоқ.

  3. Балаларымыз бір сыныпта оқыған соң барлығымыз доспыз, тәрбиелі де мідениетті адамдармыз. Өзіміздің де өзгенің де құпияларын сақтай аламыз.




Ата-аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе — ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз? тамыры ма әлде діңі ме әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлініп отырады. Ал енді тамырды таңдаған ата-аналар бір бөлек, жапырақты таңдаған ата-аналар бір бөлек, дінді таңдаған ата-аналар бір бөлек әр үстелге жайғасып отырыңыздар. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар? Сіздер не үшін жапырақты таңдадыңыздар? Сіздер не үшін діңді таңдадыңыздар? Соны тобыңызбен келісе отырып, бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғаңыздар (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады). Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.

І-топ: Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

ІІ-топ: Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. ІІІ-топ: Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Енді ата-аналар мына құрастырғышты пайдалана отырып, «тамыр тобы» — тамырды, «діңгек тобы» — діңгекті, «жапырақ тобы» — жапырақты құрастырып суретін саламыз.саламыз.


Миға шабуыл. (2-3 минут)


Ойланып сұрақтарға жауап беріңіздер:

-Бағалау дегеніміз не?

-Бағалау не үшін қажет?

-Ал, білім не үшін керек?

Ал енді келесі сәтте өздеріңіздің балалық шақтарыңызды бір сәт еске алып көріңіздер. Ең алғашқы алған бағаларыңызды еске түсіріп көріңіздерші.

  • Сол кезде қандай сезімде болдыңыздар?

  • Ойлаңыздаршы, ондай сезім неден туындады.

  • Ата- аналарыңыз төмен баға алғанда қалай қабылдады?

  • Сіздердің кездеріңізде мұғалімдер қандай сөздер айтып, қалай ынталандыра білді? Осындай сөздерді естігенде

  • қалай сезіндіңіздер?

Мысалы мынадай мәселеге тоқталайық. Егер анасы баласына: «Сен өте әдемі сурет салдың.» немесе «сен төсекті дұрыс жинамадың»- дегенде ол баласының әрекетіне не берді деп ойлайсыз? Әрине ол бағалады.


Ата –аналар өз бетерімен жиналыстың тақарыбын анықтайды.

Жиналыстың тақырыбы «Бағалау»


Сергіту сәті

Әр топқа тапсырма: Алдарыңызда жатқан ресурстарды пайдаланып үйдің суретін салыңыздар.

Өз суреттеріңізді бағалаңыздар.

Ендігі кезеңде суреттеріңізді бір бірлеріңізбен ауысыңыздар.


-Бағалаңыздар.

Топтар қойған бағаларды қорғайды.

-Неге осындай баға қойылды?

-Баға қойғанда неге көңіл бөлінді?

-Келесі сәтте тақтаға назар аударыңыздар.

Критериалдық парақты пайдаланып тағы бір рет баллдарды қоюларыңызды сұраймын.


Тақтада слайд

Дескриптор арқылы баллдарды бағаға аударығыздар.

Критериалдық парағы бойынша баға қойған оңай ма?

Сіздер суреттеріңізді бағаладыңыздар.Қандай бағалау түрлерін қолдандыңыздар?

Бұл бағалаулардың айырмашылығы бар ма?

Қай бағалауды таңдаушедіңіздер?


Постер жасау

Құрметті ата –аналар, бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы бағалау, осы бағалаудың бір неше түрлерімен танысып жатырсыздар . Осы түсінген ойларыңызды жинақтай отырап постер жасауларыңызды сұраймыз.




Әр топ постерларын қорғайды


10.Рефлексия.

Мектеп – кеме,білім –теңіз. Осы білім теңізіндегі кемеде әр қайсылыларыңыздың балаларыңыз бар екен. Әр ата-ана өз баласының біліміне алаңдаулы.Қай ата –ана болса да өз баласының болашақта білімді азамат болуын қалайды. Сондықтан, бәріміздің тілегіміз білімді тұлға қалыптастыру.Көптің тілегі - көл демекші, өзіміздің жүрегімізде,көңілімізде жүрген тілектерімізді балаларымызға жолдасақ. Жүрек- ол сезім, алақан – ол жылулық, күн – ол жарық сәуле.Олай болса алдарыңызда жатқан күннің,жүректің, бейнелеріне балаларыңызға тілектеріңізді жазып, білдірулеріңізді сұраймыз, «Күн шуағы» өздерінің тілектерін жазады.


«Бала» модельін құру.

Плакатқа «Бала» моделін жасау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
2128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі